Қатынас ыдыстар. Су құбыры



Дата11.03.2023
өлшемі1,14 Mb.
#73363
түріСабақ

Қатынас ыдыстар.Су құбыры


Үй тапсырмасын сұрау
“«Еске түсіру»
№1. Тапсырма:Цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?
№2. Тапсырма:Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан алысқа шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
Жаңа сабақ
Егер шайнектің шүмегі өте қысқа болса, су шүмектен ағып кете береді, ал аса ұзын болса су шүмектен бұрын оның қақпағы астынан төгіледі. Сондықтан шайнек пен оның шүмегі бірдей деңгейде тұрады.
Сұйық құйылған бәріне ортақ бөлігі бар ыдыстар - қатынас ыдыстар деп аталады.
1-сурет
2-сурет
а
б
Екі шыны түтікті резіңке түтікпен жалғап оны сумен толтырайық. Сөйтіп оларды бір-бірімен жоғары-төмен қозғалтып салыстырғанда түтіктердегі судың деңгейі өзгермейтінін көреміз.
Енді осы тәжірибені әртүрлі пішіндегі шыны түтіктермен алмастырып қайта жасаймыз. Сонда кез-келген пішінді қатынас ыдыстардағы сұйық деңгейі бірдей болатынына көз жеткіземіз.
3-сурет
Демек кез-келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бір деңгейде болады.
Қатынас ыдыстар тармақтарының біріне глицерин, екіншісіне су құйсақ глицериннің бағаны судың бағанын теңгеретінін байқаймыз, яғни
Мұның былай болуы түсінікті. Сұйықтың ыдыс қабырғасы түсіретін қысымы сұйық бағанының биіктігі мен оның тығыздығына тура пропорционал екені белгілі. Демек қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.
Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.
Халықты және зауыт-фабрикаларды, т.б. өндіріс орындарын сумен қамтамасыз ету үшін жасалынған инженерлік құрылысты су құбыры деп атайды.
Бүгінгі сабақ бойынша рефлекция
Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет