Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде — Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадре тау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Мексиканың ең биік жері — Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр. Мексиканың көпшілік бөлігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік климат белгілері басым. Қаңтардағы орташа температурасы 10 — 20°С-қа дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура 15— 30°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 100 миллиметр батыс пен оңтүстігінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Негізгі ірі өзені — Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі — Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі .
Табиғаты :
Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче.
Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче.
Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі.
Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі.
^ Мексика шығанағы(Gulf of Mexіco; Golfo de Mexіco)
Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс (Атлант мұхиты) жағалауындағы Флорида және Юкатан түбектері мен Куба аралының аралығындағы шағын теңіз. Ауданы 1555 мың километр квадрат, суының көл. 2332 мың километр куб. Миссисипи, Рио-Гранде тағы басқа өзендері құяды. Шығыста Флорида бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізімен жалғасады. Тереңдігі 3822 метр. Солтүстік-батыс бөлігінде мұнайы мол кен орындары кездеседі. Климаты оңтүстігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік. Су айдынынан булану мөлшері (1000 — 1750 миллиметр), бұл жауын-шашын мөлшерінен артық (1000 — 1200 миллиметр). Жаз бен күзде дауыл жиі соғады
Орталық Америка
Орталық Америка – Солтүстік Американың Теуантепек және Дарьен мойнақтары аралығындағы қиыр оңтүстік бөлігі. Тынық мұхит пен Мексика шығанағы және Кариб теңізі аралығында тропиктік ендікте орналасқан. Ені Юкатан түбегі аумағында 960 км,Панама мойнағында 48 км, ең биік жері Тахумулько тауы (4217 м). Орталық Америкада Мексиканың оңтүстік-шығыс бөлігі, Гватемала, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Панама, Белиз мемлекеттері орналасқан. Басым бөлігінКордильера жүйесіне кіретін орта биіктікті тау белдеуі алып жатыр. Ірі жазық өңірлер Юкатан түбегі мен Москития жағалауында.
Гватемала
Орталық Америкадағы ең тығыз қоныстанған ел - Гватемала – туристер қабылдау саны бойынша көшбасшы болып табылады. Тынық мұхит жағалауындағы жағажайда демалыс орындары мен қонақ үйлер салынды, ал, Атлант жағалауында серфинг үшін жағдайлар жасалынған.