Кафедра: Эпидемиология Когорттық зерттеу. Артықшылықтары ме кемшіліктері



Дата19.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#102222
Байланысты:
256657.pptx

Кафедра: Эпидемиология

Когорттық зерттеу. Артықшылықтары ме кемшіліктері.



Орындаған: Мансурова И.М.
Қабылдаған: Жақан Ж.Ж.
Тобы:13-002-01
Факультет: ҚДС
Курс: 5
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Когорттық зерттеу

  • Когорттық зерттеу- анализдік(сараптау) проспективті зерттеулерге жатады. Себептің және қауіп факторының аурудың болжамымен байланысын зерттейді. Қауіп факторы- аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар.Мысалы: АГ ауруының қауіп факторлары-гиподинамия, гиперхолестеринемия, тұқымқуалаушылық, шылым шегу т.б.

Артықшылығы:

  • Когорта – қандай да бір жалпы белгілерімен біріктірілген топ. (мысалы сау немесе аурудың белгілі бір сатысындағы адамдар)
  • Үздіксіз бақылау процесінің қай жартысында ауру дамығаны анықталады
  • Зерттеудің басында қорытынды белгісіз болады
  • Қауіп факторының әсеріне душар болғандардың ағымын проспективті зерттейді
  • Қорытындыны бағалау үшін көптеген жылдар бойы бақылау қажет
  • «Жағдай-бақылау» зерттеуімен салыстырғанда қымбатырақ
  • Уақыт ағымы бойынша өзгерістерді бақылауға болады
  • Бір фактордың әсеріне байланысты бірнеше қорытынды алуға болады
  • Бір нәтижеге әсер ететін бірнеше факторларды анықтауға болады.
  • Зерттеудің мақсатын анықтайтын сұрақ қарапайым.Мысалы:б елгілі бір фактордың әсеріне душар болғандар ауыруы мүмкін бе?
  • Нәтижесі белгілі болғанда туындайтын жүйелі қатені болдыртпайды

Кемшіліктері:

  • Көп уақытты қажет етеді
  • Сирек кездесетін ауруларға арналмаған
  • Когорттық зерттеудің негізгі кемшілігі – сирек қорытындыларды зерттеу үшін үлкен топтарды ұзақ уақыт бойы бақылау керек
  • Қаражатты көп қажет етеді
  • 100% бақылау мүмкін болмайды,өйткені уақыт өткен сайын зерттелетін фактордың әсері мен сипаты өзгеруі мүмкін.

Когорттық зерттеу

Жағдай бақылау

Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтаудан басталады.

Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтау міндетті емес

Оқиға іріктелмейді, үздіксіз бақылаудың нәтижесінде анықталады.

Оқиғаны пациенттердің арасынан зерттеуші өзі таңдап алады

Бақылау тобы іріктелмейді, табиғи жолмен құрастырылады

Тәжірибе тобына ұқсас бақылау тобы іріктеліп алынады

Әсер ететін фактор ауру пайда болғанға дейін бағаланады.

Әсер ететін фактор ауру пайда болғаннан кейін бағаланады. (өткенді еске түсіру)

Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланады

Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланбайды, оны тек қана мүмкіндікке (шанс) байланысты бағалауға болады.

проспективті

ретроспективті

Жағдай бақылау мен когорттық зерттеудің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет