Артерия, вена, капилляр. Лимфа



Дата17.09.2023
өлшемі26,12 Kb.
#108310

Дәріс сабағы: №14
Тақырыбы: Артерия, вена, капилляр. Лимфа.
Жалпы қан айналу жүйесінің тамырларына үлкен және кіші қан айналу шеңберлерінің артериялары мен веналары жатады.
Кіші қан айналу шеңберінің артериялары мен веналары.
Кіші қан айналу шеңберінің тамырларына өкпе артериясы, оның оң және сол тарамдары және екі жұп өкпе веналары жатады.
Өкпе артериясы адам тамырларының ішіндегі ең ірісі. Ол жүректіңң оң қарыншасынан басталып, 5-6см жоғары көтеріліп, ІVкөкірек омыртқасының тұсында оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Әрқайсысы өз өкпесіне енгеннен кейін қылтамырларға тарамдалады. Өкпе артерияларымен келген вена қанының құрамындағы көмірқышқыл газы қылтамыр қабырғалары арқылы өкпе көпіршіктеріне беріліп, ал өкпе көпіршіктерінен кері қанға оттегі өтіп, артерия қанына айналады. Осы артерия қаны өкпе веналарына жалғасады. Олар өкпе қаңқасы арқылы әр өкпеден екі-екіден шығып, жүректің сол жүрекшесінен келіп құяды.
Үлкен қан айналу шеңберінің артериялары.
Қолқа (аорта) – үлкен қан айналу шеңберінің ішіндегі ең ірі артерия тамыры болып саналады. Қолқа тамырын жатқан жағдайына қарай өрлеу, доға, төмендеу бөліктеріне бөледі. Қолқаның өрлеу бөлігі сол қарыншадан басталып, сәл көтеріліп, жоға бұрылысына дейін барады. Қолқа доғасы деп солға қарай бұрылған дөңес келген жерін айтады. Оның ұзындығы 5-6см. Ол жүрек қапшығының ішінде жатады. Қолқа доғасына солға бұрылып, бронхты орай иілтеді де, қолқаның төмендеу бөлігіне жалғасады. Қолқа доғасынан тарамдалған артериялар негізінде бас, мойын және екі қол ағзаларын қоректендіреді. Қолқаның төмендеу бөлігі, көкірек қолқасы көкірек қуысында орналасса, құрсақ қолқасы мен құрсақ қолқасынан тұрады. Көкірек қолқасы көкірек қуысында орналасса, құрсақ қолқасы көкеттен төмен құрсақ қуысында орналасқан. Құрсақ қолқасы беломыртқаның алдыңғы бетімен ішек шажырқайының артынан өтеді. Одан таралған артериялар құрсақ қуысындағы ағзалар мен оның қабырғасын қоректендіреді. Ал оның төмен қарай түскен артериялар жалғасы жамбас астауындағы ағзаларды және аяқты қоректендіреді.
Енді осы қолқаның өрлеу бөлігінен, доғасынан және төмендеу бөлігінен таралатын артериялар тармақтарына тереңірек тоқталамыз.
1.Қолқаның өрлеу бөлігінің тарамдалуы. Қолқаның өрлеу бөлігінің басталар жерінен жүректің оң және сол артериялары шығады. Оларды жүректің тәждік артериялары деп атайды.
Жүректің оң артериясы қолқаның айшық қақпақшалары тұсының оң жағынан шығып, жүректің көлденең сайымен жүріп отырып, оның артқы жағымен көкетті бетіне жетеді. Қарыншааралық артқы тарамдарға бөлінеді. Одан жүрек ұшына қарай жүрекше және қарынша ет талшықтарына еніп, тарамдалады.
Жүректің сол артериясы қолқаны сол жақ айшық қақпақшаларының тұсынан басталып, жүректің сол жағына тарамдалады. Қорыта айтқанда, жүректің оң артериясы оң жағын, сол артериясы сол жағын қанмен қамтамасыз етеді.
2. Қолқа доғасының тарамдалуы. Доғаның дөңес келген жерінен үш үлкен артерия шығады: иық-бас бағаны, сол жақ күретамыр артериясы және сол жақ бұғанаасты артериясы. Бұл тамырлар мойынды, тұлғаның жоғарғы бөлігін және екі қолды қоректендіреді.
Иық-бас бағаны (trucus brachiocephalicus) немесе атсыз артерия қолқасы доғасының бірінші бұтағы, ұзындығы 2,5см, ол сәл жоғары көтеріліп, жалпы оң ұйқы артериясы мен оң бұғана артериясына бөлінеді.
Жалпы ұйқы артериялары (a. Carotiscommunis) оң және сол жалпы артерияларынан тұрады. Оң артериясы, иық – бас бағанынан басталса, сол артериясы қолқа доғасынан тікелей басталады. Бұл артериялар көкірек қуысынан шыққаннан кейін, мойын бөлігінде төс-бұғана-емізікше артымен жоғары қарай көтеріліп, ішкі мойынтұрық венасының сырт жағында жатады. Ұйқы артериясы мен тіласты жүйкесі, кезеген жүйке және симпатикалық жүйке бағандары өтеді. Жалпы ұйқы артериясы қалқан шеміршектің жоғарғы жиегіне және сыртқы ұйқы артериясына бөлінеді.
Ішкі ұйқы артериясы мойынның екі жағымен жоғары көтеріліп, бас сүйегінің астыңғы жағындағы өзі аттас канал арқылы ми сауытының ішіне еніп, миді және көзді қоректендіретін артерия тарамдарына бөлінеді. Көз артериясы көз тесігі арқылы көз шарасына еніп, көптеген майда тамырларға бөлінеді де, көз алмасын, оның бұлшық еттерін, жас безін және қасты қоректендіреді. Көз артерияларының соіңы ұштары мұрын және таңдайға дейн жетеді. Ішкі ұйқы артериясының екі тарамы миға барады. Оларды алдыңғы ми және ортаңғы ми артериялары деп атайды. Алдыңғы ми артериясы үлкен ми сыңарларының ішкі бетіне тарамдалады. Бұл артерияның оң және сол тармақтарының арасы қысқа көлденең қосылыс жасайды. Оны ми артериясының алдыңғы қосылысы дейді. Ортаңғы ми артериясы мидың бүйір сайы арқылы жүріп, самай, төбе бөліктеріне тарамдалады. Мидің артқы көлденең қосылыс артериясы өте жңішке. Ол артқа қарай бағыт алып, ортаңғы ми артериясын артқы ми артериясымен қосып тұрады. Сөйтіп, ми артериялары бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап, тығыз байланыста жатады.
Сыртқы ұйқы артериясы төменгі жақ тұсында, самай және ішкі жақ артерияларына бөлінеді. Бұл артериялар тармақтары қалқанша безін, көмекей, тіласты таңдай, тамақ, шүйде, сілекей бездерін, тө-бұғана-емізікше етін, құлақ қалқанын, бас еттерін, ми қабықтарын, мұрын қуысын, ортаңғы, сыртқы құлақты артериялық қанмен қамтамасыз етіп тұрады. Сыртқы ұйқы артериясынан аталған ағзаларға бірнеше артериялар таралады. Қалқанша безінің жоғарғы артериясы, сол бездің өзін және көмекейді, төс-бұғана-емізікше етін қоректендіреді. Тіл артериясы тілді, тіласты сүйекті, көмекейдіі, тіласты, жақасты сілекей бездерін қоректендіреді. Бет артериясы жақсаты сілекей безін жанай өтіп, шайнау етінің алдыңғы жағы мен төменгі жақтың жиегінен иіліп, бетке қарай шығады. Ол бірнешеге тарамдалып, көздің ішкі бұрышына бағытталады. Сөйтіп жақасты ойындысынан өтіп, жұмсақ таңдайға, таңдай жақасты бездеріне, иекасты, бет еттеріне және теріге тарамдалады. Бет артерияларынан жоғары және төменгі еріндерге тарамдар беріп, олар өзара қосылыстар жасап, ауызды шеңберлеп жататын артерия құрайды. Төс-бұғана-емізікше артериясы өзі аттас бұлшық етті қанмен жабдықтайды. Құлақ артериясы құлақ қалқанының артында жатады.Ол қалқанға, шүйдеге және ортаңғы құлаққа тарамдалып, оларды қоректендіреді. Ішкі жақ артериясы сыртқы ұйқы артериясынан көлденең бағыт алып, сәл жоғары қарай көтеріліп, төменгі жақтың мойын тұсынан шығады. Модан самайасты ойыстан өтіп, қанат тәрізді шайнау етінің аралығымен таңдай шұңқыршасына жетеді. Жақ артериясының ең үлкен тармағы мидың қатты қабығының ортаңғы артериясы деп аталады. Ол ми сауытына еніп, қатты ми қабығын қоректендіреді. Жақ артериясы жолай тарамдаоып, сыртқы дыбыс жолын дабыл жарғақты, ортаңғы дыбыс бөлігін, барлық шайнау бұлшықеттерін, жоғарғы және төменгі тістерді, қатты, жұмсақ таңдайды, олардың бадамша бездерін және мұрын қуысын қанмен қамтамасыз етеді. Самай артериясы сыртқы ұйқы артериясының жоғары қарай жүретін жалғасы. Ол шықшыт безінен өтіп, құлақ қалқанының алдыңғы жағымен самайға қарай бет алады. Самайдың тұсынан төбе және маңдай артерияларына бөлініп, бас терісінің астында жатады. Бұл тармақтары шықшыт безін, сыртқы дыбыс жолын, құлақ қалқанын, беттің ұрт бөлігін артерия қанмен қамтамасыз етеді.
3.Бұғанаасты артериясы және оның тарамдары. Бұғанаасты артериясы жұптасып келеді. Оның оң артериясы иық-бас бағанынан басталса, сол артериясы қолқа дооғасының өзінен басталады. Бұл артериялар көкірек қуысынан жоғары қарай көтеріліп, бірінші қабырға үстімен бұғана астына қарайкетіп, қолтықасты артериясына жалғасады.
Бұғанаасты артериясына мынадай тармақтар жатады: омыртқа артериясы, ішкі көкірек артериясы, қалқан-мойын бағаны, жауырынүсті және мойынның көлденең артериялары. Бұл тамырлардың ішінде омыртқа артериясы бұғанаасты артерияларының бірінші тармағы болып басталып, мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің тесіктерімен жоғары көтеріліп, шүйденің үлкен тесегі арқылы ми сауытының қуысына өтеді. Одан кейін өзара бірігіп негізгі артерияны түзеді. Омыртқа артериясының қосылысынан пайда болған негізгі артерия, мидің көпір тұсында мишықтың жоғары, төменгі артерияларына тарамдалған.
Миды қанмен қамтамасыз ететін ішкі ұйқы артериясы мен омыртқа артериясы көлденең қосылыстар бір-бірімен байланысып, түрік ершігінен айнала жатқан шеңбер түзеді. Мұны артериялық шеңбер деп атайды.
Қол артериялары. Қол артериялары бұғанаасты артерияларының жалғасы. Оның өзі қолтық ойығы тұсында қолтықасты артериясы деп аталса, тоқпан жілік алдынан өткенде қар артериясы деп аталады. Бұл артерия шынтақ буытұсында кәрі жілік және шынтақ артериялары болып екіге бөлінеді. Олар өзі аттас жіліктердің тұсынан төмен түсе отырып, тарамдаоып, білек еттерін қанмен қамтамасыз етеді.
Кәрі жілік артериясы (a. radialis) кәрі жіліктің алдыңғы бетімен жүріп, төмен түседі де бас бармақтаңы артқы жағынан айналып, терең алақан доғасын түзеді.
Шынтақ артериясы (a .ulnaris) шынтақ сүйегімен төмен түсе отырып, білезік буын тұсында алақанның терең доғасымен қосылып, беткей доғасын түзеді де білектің алдыңғы және артқы жағындағы бұлшық еттерге тарамдалады. Шынтақ буын тұсында тамыр торларын түзіп, өзара қосылыстар жасайды.
Алақанның терең доғасы негізінде шынтақ артериясы мен қар артериясының тарамдарынан түзілген. Бұл доға саусақтың ұшына дейін торлана жатқан саусақтар артерияларын береді.
Алақанның терең доғасы беткей доғасына қарағанда жіңішке келеді. Ол негізінде қар артериясының жалғасы. Бұл доғадан білезік буынының сыртқы және ішкі жағында торланып жатқан тамырлар шығып, жалпы саусақ артериялары мен алақан сүйекаралық артерияларына тарамдалады.
Қолқаның төмендеу бөлігінің артерия тарамдары. Қолқаның төмендеу бөлігі қолқа доғасының жалғасы. Ол ІҮ көкірек омыртқасының тұсынан басталып, омыртқа жотасын бойлап, төмен түсіп, ІҮ бел омыртқа тұсында екі жағы мықын артерияларына бөлінеді. Осы бөлінер жерінен төмен қарай сегізкөз артериясы шығады.
Құрсақ қолқасы артерия тарамдары бел омыртқаларының алдында, орталықтан сәл сол жаққа қарай ауытқып орналасқан. Оның оң жағынан жоғары қарай төменгі қуыс венасы өтеді. Құрсақ қолқасының ішкі ағзаларға және құрсақ қабырғаларына артериялар тарамдалады.
Ішкі ағзаларға тарамдалатын артериялар тақ және жұп болып бөлінеді.
Жұп ағзаға жұп, тақ ағзаларға тақ артериялар тарамдалады.
Тақ немесе сыңарсыз артерияларға құрсақ бағаны жоғарғы және төменгі шажырқай артериялары жатады.
Құрсақ бағаны (truncus coeliacus) өте қысқа, ол құрсақ қолқасының соңғы көккірек омыртқасы тұсынан басталысымен, бауыр, талақ және қарынның сол жақ артерияларына бөлінеді. Осы артериялар аттас ағзаларға жетіп, тарамдалады. Бауыр артериясы қарынның кіші иінімен жүре отырып, бауыр қақпасына венасымен бірге енеді. Бұл артериядан қарынның оң артериясы, қарын енекі елі ішек және бауырдың меншікті артериялары бөлінеді. Талақ артериясы құрсақ бағанынан шыға солға бұрылып, қарынасты безінің жоғарғы жиегімен жүріп отырып, талақ қақпасына енеді. Қарынның сол жақ артериясы құрсақ бағанынан басталып, қарынның ішкі иінімен жүріп, өзінің оң жақ аттас артериясымен қосылады. Бұл артерия қарын-он екі елі ішек, қарын-шажырқай артерия тарамдарына бөлінеді.
Жоғарғы шажырқай артериясы (a. Mesenterica superior) қолқадан басталып, 15-20 шақты тарамға бөлініп, шажырқай ішімен жүріп, аш ішектің барлық бөліктеріне, тоқ ішектің, соқыр ішектің және оның құрт тәрізді өсіндісіне, өрлеу және көлденең бөліктеріне тарамдалады.
Төменгі шажырқай артериясы (a. Mesenterica inferior) қолқадан ІІІ бел омыртқа тұсынан, жоғарғы шажырқай артериясынан сәл төменірек басталып, төмен қарай жүріп отырып, солға бағытталады. Бұл артерия тармақтары тоқ ішектің көлденең, төмендеу қима бөліктеріне және тік ішекке тарамдалады.
Бүйрек артериясы (a.renalіs) қолқадан басталып, оң және сол артерияға қарағанда ұзындау келеді. Жалпы, бүйрек артериялары басқа артерияларға қарағанда жуандау. Бұл артериядан жүрек қапшығына, несепағарға тармақтар тарайды.
Жыныс бездерінің артериясы ( aa. Testicularis, ovarica) бүйрек артерияларынан сәл төменірек басталып, төмен қарай жүріп, жыныс ағзаларына дейін жетіп, аталық және аналық бездерін қанмен қамтамасыз етеді. Егер әйелде бұл артерия кіші жамбас ішінде тарамдалса, еркектерде жамбас қуысынан шығып, ұма ішіне кіріп атабез бен қосалқыны қанмен жабдықтайды.Әйелде кіші жамбас астауындағы жыныс мүшелеріне тарамдалады.
Көкет артериясы құрсақ қуысын көкірек қуысымен бөліп жатқан көкетті қанмен жабдықтайды.
Аяқ артериялары мықын артерияларының жалғасы. Мықын артериялары ІҮ беломыртқа тұсында қолқаның екіге айырылуынан пайда болып, төмен түседі де, сегізкөз, жамбас сүйектерінің байланысқан жерінде ішкі және сыртқы мықын артерияларына бөлінеді.
Ішкі мықын артериясы жуан, ұзындығы 5-6см, бұл артерия кіші жамбас ішіндегі ағзалар мен бұлшық еттерін қоректендіреді. Ол төмен қарай түсіп, шонданай ойығының тұсында алдыңғы және артқы тарамдарын береді.
Сыртқы мықын артериясы қанды аяққа жеткізетін негізгі артерия. Бұл бел етінің тұсынан төмен қарай һтіп, құрсақтың төменгі жағына тарамдала отырып, әрі қарай шат байламының астынан санға өтеді.
Сан артериясы (a. femoralis) сыртқы мықын артериясының тікелей жалғасы, ол сан венасына қабат жатады. Сан артериясы алдыңғы және ішкі ьтоп еттерінің аралығымен төмендеп, тақым астына дейін келіп, тақымасты артериясына жалғасады. Сан артериясынан жолай бірнеше артериялар тарамдары шығады. Олардың ең ірісін санның терң артериясы деп атайды. Бұл артерия беткей және терең тармақтарына бөлініп, жамбас буыны мен сан еттеріне қан жеткізеді.
Тақымасты артериясы (a. poplitea) өте терең орналасқан, оған жанаса тақымасты венасы мен асық жілік жүйкесі өтеді. Бұл артериядан тізе буынын қанмен жабдықтайтын артериялар тарамдалады.
Асық жіліктің артқы арериясы ( a. Tibialis posterior)сирақтың артқы еттерінің аралығымен жүріп отырып, шыбық артериясын беріп, сирақтың сыртқы және артқы жақтарының еттері мен терісін қоректенжіріп, табан астына қарай өтеді.
Асық жіліктің алдыңғы артериясы (a. Tibialis anterior) тақымасты артериясынан бөлінгеннен кейін, жілік аралығымен сирақтың алдыңғы бетіне көшіп, төмен аяқ басына қарай бағыт алады.

Тақырыбы: Адам денесіндегі ірі веналардың функционалдық анатомиясы.


Веналар анастомоздары. Венаның даму түрлері мен ауытқулары.

Үлкен қанайналу шеңберінің веналары. Үлкен шеңбер веналары артерияларымен қатар жатады. Көбіне сол қатар веналары артериялармен аттас келеді. Ал қол-аяқ веналары беткей және терең веналар болып екіге бөлінеді. Терең веналары қосарланып, аттас артериялармен қатар жатса, беткей веналары қосарланып, аттас артериялармен қатар жатса, беткей веналары тері астында жай көзге көрініп өтеді.


Адам денесіндегі вена тамырларын орналасуына қарай және дененің қай бөлігінен жиналуына байланысты жоғарғы, төменгі қуысты және қақпа веналарының жүйесі деп үшке бөледі.
Жоғары қуысты вена жүйесі дененің жоғарғы бөлігінен вена қанын жинаса, төменгі қуыс вена жүйесі дененің төменгі бөлігінен жинайдыү Қақпа венасының жүйесі қанды ішек-қарыннан, талақтан жинап бауырға әкеледі. Бауырда улы заттарынан усыздандырылған қан бауыр веналары арқылы төменгі қуысты венаға ашылады.
Оң жүрекшегеекі қуысты венамен бірге жүректің өз веналары да ашылады. Сонымен, қорыта айтқанда, оң жүрекше үлкен қан айналу шеңберінің барлық вена тамырларымен бірге жүрек вена тамырларының ашылатын жері.
Жоғарғы қуысты вена жүйесі (v. Cava superior) қанжы бас, мойын, қол, көкірек қуысынан жинайды. Ол өте қысқа және жуан тамыр. Мұның өзі оң және сол иық-бас бағанының қосылуынан пайда болып, оң жүрекшеге келіп ашылады, қақпақшасы болмайды.
Көкірек клеткасының веналарына сыңарлы және жартылай сыңарлы веналар жатады. Олар вена қанын көкірек клеткасының қабырғасынан жинайды. Сыңарлы венаға барлық оң қабырға аралық веналар ашылса, жарлытай сыңарлы венаға сол жақ қабырға аралық веналар мен өңнш және кеңірдек веналары құяды. Жартылай сыңарлы вена омыртқа жотасының сол жағымен жоғары қарай көтеріліп, орта жерінен сыңарлы венаға қосылып кетеді.
Бас және мойын веналарына ішкі және сыртқы мойынтұрық веналары ашылады. Олардың ішкі мойынтұрық венасы ми сауытының негізінен басталып, бұғанаға дейін жетеді. Бұл тамыр көздің, есту ағзаларының, беттің жалпы венасын, жұтқыншақ венасын, тіл және қалқан безінің веналарын жинақтап, бұғанаасты венасына қосылып, иық-бас венасы түзеді.
Қолдың веналары орналасуына қарай теріасты және терең веналар болып бөлінеді. Теріасты немесе беткей жатқан веналар артерияларымен қабаттаспай, тері астында орналасады. Олар тері астынан вена қанын жинаса, терең веналар қолдың терең жатқан еттерінен, сүйектерінен және буындарынан вена қанын жинайды. Олардың теріасты веналарынан айырмасы, қолдың артерияларымен аттас келеді және олармен қатар орналасады. Қол веналарында қақпақшалар көп болады, тек анастомозданған жерлерінде ғана қақпақшалар болмайды.
Қолдың теріасты веналарына басты вена мен негізгі вена жатады. Бұл екі вена қол басының веноздық торынан басталып, қол басының сыртқы венасын түзіп, алақан бетіндегі екі артериялық доғаға ұқсас веналы доға түзеді. Осы қол басының торынан басталған басты вена білектің сыртқы бетімен жоғары көтеріліп, шынтақ буынына жетеді. Ол негізгі венамен байланысатын қосымша тамыр бөліп шығады. Оны ортаңғы көлденең қосылыс деп атайды. Адамға қан құю осы тамыр арқылы жүреді. Негізгі вена да қол басының сыртынан басталып, білектің алдыңғы жағына ауысып, жоғары көтеріліп, шынтақ буынының тұсында ортаңғы шынтақ венасы арқылы баста венамен байланысады. Одан әрі жоғары көтеріліп, тоқпан жілікті ортаңғы бөлгінің тұсында қар венасына бірігеді. Қар венасы терең жатқан қолтықасты венасына жалғасады. Қолдың терең веналары саусақтардың сырт жағынан басталып, алақан доғасын түзіп, одан білекке өтіп, екі шынтақ және екі қар веналарын түзеді. Олар бір-бірімен көптеген көлденең қосылыстар арқылы байланысып жатады. Бұл екі жұп вена шынтақ буын тұсында қолдың беткей веналарын өздеріне қосып алып, екі қар венасын түзеді. Қолдың веналарында, әсіресе терең тамырларында қақпақшалар көбірек келеді.
Қолтықасты венасы қолдың беткей және терең веналарының қосындысынан түзіледі. Оның негізгі тарамдарына қолдың сыртқы венасы, көкірек клеткасының сыртқы веналары және жауырынасты веналары жатады. Қолтықасты венасы бірінші қабырғаның тұсынан бұғанаасты венасына ауысады. Ол бірінші қабырғаның үстінен иіліп өтіп, бұғана астына қарай бағыт алады. Сондықтан бұғанаасты венасы деп аталады. Бұғанаасты венасы ішкі мойынтұрық венасымен қосылып, веноздық бұрыш түзеді. Осы жерден иық-бас венасы басталады.
Иық-бас веналары (v. Brachiosepalica ) ең ірі тамырлар. Иық-бас веналарының оң жағы сол жағына қарағанда қысқалау келеді. Бұл екеуі оң жүрекше тұсында бір-біріне қосылып, жоғарғы қуысты венаны түзеді. Қорыта айтқанда, жоғарғы қуысты венаға вена қаны бастан, мойыннан, қолдан, дененің жоғарғы бөлігінен жиналып келіп құяды.
Төменгі қуысты вена жүйесі (v. Cava inferior) төменгі бел омыртқа тұсында оң жәнне сол мықын веналарының қосылуынан пайда болады. Төменгі қуыс вена жүйесі вена қанын дененің төменгі бөлігінен жинайды. Олар құрсақ және аяқ веналары деп бөлінеді.
Құрсақ веналары орналасуына қарай қабырғалық және ішкі ағзалық болып екіге бөлінеді. Оның қабырғалық веналарына бел веналары, көкет, сегізкөз веналары жатады.
Бел веналарының саны төртеу, бір-бірімен қатар орналасқан. Олар ұзына бойы қосылыстар жасап, оң жағынада сыңарлы, сол жағында жартылай сыңарлы веналармен жалғасады.
Төменгі көкет венасы жұп тамырға жатады. Өзіне аттас артериямен жанаса жүріп, көкеттің төменгі жағынан төменгі қысты венаға қосылады.
Сегізкөз венасы сегізкөздің алдыңғы бетінен вена қанын жинайды.
Ішкі ағза тамырларына жыныс веналары, бүйрек, бүйрекүсті безінің және бауыр веналары жатады.
Атабез венасы атабезден басталып, шәует буынының ішімен жоғары көтеріліп, оң жағынан төменгі қысты венаға, ал сол жағынан бүйрек венасына ашылады.
Анабез венасы анабезден басталып, жатырдың жалпақ байланысынан өтіп, өзі аттас артериямен қабат жатады.
Бүйрек венасы бүйрек қақпасынан тұсынан басталып, бүйрек артериясының алдынан өтіп, төменгі қуысты венаға ашылады.
Бүйрекүсті безінің венасы (v. Superrenalis) бүйрекүсті безінен басталып, оң жағынан төменгі қуысты венаға, сол жағынан бүйрек венасына қосылады.
Бауыр веналары көптеген майда веналардан түзілген. Ол бауыр қылтамырларынан вена қанын жинап, бауырдың артқы жағынан төменгі қысты венаға тікелей ашылады.
Қақпа венасының жүйесі (v. Portae)құрсақ қуысындағы тақ ағзалардың қанын жинайды. Құрсақ қуысында ас қорыту ағзаларының веналарынан жинақталған үш ірі вена түзіледі. Оларға: талақ, жоғарғы және төменгі шажырақай веналары жатады. Бұл үш вена қарынасты безінің тұсында бірігіп, бауырдың қақпа венасына айналады. Қақпа венасы өте ірі, қысқа тамыр. Ол бауырға қақпасы арқылы еніп, бауыр веналарына бөлініп, қылтамырларға тарайды.
Талақ венасы (v. lienalis) қақпа венасының жоғарғы құйылысы. Ол талақтан басталып, өзі аттас артериямен қабат жатып, қарынасты безінің тұсында, өзіне қарынның кіші шарбы майынан майда веналарды қосып алады. Кейде оған төменгі шажырақай венасы қосылып кетеді.
Төменгі шажырақай венасы (v. Mesentercia inferior)өзі аттас артерияға қатар жатады. Ол тік ішектің веноздық өрімімен, қима ішектен және тоқ ішектің төмендеу бөлігінен вена қанын жинап, талақ венасына, кейде тікелей қақпа венасына қосылады.
Жоғарғы шажырақай венасы ( v. Mesentercia superior) өзі аттас артериямен қабат жатады. Ол соқыр ішектен, тоқ ішектің өрлеу және көлденең бөліктерінен, қарынасты безінен, он екі елі ішектен, шарбы майдан вена қанын жинайды. Организмде бауырдың қақпа венасының маңызы зор.
Себебі, ас қорыту ағзаларынан келген қанның құрамында қоректік заттармен бірге зиянды заттар болады. Оларды бауыр өзінің күрделі қызметі арқасында зиянсыздандырады. Осының нәтижесінде тазартылған қан бауыр венасы арқылы төменгі қуыс венасына, одан жүрекке, жүректен үлкен шеңбер арқылы организмге таралады.
Аяқ веналары қол веналары сияқты беткей және терең вена тамырларына бөлінеді. Олар аяқ басындағы беткей және терең табан доғаларынан басталады. Доғалардың өзі аяқ басының веноздық торлары мен аяқ бармақтары веналарының жалғасы. Аяқтың беткей веналарына үлкен және кіші теріасты веналары жатады.
Үлкен теріасты венасы (v. Saphena magna) адам денесіндегі ең үлкен және ұзын вена. Ол аяқ басының сыртқы веноздық торынан басталып, ішкі тобық жағымен көтеріліп, санның терең венасына қосылады. Бұл венаға санның, сирақтың көптеген майда веналары құяды.
Кіші теріасты венасы ( v. Saphena parva)аяқ басының сыртқы венозды торынан басталады. Бұл вена аяқтың сырт жағында орналасқан тақым астында тақымасты венасынада қосылады.
Аяқтың терең веналары қол веналарына ұқсас сыңарлы болады. Оларға артқы, алдыңғы кәрі жілік, сан веналары жатады.
Жалпы мықын веналарының ( v. Iliaca communis) әрқайсысы ішкі және сыртқы мықын веналарының қосылысынан пайда болып, жоғары қарай бағыт алып, ІҮ бел омыртқа тұсында бір-бірімен қосылып, төменгі қуысты венаны түзеді. Жалпы мықын веналарының қосылар жерінде сегізкөз венасы жатады.
Қорыта келгенде, адам денесіндегі барлық вена қаны жоғарғы және төменгі қуысты веналары арқылы жиналып, оң жүрекшеге құйылумен үлкен қан айналу шеңбері аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет