Таксономиясы



Дата07.06.2023
өлшемі299,29 Kb.
#99437

Қу- қызбасы

Анықтама

  • Қу –қызба қоздырғышы (ағылшынша Query – белгісі анық емес) – клиникалық көрінісі полиморфты, өкпенің зақымдалуымен сипатталатын Coxiella burnetii тудыратын зоонозды жұқпалы ауру.

Таксономиясы

  • Аурудың қоздырғышы – Gracilicutes бөліміне, Rickettsiacaeae тұқымдасына, Coxiella burnetii рикетсиясы. Rickettsiacaeae тұқымдасынан шығарылған, Coxiellaceae тұқымдасына, Legionellales қатарына жатады, гамма-протеобактериялар құрамына кіреді.

Морфологиясы, дақылды өсіру.

  • Олар грамм теріс, қозғалмайтын, кокк немесе таяқ тәрізді құрылымдар. Coxiella burnetii вирустардан зат алмасуының автономдылығымен ерекшеленетін облигатты жасушаішілік паразиттер. Жасуша дақылында, тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында өсіріледі.

Резистенттілігі

Физикалық, химиялық факторларға тұрақты. 90 градусқа дейін қыздырғанда 1 сағаттан аса сақталады, қоршаған ортада ұзақ сақталады.

Жануарлардың сезімталдылығы

Қоздырғышқа зертханалық және ауылшаруашылық жануарлары өте сезімтал.

Эпидемиологиясы, клиникалық белгілері

Қу-қызба барлық жерде таралған. Сүтқоректілер, құстар, буынаяқтыладың көптеген түрлерінде Coxiella burnetii паразиттілік өмір сүреді. Эпидемиялық қауіптілігі әсіресе үй жануарлары мен кеміргіштердің кейбір түрлері көрсетеді. Қоздырғыштың табиғи ошақтардағы таралу жолы – трансмисиялық (кенелер). Ауылшаруашылық ошақтарында қоздығыштың көзі болып, ірі және ұсақ малдар, жылқылар, түйелер б.т. Қоздырғыштың таралу жолы ауа тамшы арқылы ( ауру жануардың терісін өңдегенде) және тағам арқылы ( ауру жануардың сүт және сүт өнімдерін қолданғанда). Науқас адамнан сау адамға ауру жұқпайды. Қоздырғыш қанға түсіп, көптеген мүшелерге таралады. Мүшелердің көбін, әсіресе өкпені зақымдайды. Ағымы қызбалық аурулар сияқты.

Микробиологиялық диагностикасы

  • Қаннан, қақырықтан қоздырғышты бөліп алуға негізделген. Осы мақсатпен материалды науқастан теңіз шошқасына, тышқандарға егеді. Теңіз шошқасының көкбауырынан қоздырғышты тауып, тауық эмбрионында дақылдау жолымен бөліп алады. Сериолиагностика үшін АР,КБР,ИФТ қолданылады. Диагноз үшін антигенмен тері- аллергиялық сынама жүргізілуі мүмкін.

Емі, сақтандыруы

Антибиотиктердің тетракциклин қатары және левомицитин қолданылады.

Бейспецификалық сақтандыру үшін санитарлық-ветеринарлық шаралар жүргізіледі. Имунитетті тудыру үшін М-44 штамынан алынған тиімді тірі вакцина қолданылады. Тұрақты иммунитет қалыптасады, қайталап ауру сирек кездеседі.


Назарларыңызға
рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет