1. Ылғалды мәңгі жасыл тропиктік ормандар



Дата23.03.2022
өлшемі17,5 Kb.
#28595

1. Ылғалды мәңгі жасыл тропиктік ормандар – бұл ормандар ылғалды облыстарда, жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 - 12000 мм болатын аймақтарда таралады. Ылғалды тропиктік мәңгі жасыл немесе мәңгі жасыл ылғалды ормандар әлемнің үш үлкен аймағында шоғырланған: Оңтүстік және Орталық Американың солтүстік бөлігі; Батыс Экваторлық Африка; Үнді-Малай архипелагы;Бұл типтегі ормандардың өсімдіктерін ең күрделі өсімдік формацияларына жатқызады. Олардың басты ерекшелігі – өсімдік түрлерінің байлығы, үлкен таксономиялык түрлілігі. Тіршілік формасының басым тобын фанерофиттер құрайды. Олар мәңгілік жасыл гигроморфты және мегатермді ағаштардан құралады.Ылғалды тропиктік ормандардың фаунасы флорасы секілді әр түрлілігімен және байлығымен ерекшеленеді. Мұнда аумақтық және трофикалық құрылымы жағынан күрделі жануарлардың полидоминантты қауымдастықтары құрылады.
2. Биогеоценотикалық тұрғыдан жануарлардың биогеоценоздағы рөлін былайша сипаттауға болады: 1. Өсімдіктер жасайтын алғашқы органикалық заттардың өзгертушici (трансформатор). Алғашқы органикалық заттардың туындылары (жануарлар белогі, майлар, мочевина) жануарлар протоплазмасы құрамында және жануарлар организміндегі әр түрлi метаболиттер, бұл заттардың ауысуы өте күрделі процесс және сатылы олар жануарлар тіршілігінің нәтижесі ретінде биогеоценотикалық процеске қосылады (экскременттер, мочевина, көмірқышқыл газы және басқа бөлінулер арқылы); 2. Қоректік заттардың бөлшектенуі және химиялық өңделуіне және олардың микроағзалардың аналитикалық жұмысын жеңілдетіп заттардың айналуын және энергияның босауын тездеткіш ретінде; 3. Дем алу процесі кезінде атмосферадан oттегіні ciңipiп, көмірқышқылын бөліп, атмосферамен топырақ арасында газ алмасуға қатысады; 4. Бip биогеоценоздан екінші биогеоценозға және бip биогеоценоз ішінде топырақта бір генетикалық қабаттан eкінші қабатқа заттарды және энергияны тасымалдаушы; 5. Топырақ кұрылуына және кұнарлығын арттыруға әсер ететін фактор. Өйткені олар (жануарлар) экскременттер бөліп шығарады, топырақты қопсытып босатады, араластырады; 6. Тозаңдану және көптеген өсімдіктер жемістерін тұқымдарын тарату процестеріне қатысады, солар арқылы фитоценозда өсімдіктердің түрлік құрамына, қалыптасуына, тұрақтылығына әсер етеді.

3. Ареал деп белгілі бір түрдің жер бетінде, не акваторияда кездесетін белгілі жер бөлігін айтамыз. Ареал - өсімдіктер мен жануарлардың түрлері, туыстары және басқа категориялары таралған аймақ.  Өзінің сипатына қарай ареалдың бірнеше түрі бар : 1.Космополитті ареал 2.Циркумконтиненттік ареал 3.Циркуммұхиттық ареал 4.Эндемикті ареал 5.Викарилік немесе орын басу ареалы 6.Дизъюнктивтік немесе бөлініп – біріктірілген ареалдар.

Космополитті ареал – кейбір өсімдіктер мен жануарлардың жер шарына жаппай таралуы ( мысалы : үй шыбыны, су егеуқұйрығы, т. б.)

 Циркумконтиненттік және Циркуммұхиттық ареалдар - бұл ареалдарда, жалпы жердің немесе мұхиттың аумағына қарамастан, әлдебір ендік бойынша шектеулер болады.

Эндемикті ареал – өсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі

Викарилік ареал деп бірдей екі көршілес аймақта мекендейтін немесе әртүрлі мекен орталығы, бірақ бірдей территорияда орналасқан таксономиялық бірліктердің « орын басуын » айтады.


Дизъюнктивтік немесе бөлініп – біріктірілген ареалдар Дизъюнктивтікм ареалдар өз арасында гомогенді және гетерогенді бөліктерге бөлінеді. Гомогенді бөлікті ареалдар гетерогенді дизъюнкциялы ареалдардан жас әрі қарапайым болады. 


4. Аустралия флорасы өзгеше және эндемизмнің жоғарылығымен ерекшеленеді. Мұнда эндемиктік тұқымдастар қатарынан және 570-ке жуық эндемиктік түрден тұрады. Жоғарғы эндемизм бұрынғы географиялық оқшаулану, басқа құрлықтардан бөлініп тұрған аралдық орналасу жағдайында сақталады.

Жеке географиялық орналасуына байланысты ол ерекше жануарлар әлемімен ерекшеленеді. Австралиялық Фауна өкілдерінің шамамен 80% - ы эндемикалық, яғни олар әлемнің кез-келген жерінде кездеспейді. Австралияның ең танымал жануарлары-бұл елдің ұлттық символына айналған коалалар мен ірі кенгуру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет