Абсорбциялық спектроскопияға жалпы мағлұмат.Спектроскопиялық анализ әдістері анализденетін зат шығаратын немесе жұтатын электромагниттік сәуле қарқындылығын өлшеуге негізделген (эмиссионды спектральды анализ). Соңғы жағдайда анализ әдістері абсорциялық деп аталады. Олар ғылым мен техникада кең таралған. Абсорбциялық спектроскопия кұралдарының құрылымдық ерекшеліктері мен сызбаларының көп түрлігіне қарамастан, олардың әрқайсысы қызметтері әр құралда шамамен бірдей бірнеше негізгі түйіндерден тұрады. Ондай түйіндер: жарык көзі, жарықтың монохроматизаторы, зерттелетін заты бар кювета, рецептор (жарық қабылдағыш).
Осы негізгі түйіндерге жарықтың параллельді шоғырын жасау үшін, жарықтың бағыты мен орталық тандырылуын өзгерту үшін арналған линзалар, призмалар мен айналардан тұратын оптикалық жүйені, сонымен қатар жарық ағындарының (диафрагмалар, оптикалық клиндер және т.б.) қарқындылығын реттеуге арналған жүйені қосу керек. Абсорбциялық спектроскопия құралдарында жарық жарық тандыру көзінен монохроматизатор арқылы өтіп, зерттелетін ерітіндісі бар кюветаға түседі. Кювета аркылы өткен монохроматикалық жарықтың қарқындылығы жарық қабылдағышпен (рецептор) өлшенеді. Әдетте, зерттелетін ерітінді және еріткіш немесе арнайы алынған салыстырмалы ерітінді арқылы өткен монохроматикалық жарық қарқындылықтарының қатынасы арқылы анықтайды. Спектроскопиялық анализ әдістері анализденетін зат шығаратын немесе жұтатын электромагниттік сәуле қарқындылығын өлшеуге негізделген (эмиссионды спектральды анализ). Соңғы жағдайда анализ әдістері абсорциялық деп аталады. Олар ғылым мен техникада кең таралған.