Артпедагогика – баланы бейімдеу құралы ретінде



бет1/2
Дата05.04.2023
өлшемі126,57 Kb.
#79443
  1   2

Артпедагогика – баланы бейімдеу құралы ретінде

Орындаған: Мыңжасар Несібелі


Артпедагогика немесе көркемөнер педагогикасы ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың педагогикалық коррекциялық бағытталған көркемөнер арқылы даму процесінің теориясы мен практикасын дайындауын қамтамасыз ететін және өнер мен көркемөнер шығармашылық іс-әрекеті арқылы (музыкалық,бейнелеу өнері,театрландырылғын ойын) көркемөнер мәдениет негіздерін қалыптастыру мәселелерін қарастыратын, жалпы қабылданған педагогикалық принциптер мен әдістерді өзіне қосатын ғылыми білімнің екі саласының қосындысынан құралған (өнер және педагогика) ғылым. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ішкі әлемі күрделі және әрқилы.Осындай балаларға қоршаған әлемінің сан қырларын көруге,естуге, сезінуге,өзіндік «Менін» тану және оны ашу және ересектер әлеміне кіру және сонда өзін толыққанды сезініп,өмір сүруге,өзін дамытуға және сонымен қатар өз денсаулығын сақтауға қалай көмектесуге болады?
Осындай барлық міндеттерді шешуге қабілетті құрал - өнер болып табылады. Сол себептен,осы категориядағы балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының жүйесінде осы жұмыста қолданылатын өнердің негізгі бағыттарын анықтап көрсетуге болады.Соның ішінде: - психофизиологиялық; - психотерапевтік; - психологиялық; - әлеуметтік педагогикалық. Психофизиологиялық, психосоматикалық бұзылыстардың түзетілуімен байланысты. Психотерапевтік,когнитивті және эмоциональды саланың ықпалымен байланысты. Психологиялық ол катарсистік, реттеушілік және коммуникативтік қызметтерді атқарушы. Әлеуметтік педагогикалық, жалпы және әдеби эстетикалық ой өрісінің кеңеюімен,баланың тәжірибелік көркемөнер және шығармашылық іс- әрекетіндегі потенциалды мүмкіндіктерінің белсенділігімен, эстетикалық қажеттіліктердің дамуымен байланысты.
Даму мүмкіндігі шектелген балаларға психологиялық- педагогикалық көмек жүйесінде мынадай өзара байланысты және бірін- бірі толықтырушы 2 бағытты көрсетуге болады: артпедагогика және арттерапия. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру мазмұнына айрықша мән беріліп, адамның рухани жан-дүниесінің дамуына, шығармашылығы мен белсенділігіне жағдай жасау керектігі айтылған. Осы тұрғыдан тұлғаның шығармашылығын дамыту, оны жаңа талап тұрғысынан шешу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Заманауи білім берудің гуманистикалық көзқарастары психологтар мен педагогтардан бала табиғатын зерттеуде үлкен жауапкершілікпен көңіл бөлуді талап етеді.
Артпедагогиканың мәні ерекше балаларды өнер құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеуде және балаларда көркемөнер мәдениет негіздерін және көркемөнердің әр түрінде білік дағдыларын игеруді қалыптастыруда жатыр. Артпедагогиканың мақсаты ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларда көркемөнерді дамыту және көркемөнер мәдениетінің негіздерін қалыптастыру,тұлғаны өнер арқылы әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Арпедагогиканың негізгі қызметтері: - мәдениеттік; - білім берушілік; - тәрбиелік; - түзетушілік.
Тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапияның негізгі элементтерін, әдістемелерін қолдану өте маңызды.Арттерапия-бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арттерапия-ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Арттерапия психотерапияның маңызды салаларының бірі болып саналады және даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазақстанда арттерапия саласы өзінің қалыптасу кезеңінде.
Арттерапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық науқас адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде. Алғашқыда арттерапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл дегеніміз арттерапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп, ашуға да жағдай жасайды деген сөз. Мұнда адамның шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес,сол кезеңдегі басынан өткен сезімдерді, қобалжуларды бейне арқылы жеткізу болып табылады.
Қазіргі кезде арттерапияның мынадай түрлері белгілі: Музыка терапиясы – бұл психотерапевтік әдіс. Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс жасауына көмектеседі. Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы, мен көңіл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді. Әуен терапиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы, балалардың бойынан айналадағы болып жатқан сан-алуан құбылыстарды өз шығармашылығымен байланыстыра білуге және де көркем сөзінен кестелеп, бала жүрегіне жеткізу оның жан-дүниесін байытып, сана сезімін оятып, ақыл ойын дамытуға көп мән беріледі. Әуен терапиясы арқылы сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету, әуенді қойып қана қоймай, өз бойына сіңіре білуді әдет-дағдыларына айналдыруға,баланың тыңдай білу қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Әуен әсер етудің негізгі жетекші факторы ретінде қолданыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет