Ауа- бұл адам тіпті өте қысқа уақытқа да онсыз тұра алмайтын құбылыс. Алайда адамдар қандай ауамен тыныс алып жатқандарына мүлдем назар аудармайды. Бірақ та ауаны біз пайдалы және пайдасыз деп бөлуге болады және ол ғылыми дәлелденген дүние, яғни бірі денсаулықты жақсартса, екіншісі жаймен өлімге әкелуі мүмкін.
Табиғи иондану ауа ортасына ғарыштық сәулеленудің және олардың ыдырауы кезінде радиоактивті заттар шығаратын бөлшектердің әсер етуі нәтижесінде болады.
Табиғи иондану ауа ортасына ғарыштық сәулеленудің және олардың ыдырауы кезінде радиоактивті заттар шығаратын бөлшектердің әсер етуі нәтижесінде болады.
Жасанды иондау ауаның шектеулі көлемінде белгілі бір полярлық иондардың берілген концентрациясын қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар – ионизаторлар арқылы жүзеге асырылады.
Технологиялық иондау – технологиялық процестің әсерінен радиоактивті, рентгендік және ультракүлгін сәулелену, жылулық сәуле шығару, фотоэффект және басқа иондаушы факторлар әсер еткенде.
Ауаның ионизациясы
ауаның бейтарап атомдары мен молекулаларын электрлік ластанған бөлшектерге (иондарға) айналдыру процесі. Табиғи және жасанды деп бөлінеді.
Аэроионизаторлар
Грек. Aer- ауа+ion - жүргізуші
Ауаны жасанды иондауға арналған аэроиондар генераторы. Түрлері: электрлік, гидродинамикалық, радиоизотопты, термоэлектронды, ультракүлгін, аралас
Ауаның иондануы
Ауаның иондануы физикалық табиғат факторларының бірі болып табылады, оның рөлі мен маңызы өткен ғасырдың ортасында ерекше қарқынды зерттелді. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілді. Осылайша, ауа иондарының мөлшері әртүрлі табиғи жағдайларда (оңтүстік, орта және солтүстік ендіктер, таулар, мұхит жағалаулары), қалалар мен ауылдық аумақтардың ауасында, тұрғын үйлерде және жұмыс орындарында бағаланды. Ауа иондарының биологиялық маңызын анықтау, аурулардың әртүрлі нысандарын ауа иондарымен емдеу кезінде ауа иондарының көбейген санын ингаляциялау сеанстарының тиімділігін анықтау әрекеттері жасалды.
Ағзаға әсері
Адамның ағзасына әсерін ететін ауаның қасиеттерінің бірі, ауаның иондануы болып табылады. Иондану, яғни ауаның құрамындағы молекулалар мен атомдардың қарама-қарсы зарядталған иондарға ыдырауы, негізінен ғарыштан және күннен келетін сәулеленулердің, ауа мен топырақ радионуклидтері сәулеленуінің әсерінен, сондай-ақ, судың тозаңдануыкезінде жүреді. Әуелі атомнан электрон бөлініп шығады, осының нәтижесінде бейтарап атом оң зарядталады, ал электрон, басқа бейтарап атомға қосылып, теріс ион түзеді. Түзілген мономолекулярлы аэроиондар әдетте өміршең емес. Олар өздеріне газдың 10-15 молекулаларын қосып алып, тұрақтылығы жоғарылау болатын, жеңіл иондарға айналады. Бірақ, олардың өмір сүру уақыты 1-2 минуттан аспайды, себебі ауаға араласқан шаң бөлшектерімен, су тамшыларымен, микроб денелерімен жанасқанда, олар орта және ауыр иондар түзеді. Ауада иондану үрдістерімен қатар, кері үрдіс – әр түрлі зарядталған иондардың өзара әсерлесу нәтижесінде бейтарап атомдардың түзілуі жүреді.Ауаның иондануының жақсаруына ластаушы заттарды сіңіретін жасыл желектер және тозаңдалып тұрған судың иондаушы әсерінің арқасында ашық суаттар мен фонтандар да ықпал етеді.
Өнеркәсіптік ортада жұмысшының денсаулығы мен өмiрiне тиетін қауiптi көздері көп болады. Олар: кеңсе және бұйымдар, технологиялық, энергетикалық, кетеру көлік және басқа да қондырғылар, келік, белшектер және басқада материалдық объектiлер. Өндiрiстiк ортадағы бір элемент бірнеше қауiптi тудыруы мүмкін, мысалы: шу, вибрация, кеңістік сферасының ластануы және тағы басқалар. Осындай өзгерiлетiн қауіптерді техногендiк деп атайды.Техногендi қауіптер потенциалды және реалды болып екіге бөлінеді.Потенциалды қауiп дегенiмiз қызметкер денсаулығына жасырын (потенциалды) факторлармен әсер етуін айтамыз.Реалды қауіп деп қазiргi уақытта немесе белгілі бір уақыт ішінде қызметкер денсаулығына кері әсер ететін факторларды айтамыз.