Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп



Pdf көрінісі
Дата24.01.2023
өлшемі108,54 Kb.
#62603
Байланысты:
Арай



“Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп” КММ 
Тақырыбы: 
Терроризм мен экстремизм 
болашаққа төңген қауіп 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орындаған:Мажитова А 
 
 
 
 
 
 
2021-2022 оқу жылы 


Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. 
Терроризм адамзат тарихы секілді ескі бір ауру ретінде жалғасып келеді, 
өкінішке орай. Адам пайғамбардың бір ұлы Қабылдың інісі 
Абылды өлтіруімен басталған террор бүгінге дейін келіп жетті.Алғаш адам 
секілді ескі болып табылатын терроризм өкінішке орай, кей-кейде 
адамдардың өмірін кепілге де алды. 
Дәл осындай жағдай елімізде де орын алған болатын! 
2011 жылдың мамырында Ақтөбеде алғаш рет лаңкес өзін-өзі жарды. 25 
жастағы Рақымжан Мақатов ҰҚК департаментінде қолдан жасалған 
бомбаны іске қосты. Мақатов оқиға орнында қаза тапты, тағы 3 адам 
жараланды.
2011 жылдың шілдесінде Ақтөбе облысы Шұбаршы ауылында 
радикалды топ өкілдері полицияға шабуыл жасады. Бірнеше күнге 
созылған операцияда 9 содырдың көзі жойылып, 2 полицей мен арнайы 
жасақтың 1 сарбазы қайтыс болды. 
2011 жылдың 31 қазанында Атырауда екі жарылыс тіркелді. Алдымен 
тұрғын үйдің маңында қоқыс жәшігі жарылса, бірнеше минуттан кейін 
жанкешті өзін-өзі жарды. «Халифат сарбаздары» тобы терактілерді 
ұйымдастырғанын мойындады. 
2011 жылдың қарашасында Таразда Мақсат Қариев есімді лаңкес 
жалғыз өзі жеті адамды мерт қылды. Олардың бесеуі полиция мен ҰҚК 
сарбаздары болатын.
2011 жылдың қарашасында Алматы іргесіндегі Боралдай кентінде 
автокөлікті тоқтатпақ болған екі полицейді лаңкестер атып өлтірді. 
Желтоқсан айында Боралдайда арнайы операция ұйымдастырылып, 5 
содырдың көзі жойылды. «Арыстанның» 2 сарбазы қаза тапты. 
2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысы Таусамалы кентінде жер 
үй жарылды. Оқыс оқиғадан 4 әйел мен 5 бала көз жұмды. Кейін олардың 
лаңкестерге қатысы бар екені анықталды.
30 шілдеде Алматыда полицейлерге шабуыл жасауы мүмкін деген 
күдіктілерді ұстау операциясы ұйымдастырылды. Бірақ олар тәртіп 
сақшыларына оңайлықпен берілген жоқ. «Ақкент» тұрғын үй кешенінде 
болған операциядан алты күдікті қаза тапты. 
2012 жылдың тамызында Іле-Алатау ұлттық паркінде 12 адамның 
мүрдесі табылды. Кейінірек ауыр қылмысты діни экстремистер жасағаны 
хабарланды.
2012 жылдың 5 қыркүйегінде Атырауда жарылыс болды. 21 жастағы 
Нұрлыбек Сақауов есімді жігіт көз жұмды.
Қыркүйектің 15-інде Атырау қаласыда теракт тіркелді. 2 полиция 
қызметкері жараланды.


2016 жылы көктемде Қарағанды облысында лаңкестік топ өкілдерін 
ұстау операциясы кезінде жарылыс болды. Радикалды топ Балқаштағы 
құқық қорғау органдарына шабуыл жасамақ болған. 
Ақтөбе қаласындағы теракт. 2016 жылдың 5 маусымы 
Қазақстандағы ең ірі теракт Ақтөбе қаласында тіркелді. 2016 жылдың 5 
маусымында содырлар қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл 
жасады. Лаңкестік оқиға мен арнайы операцияда 26 адам қаза тапты. 
Олардың 5-і — қала тұрғыны, 3-і — әскерилер, 18-і — қылмыскерлер.
Араға бір ай салып, Алматыда тағы бір теракт болды. Руслан Күлекбаев 
есімді террорист 10 адамды мерт қылды 

2006 жылғы қазанда ҚР Бас Прокурорының мәлімдемесі бойынша ҚР 
Жоғарғы Сотымен келесі халықаралық ұйымдар террористік деп танылып, 
олардың Қазақстан территориясындағы қызметіне тыйым салынды: 
1. «Әл-Каеда»; 
2. «Шығыс Түркістан ислам партиясы»; 
3. «Күрд халықтық конгресі»; 
4. «Өзбекістан ислам қозғалысы»; 
5. «Әсбат-әл-Ансар»; 
6. «Мұсылман бауырлары»; 
7. «Талибан» қозғалысы»; 
8. «Боз Кұрт»; 
9. «Орталық Азия моджахедтер жамағаты»; 
10. «Лашқар-и-Тәйба»; 
11. «Әлеуметтік реформалар қоғамы». 
Әлемде орын алған ең ауқымды терракттың бірі “Дүниежүзілік сауда 
орталығы”(Башня близницов). Бұл ғимараттар біраз уақыт бойы әлемдегі 
ең биік ғимарат болып келген. 2001 жылы 11 қыркүйекте ланкестік 
шабуылдан кейін мұнаралар жермен жексен болды. 
Қортынды: 
“Менің террористім жақсы, сенің террористің жаман” деген пікірден 
қашан құтылатын болсақ, осы қатерді жеңе аламыз. Әйтпесе бүкіл әлем 
болып оның қайғы-қасіретін әлі көп шегетін боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет