Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары



бет1/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары

  1. Мектеп химия курсындағы маңызды ұғымдардың сипаты, ұғымдардың жіктелуі, мектеп химия курсында ұғымдар жүйесінің құрылу және іске асырылу ұстанымдары туралы жазыңыз.

Химиялық реакция туралы алғашқы ұғым “Химиялық алғашқы ұғымдар” тақырыбында қалыптасады. Мұнда химиялық реакциялардың физикалық құбылыстардан ерекшелігі, жүзеге асу жағдайлары, сыртқы белгілері туралы, қосылу, айырылу және орын басу реакциялары жайында алғашқы қарапайым түсінік беріледі. Оқушылар реакцияның сандық сипаттамаларымен танысады. Қандай ғылым болмасын бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен түрады, оларды жетік түсінбейінше ғылымның мазмұнын игеру мүмкін емес. Орта мектептегі химияның курсы да аса маңызды алғашқы ұғымдарды қалыптастырудан басталады. Тақырыптың білім берудегі міндеттеріне мыналар жатады: химия пәні, зат, химиялық элемент, химиялык реакция, химиялык, символика туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру; алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың теориялык, негізі болатын атом-молекулалық ілімнің қағидаларын саналы меңгерту; олардың түрғысынан заттардың касиеттерін, химиялык реакциялардың механизмін түсіндіру; құрам тұрақтылық заңын, масса сақталу заңын саналы игерту, қолдана білуге, атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіре білуге үйрету; эксперименттік біліктер қалыптастыру: химия зертханасында жұмыс істеу ережелерімен, кауіпсіздік техникасымен таныстыру; қыздыру аспаптарымен, зертханалық штативпен, реактивтермен, ыдыстармен, т. б.жүмыс істей білуге баулу; оқушыларды дамыта оқыту мақсатында әр ұғымды игерудегі олардың белсенділігін арттыру, тәжірибе қою, бақылау, талқылау, қорытынды жасау біліктерін қалыптастыру; ұғымның мазмұнын, көлемін, елеулі белгілерін, мәнін ашу және мысалдар келтіру, анықтама беру, ұғымдар жүйесіндегі орнын табу және қолдану біліктерін қалыптастыру. Химиялық негізі мақсаты- элементтердің негізі сапасын оқып үйрену… Химияны оның қазіргі күйіне қарап элементтер жайындағы ілім деп те айтуға болады: Осыған орай, химиялық элементтерді периодтық заңын және периодтық жүйесін оқып-үйренуде элемент-метал және элемент – нағыз бейметалл, элемент – ауыспалы металл, металдық және бейметалдық қасиет, жай зат – металл және жай зат – бейметалл деген түсініктердің (ұғымдардың) қалыптасүына үлкен көңіл бөлген дурыс. Бұл ұғымдардың әр қайсысы нақты мазмұнға ие, белгілі бір мәлімет (информация) береді. Заттардың қасиеттерін зерттеу таза зат және қоспа ұғымдарына әкеледі. Оқушыларға күнделікті тұрмыстан (лай, су, сүт) және табиғаттану пәндерінен (гранит) белгілі қоспалар еске түсіріледі. Қатты заттардың қатты заттардағы, қатты заттардың сұйықтағы ерімейтін және еритін, сұйықтың сұйықтағы еритін және ерімейтін қоспалары кѳрсетіледі. Соның нэтижесінде оқушылар әр қоспа ең кемі екі заттан тұратынын, оның біреуі - негізгі зат, екіншісі қосымша деп аталатынын біледі. Қоспаның қасиеттерімен танысу үшін темір мен күкірттің қоспасын зерттейтін зертханалық жұмыс ѳткізіледі. Оқушылар алдымен күкірттің, содан соң темірдің, ақырында екеуінен тұратын қоспаның қасиеттерін зерттейді, оларға судың және магниттің эсерін байқайды. Бақылау нэтижесін кесте түрінде жазады. Зертханалық жұмыстан шығатын қорытынды: қоспада оның құрамына кіретін әр заттың қасиеттері сақталады. Табиғатта заттар кѳбінесе қоспа түрінде кездеседі. Оқушылар «заттардың өзгерістері», «құбылыс», «физикалық және химиялық құбылыс», «айналу» терминдерімен белгіленетін жалпы ұғымдардың ара қатынасын түсіну арқылы химиялық реакция ұғымына келеді. Мұнда анықтаусыз енгізілетін ұғым - өзгеріс арқылы құбылыс туралы түсінік беріледі. Заттардың кез келген өзгерістері құбылыс деп аталады, ол екі түрлі: физикалық құбылыстар және химиялық құбылыстар. Химияның алғашқы сабақтарында физикалық және химиялық кұбылыстардың эмпирикалық ұғымдары қалыптасады. Ол үшін бірнеше кѳрнекі керсетілетін және зертханалық тәжірибелер жасалады. Әсіресе, бір затпен жасалатын әр түрлі тәжірибелер кѳрнекі нәтиже береді. Оқушылар химиялық реакциялардың жүргенін сыртқы белгілеріне қарап біледі, оларға жататындар: тұнбаның түзілуі және еруі, газдың түзілуі мен сіңірілуі, түстің пайда болуы немесе ѳзгеруі, жылу мен жарықтың бѳлінуі және сіңірілуі. Заттың құрылысын түсіндіретін ең қарапайым көзқарас - атом-молекулалық іліммен таныстырылады. Әдістемелік ізденулерді зат туралы алғашқы ұғымда жүйелі қалыптасуының атом-молекулалық деңгейі қанағаттандырмайды. Олар атом, химиялық элемент, валенттік ұғымдарын бірден электрондық теория тұрғысынан беру керек деп есептейді. Осы саладағы өздерінің тәжірибесін ортаға салады.

  1. Қазіргі педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердегі «оқыту әдісі» ұғымына сипаттама беріңіз. Оқыту әдістері мен амалдары жүйесі және оны химияны оқытуда пайдалануға мысалдар келтіріңіз.

Әдіс - іс-әрекетті жүзеге асырудың бір жолы. Ол кез келген адамның сарамандық және теориялық іс-әрекетінде белгілі бір мақсатқа жетудің қажетті мүмкіндіктерін игеруінің тәсілі. Оқыту әдісін тек оқытушының ғана іс әрекеті, немесе соның ғана қызметі деп түсінуге болмайды. Ол оқушы мен мұғалімнің бірігіп, мақсатқа жету жолындағы ізденісі, іс -әрекеті болып табылады. Оқыту әдістері дегеніміз белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі. Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мұғалімі оқушыларын білім және бікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Оқыту әдістері жалпы әдістер тобы және жеке әдістер болып жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме - иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тармадалады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз - көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.

  1. Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру - жалпы әдістің сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады: а) баяндау (дәріс, әңгіме); ә) әңгімелесу; б) текспен өздігінен жұмыс. Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру әдісі - мұғалімнің екі негізгі іс - әрекетін жаңа білімді баяндап түсіндіруін көрсетеді. Мұғалімнің оқу материальн баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық және көрсетілімді пайымдау тәсілі.

Әдістемелік әдебиеттерде ауызша баяндауды шартты түрде монологтық (әңгіме, дәріс), диалогтық (әңгімелесу), аралас (әңгімелесу, элементі бар әңгіме не дәріс) деп үшке жіктейді. Әңгіме 10-25 минутқа созылатын кысқа мерзімді баяндау. Оқу материалының мазмұнына қарай суреттеу, түсіндіру немесе мәселе тұрғысынан сипатты болуы мүмкін. Оның құрылымы үш бѳліктен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды. Дәрістің әңгімеден айырмасы - ұзақ мерзімді (30-40 минут) баяндауға жатады, жоғарғы сыныптарда жиі қолданылады. Орта мектеп реформасында, жаңашыл мұғалімдер іс-тәжірибесінде, кейінгі методикалық әдебиеттерде дәріске көп көңіл бөлінеді, оның тиімділігі нақты дәлелденген. Әңгімелесу диалогтық (екі жақты) баяндауға жатады . Әдістің мәні - мұғалім сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайырады, сондықтан кейде сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Баяндалғалы отырған материалдың кейбір мәселелері оқушыларға бұрынғы сыныптардан, басқа пәндерден, ѳмірден және т.б. таныс болғанда қолданылады.

  1. Сѳз-кѳрнекі әдістер тобы. Көрнекі құралдарды көрнекі көрсету арқылы баяндау. Сөз - көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; ә) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу; б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс. Химияны оқыту барысында алуан түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады, олар 5 топқа жіктеледі; 1) заттар мен әрекеттер (заттар, ұүралдар, құбылыстар); 2) көлемді көрнекі құралдар (макеттер, нақ- пішіндер); 3) бейнелеу көрнекі құралдары (суреттер,картинкалар, плакаттар, дианозитивтер, фильмдер); 4) графикалық көрнекі құралдар (сызбанұсқалар, диаграммалар); 5) символикалық көрнекі құралдар.

  2. Сөз-кѳрнекі -сарамандық әдістің мәні - оқушылардың сарамандық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру. Бұған жататындар: оқушылардың экспериментгік (зертханалық жұмыстар, сарамандық тәжірибелер) жаттығулар жасау химиялық есептер шығару, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау. Мұның бәрі оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары, оны жаппай, топпен және жеке түрде ұйымдастыруға болады.

Іздестіру әдістері мәселе қою, жорамал ұсыну, оны тексеру және қорытынды жасаудағы оқушылар белсенділігінің артуымен сипатталады. Оған мәселені баяндау, эвристикалық әңгімелесу, көрнекі құралдарды өздігінен істейтін тәжірибе жұмыстары, кітаппен жұмыс, т.б. жатады.
Жаңа оқыту жүйесін пайдалана отырып, химия пәнін оқытуды тағы да мынадай бағыттарда жүргізуге болады:
- химия біріктірілген жүйе бойынша, яғни белгілік-таңбалық кѳрнекіліктер түрлері (“тірек сигналдары”, “тірек конспектілері”, “тірек белгілері” және “тірек таңбалары”);
- ұжымды оқыту жүйесі;
- модулды оқыту жүйесі (блоктап оқытудың жетілдірілген түрі);
- шоғырландырып, қарқынды оқыту жүйесі;
- сабаққа жергілікті жер материалдарын пайдаланып оқыту;
- сабақты компьютерлеу және ақпараттандыру;
- химия сабағын экологияландыру;
- химия сабағының эксперименттік бөлігін кѳбейту;
- педагогикалық эксперимент жүргізуге баулу.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет