Астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі



Дата12.05.2023
өлшемі14,51 Kb.
#92251

Жүгері (лат. Zea mays) — астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.
Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азотфосфор тыңайтқыштары қажет. [1]
Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: көмірсуақуызмайкалийфосформагнийкальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан — жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі , үлпек дәні және қытырлауық «таяқша » — қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпакомпотшырынкисельпростоквашаайранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді). Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет