Пән Жалпы химия есептері мен жаттығулары 1 Дәріс: Химиялық есептерді шығарудың жалпы әдістемелік талаптары Химиялық есептердің жүйесі, оның химия курсындағы орны, есептердің классификациясы. Масса, салыстырмалы атомдық масса және атомдар мен молекулалардың молярлық массасы. .
Қазіргі кезде елімізде білім беру жүйесін қайта қарап, жаңа заманның талабына сай өзгертулер енгізуімен байланысты еліміздің алға қойылып отырған міндеттерінің бірі – білім алушылардың терең білім алуына жағдай жасау.

Сол себепті, химияны игергенде есепті шығара білуге көп көңіл аударылады. Одан басқа, есепті шығара білу химиялық процестің теориясын тезірек игеруге көмектеседі.
Есептерді шығаруды жоспарлағанда заттардың негізгі физикалық сипаттамасын (массасын, көлемін, тығыздығын) және әрекеттесетін жүйенің жағдайының параметрлерін (заттың температурасын, концентрациясын, қысымын) және де осы көрсеткіштердің өлшем бірлігін білу керек.