Ақш журналистикасындағы этика



Дата15.11.2023
өлшемі20,7 Kb.
#122372

АҚШ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНДАҒЫ ЭТИКА
АҚШ журналистикасындағы этика – бұл журналистердің журналисттік қызметіне қатысты этикалық міндеттерін белгілейтін негізгі құқықтар мен нормалар жүйесі. Бұл этика этикалық және құқықтық принциптерді, дәстүрлер мен талаптарды, сондай-ақ заңдар мен нормативтік актілерді қамтиды.
АҚШ-тағы журналистика этикасы мүшкіл кезеңнен өткені жасырын емес
Америка журналистикасы тарихына үңілсек XIX ғасыр басында party press деген кезең өткен. Ол дәуірде саяси партиялардың субсидиясына тәуелді, елдегі саяси тұлғаларға сыбайлас медиа ресурстар пайда болды. Мысалы, Gazette of the United States газеті федералистер партиясының (Александр Хамильтон), ал National Gazette Демократиялық республикалықтар партиясының (Томас Джефферсон) үндеушісі ретінде бой көтереді. Саяси памфлет жазып, қарсы партия өкілдерінің абыройына сын келтіретін газеттер бірнеше рет ауысты. Сол кезеңдер туралы жазылған зерттеулерді ақтарсаңыз, сұмдық жала жабу, анонимді қаралау әрі маймыл, доңыз деп біріне бірі шабуылдағандар болған. Бірақ 1830 жылдарға қарай олардың дәуірі бітеді. Себебі еркін нарық экономикасында редакциялар биліктен субсидия алмай-ақ тәуелсіз жұмыс істеуге болатынын түсінді. Оған баспа нарығындағы технологиялық прогресс те түрткі болып, газет бағасы да арзандайды. Бір газет құны бір центке шейін түседі. Содан кейін АҚШ журналистикасында объективтілік, билігін асыра пайдаланатындарды бақылау, қоғамға қызмет деген ұғымдар қалыптасады.
ЕЛІМІЗДЕГІ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АҚШ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНАН ТӨМЕН ТҰСТАРЫ
Ал бізде медианың дәл солай еркін бағытта дамуына кедергілер көп. Солардың ең біріншісі – биліктің өз позициясын асыра пайдалануы, нақтырақ биліктің қоғамдық пікірді өзгертуге медиа арқылы тырысып бағуы. Мысалы, Dala Inside дейтін про-үкіметтік телеграм арнасы күні кеше Айбар Олжаевтың футуристік болжамына сілтеп, пост шығарыпты. Олжаев Қаңтар қырғынына дейін идеология болмағанын айтады. Ал одан кейін “Тоқаевтың әр жолдаулары мен баяндамаларында (Жаңа Қазақстан) идеология(сы) үзік-үзікпен беріліп келді, дейді. Топшылауынша, біз қазір жаңа дәуірінде, басқаша “Жаңа Қазақстанда” өмір сүріп жатырмыз. Он жылдан кейін «Кемел елге» айналады екенбіз. Пост Түркістанда өткен “ғасырлық” шараға қатысы бар деп топшыладым. Кезінде америкалық саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма КСРО құлдырағанын “тарихтың соңы” деп бағалап, бұл концептімен либерализм өктемдігі дәуірі келгенін жазып еді. Аз уақытта оның қате тұжырым екенін түсіндік. Сол сияқты Айбар да Қазақстанда тұрақты саяси әлеуметтік жүйе қалыптасқанын айтып, “Кемел ел” құруға жақын екенімізді жазып отыр. Бірақ 10 жыл өтеді де кетеді. Қазіргі шабыспен, реформа имитациясымен «жақсы қоғамның» етегіне де жете алмай қаламыз-ау.
БАҚ-тың бағын байлайтын рейтинг немесе Қазақстан мен АҚШ-тағы әлеуметтік желілер
Рейтинг үшін жұмыс жасайтынымыз, жасап жүргеніміз анық. Бұл кері кетудің нышаны емес. Заңдылығында рейтинг үшін жұмыс жасау қалыпты жағдай. Бірақ рейтинг үшін жұмыс жасау деген сөз қазақ БАҚ беттерін өсекке толтырып жіберу деген сөз емес.
Бүгінгі БАҚ сойылын солынан келсе де, оңынан келсе де соғып жатыр. Оған біз де қосылдық. Таңның атысынан кештің батысына дейін отырып ақпарат іздейміз, ақтарамыз. Бірақ тың ақпаратты бірен-саран сайттардан көріп қалмасаңыз, бәрінің жазатыны бір ертегі. Сайт – газеттің орнын баса алмайды. Бұл о баста айтылған нәрсе. Себебі ондағы грамматикалық қателіктер газет бетіндегідей көзге ұрып тұрып көрінбейді. Мән бермей өте береміз. Оның үстіне сайтта жұмыс жасайтын журналистер де тегі «журналист» емес. Себебі журналист дейтін мамандықтың иесі отырып алып өсек жазуға, ел арасына іріткі салуға бағыт алушылар емес. Мұның бәріне себепкер ретінде кейінгі жылдары жаппай белең алған «блогер» ұғымы. Шет елдік БАҚ беттеріндегі блогерлердің посттарын оқысаңыз, саяси сауатты, әлеуметтік проблеманы дәйекпен келтіретінін қайтесіз. Ал бізде олай емес. Сынауға жақын қазақ деген сөз емес. Бізде шынымен блогерлер «қырт». Ұжымдық немесе жалпы халық атынан сөйлеуден гөрі, сараптама жасап отырып саралаудан гөрі өз ойының ұшқынын көрсетіп қалуға тырысады. Аталған адамдар бір-бір сайтқа кіріп алды да, енді маман ретінде жұмыс жасай алмайтын болған соң ақыры сөзге көшеді. Ол қандай сөз, атасы өлетін сөз бе, шаруасы жоқ. Бастысы әлеуметтік желісінде білдей «блогер» деген атағы бар. Ол атақты оған беріп, оны мақтап, көпшік қойып берген де өзіміз. Әйтпесе ең ақыры патшаны да патша қылатын халық емес пе…
Блогер дейтін сөздің саясында жүріп, аз да болса түсінік жасап жүрген санаулы-ақ азамат бар. Бірнешеуін атап көрсетейін: Руслан Желдібай (шет елдегі білім беру бағдарламасы жайында танымдық ақпаратты ана тілімізде жақсы жеткізіп береді. Тікелей репортаж жасау арқылы да қажеттілікті қанағаттандырады). Жолдас Өрісбай ( негізгі мамандығы филолог болғанымен, АҚШ -та жүріп сол елдің жалпы экономикасы, саясаты, әлеуметтік мәселесі жайында соңғы кездері тың дүниелер жазып жүр). Айгүл Орынбек (, ащы болса да шындық айтып жүрген, қазақтың жанашыры. Дегенмен бұ кісінің де кейде халықтың рухын оятамын деп қатты айтып жіберетіні бар. Бірақ тәуелсіз!).
АҚШ-тағы журналистік этиканы да «тәп-тәуір» деп айта алмаймыз, сірә. Кез келген мемлекетте билікке жұмыс істейтін БАҚ құралдары болады. Десе де, сескенбейтін БАҚ құралдары бары өтірік емес. Біз Н.Назарбаев туралы ашық жаза алмауымыз мүмкін, ал АҚШ газеттері Д.Трамты мақтап та, даттап та үлгерген.
Менің ойымша, журналистік этиканың тағы бір маңызды тұсы жалған жазуға жол бермеу. АҚШ-та күн сайын шығатын газеттер саяси тақырыптардағы шындықты қаншалықты зерттеп үлгеретіні, қызық. Ал, асығыстық бар тұста, ақиқат та ат ізін суытуы мүмкін.
Қорытынды
«Келтек қалам ұшында, көк найзаның сұсы бар»,- дейді қазақ. Сол қалам ақиқат пен турашылдыққа жұмыс істесе, журналистік этиканың жоғары тұсы да сонда болмақ.

Дилназ Дидарқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет