Қашықтан оқыту кезіндегі сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні



бет1/2
Дата22.05.2023
өлшемі58 Kb.
#95892
түріСабақ
  1   2

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сагындыкова Д.А.

Пән/Сынып:

2-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3 апта, 82-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Қоршаған орта

Сабақтың тақырыбы:

Жыл мезгілдері Мәтін: Жыл мезгілдері (Ертегі )
(Оқулық 79-81 бет, Алматы «Атамұра» баспасы, 2017 ж.)

Оқу мақсаты:

2.2.7.1 - мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу
2.2.9.1 - оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрады

Бағалау критерийі:

- шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табады;
- көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтайды

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

2 минут

Ұйымдастыру

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Қазір әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: Жыл мезгілдері Мәтін: Жыл мезгілдері ертегін тыңдай отырып, сұрақ-жауап арқылы тапсырмаларды орындайтын боласыздар.







Презентация № 1



8 минут

Жаңа сабақ

 Қызығушылығын ояту
Жұмбақ шешу
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады. ( Көктем)
Жасыл шалғындар,
Кемпірқосақ доғасы - аспанда.
Sun Lake жылытылған:
Барлық өзгермелі шақырады (Жаз)
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады. (Күз)
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды. (Қыс)
.Сонымен балалар жылдың неше мезгілі бар екен?
Сендерге жылдың қай мезгілі ұнайды?
Ертегіні түсініп оқу
1 тапсырма. Ертегіде жылдың қай мезгілі туралы айтылып тұр?
Ғасыр бабаның Жыл атты жалғыз ұлы болыпты. Жыл төрт перзент сүйіпті. Екі ұл, екі қыз.
Үлкені- Қыс шатақ мінезді. Ә десе, мә деген сотқарлау, басынан сөз асырмайтын қиқар болыпты. Содырлау болғанымен, әкесі оны біреткейлігі шымырлығы үшін жақсы көріпті.
2- тапсырма. Мәтінге сәйкес келетін мақал-мәтелді анықта.
Екіншісі- Көктем жұрттан асқан көрікті. Жаны да нәзік, сұлу қыз болып өсіпті. Нені болса да шын жүрегімен қабылдайтын. Сезімталдығы мен көркемдігі үшін оны бәрі де жақсы көреді екен.
3- тапсырма. Жаз қандай қыз болды?
Үшіншісі-Жаз әпкесіне қарағанда ашық-жарқын. Жайдары мінезді, көңілді қыз болып өсіпті. Ол- аузын ашса, көмекейі көрінетін адалдығымен, таңғы шықтай мөлдір, пәктігімен көпке ұнапты.
4- тапсырма. Үзінді бойынша жоспар құр.
Ал ең кенжесі- Күз өте ерке болып өсіпті. Сәл нәрсеге бола ренжіп, бұртиып, қабағын түйе қалады екен. Кейде балаларға өкпелеп, әрең іркіп тұрған көз жасын тыя алмай, төгіп-төгіп жібереді екен. Әйтсе де Күзді жомарттығы мен ақкөңілдігі үшін бәрі де ұнатыпты.



Берілген тірек сөздер арқылы жыл мезгілдерін табу

Автор туралы түсіндіру


Аудио тыңдау арқылы жаңа сабақты түсіндіру



1.Аудио тыңдау арқылы ертегінің мазмұнын айта алады.


2. Сұрақтарға жауап бере алады.
3.Ертегі кейпкерлерін анықтайды, сипаттайды.
3.Мәтінді бөліктерге бөледі, жоспар құрады.

Презентация № 2
Презентация № 3

Презентация № 4


Презентация № 4

7 минут

Тәжірибе

Ертегінің мазмұны бойынша кестені толтыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет