Ауданныњ ќоѓамдыќ саяси



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата31.03.2017
өлшемі4,31 Mb.
#10935
1   2   3   4   5   6   7

Т.НУРГАЛИЕВ,

помощник прокурора района.

Igiman01@mail.ru

24 қаңтар 2015 жыл

4

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің   2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен     



бекітілген   «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз 

қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе 

қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет  стандартын  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  (бұдан  әрі  –  Министрлік)  әзірлеген.  3.  Мемлекеттік 

көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі 

– көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz арқылы 

жүзеге  асырылады.    2.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  тәртібі  4.  Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  мерзімі:  1)  көрсетілетін  қызметті 

берушіге  құжаттар  топтамасы  тапсырылған  сәттен  бастап,  сондай-ақ  порталға  өтініш  берген  кезде  –  күнтізбелік  30  (отыз)  күн 

ішінде;  2)  көрсетілетін  қызметті  алушының  құжаттар  топтамасын  тапсыруы  үшін  күтудің  рұқсат  берілетін  ең  ұзақ  уақыты  –  20 

минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.  

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік 

қызмет  көрсетудің  нәтижесі  –  осы  мемлекеттік  қызмет  стандартына  1-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  ата-анасының 

қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу 

туралы  анықтама  не  осы  мемлекеттік  қызмет  стандартының  10-тармағында  көрсетілген  жағдайларда  және  негіздер  бойынша 

мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік 

көрсетілетін  қызметті  қағаз  жеткізгіште  алу  үшін  өтініш  берген  жағдайда,  нәтижесі  электрондық  форматта  ресімделеді,  қағазға 

басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Портал  арқылы  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  нәтижесі  көрсетілетін  қызметті  алушы  «жеке  кабинетіне»  көрсетілетін 

қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат 

форматында  жіберіледі.  7.  Мемлекеттік  қызмет  тегін  көрсетіледі.  8.  Жұмыс  кестесі:  1)  көрсетілетін  қызметті  беруші:  Қазақстан 

Республикасының  еңбек  заңнамасына  сәйкес  демалыс  және  мереке  күндерін  қоспағанда,  дүйсенбіден  бастап  жұманы  қоса 

алғанда  көрсетілетін  қызметті  берушінің  белгіленген  жұмыс  кестесіне  сәйкес  сағат  13.00-ден  14.30-ға  дейінгі  аралықтағы  түскі 

үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және оған жедел қызмет көрсету қарастырылмаған; 2) портал: тәулік бойы 

(жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге  байланысты  техникалық  үзілісті  қоспағанда).  9.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  жүгінген  кезде 

мемлекеттік  қызмет  көрсету  үшін  қажетті  құжаттардың  тізбесі:  1)  көрсетілетін  қызметті  берушіге:  осы  мемлекеттік  көрсетілетін 

қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке адамның аудандық, қалалық бөлімдер, облыстық, республикалық 

маңызы бар қаланың білім басқармалары басшыларының атына өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші; егер 

қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі; 

осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартына  3-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  қорғаншы  (қамқоршы)  болуға  ниет 

білдірген  адам  некеде  тұрған  жағдайда,  жұбайының  (зайыбының)  денсаулық  жағдайы  туралы  медициналық  қорытынды;  егер 

көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама; көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс ор-

нынан берілген мінездеме; некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі (егер некеге тұрған болса); бала 

2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігі; баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық 

анықтама және баланың даму тарихынан үзінді; баланың оқу орнынан анықтама; аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың 

тұрғылықты жері туралы мәлімет.

Бала  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  білім  беру  ұйымдарында  тұрған 

жағдайда, баланың туу туралы куәлігі (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), баланың денсаулық жағдайы туралы 

медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді, баланың оқу орнынан анықтама, аға-інілері мен апа-қарындастары 

және олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет ұсыну талап етілмейді.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, 

тиісті  құжаттардың  қабылданғаны  туралы  қолхат  береді:  сұраныстың  нөмірі  мен  қабылданған  күні;  сұралатын  мемлекеттік 

көрсетілетін қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттар берілетін күні (уақыты) және орны;  көрсетілетін 

қызметті берушінің құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкерінің аты-жөні, сондай-ақ болса, әкесінің аты;  көрсетілетін 

қызметті  алушының  аты-жөні,  сондай-ақ  болса,  әкесінің  аты  және  байланыс  телефондары;  2)  порталға:  көрсетілетін  қызметті 

алушының  ЭЦҚ  куәландырылған  электрондық  құжат  нысанындағы  сұрау;  осы  мемлекеттік  қызмет  стандартына  3-қосымшаға 

сәйкес  нысан  бойынша  қорғаншы  (қамқоршы)  болуға  ниет  білдірген  адам  некеде  тұрған  жағдайда,  жұбайының  (зайыбының) 

денсаулық  жағдайы  туралы  медициналық  қорытындының  электрондық  көшірмесі;  егер  көрсетілетін  қызметті  алушы  некеде 

тұрмаған  болса,  нотариалды  расталған  анықтаманың  электрондық  көшірмесі;  көрсетілетін  қызметті  алушыға  жұмыс  орнынан 

берілген мінездеменің электрондық көшірмесі; некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігінің (егер не-

кеге тұрған болса) электрондық көшірмесі; бала 2007 жылға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің электрондық 

көшірмесі; баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың және баланың даму тарихынан үзіндінің электрондық 

көшірмесі;  баланың  оқу  орнынан  анықтаманың  электрондық  көшірмесі;  аға-інілері  мен  апа-қарындастары  және  олардың 

тұрғылықты жері туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.

Бала  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  білім  беру  ұйымдарында  тұрған 

жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), баланың денсаулық жағдайы 

туралы медициналық анықтаманың және баланың даму тарихынан үзіндінің, баланың оқу орнынан анықтаманың, аға-інілері мен 

апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің электрондық көшірмелерін тіркеу талап етілмейді.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілген қызмет алушының жеке басын растайтын құжат 

деректерінің мәліметтерін, көрсетілетін қызметті алушының сотталмағаны туралы анықтаманы, некеге тұру туралы куәлікті (не-

кеге 2008 жылдан кейін тұрған жағдайда), баланың туу туралы куәлігін (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) 

көрсетілетін  қызметті  берушінің  қызметкері  тиісті  мемлекеттік  ақпараттық  жүйелерден  мемлекеттік  органдардың  уәкілетті 

адамдарының ЭЦҚ куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.

Егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  өзгеше  көзделмесе,  көрсетілетін  қызметті  беруші  көрсетілген  қызметті 

алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді 

пайдалануға жазбаша келісім алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 

алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

Баланы  тәрбиеге  алуға  үміткер  адамның  тұрғын  үй-тұрмыстық  жағдайын  зерделеу  актісі  жоғарыда  аталған  құжаттар 

ұсынылғаннан кейін дайындалады. 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:  1) адамды соттың әрекетке 

қабiлетсiз  немесе  әрекет  қабiлетi  шектеулі  деп  тануы;  2)  адамды  соттың  ата-ана  құқықтарынан  айыруы  немесе  сот  ата-ана 

құқықтарын шектеуі; 3) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы 

немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар; 4) егер сот бала асырап алудың күшiн олардың кiнәсi бойынша жойса, 

бұрынғы бала асырап алушылар; 5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыра 

алмайтын адамдар. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, 

астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті 

берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  мәселелері  бойынша  көрсетілетін  қызметті  берушінің  және  (немесе)  оның  лауазымды 

адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша облыстардың, республикалық 

маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі. Шағым жазба-

ша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымның 

қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілетін 

қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады. Шағым тіркелгеннен 

кейін  жауапты  орындаушыны  анықтау  және  тиісті  шаралар  қабылдау  үшін  көрсетілетін  қызметті  берушінің  не  әкімдіктің  бас-

шысына  жолданады.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің,  әкімдіктің  мекенжайына  келіп  түскен  көрсетілетін  қызметті  алушының 

шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы дәлелді 

жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің кеңсесінде қолма-қол 

беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы қорғаншылық және 

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады. Мемлекеттік көрсетілетін 

қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті 

алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

12.  Көрсетілген  мемлекеттік  қызмет  нәтижелерімен  келіспеген  жағдайда,  көрсетілетін  қызметті  алушы  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  сотқа  жүгінуге  құқылы.  4.  Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің,  оның  ішінде 

электрондық форматта көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар.

13.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  орындарының  мекенжайлары:  1)  Министрліктің  интернет-ресурсында:  www.edu.gov.kz;  2) 

порталда: www.e.gov.kz орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды 

нысанда алу мүмкіндігі бар.

15.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік  қызмет  көрсету  тәртібі  және  жағдайы  туралы  ақпаратты  қашықтықтан  қол 

жеткізу  режимінде,  порталдың  «жеке  кабинеті»,  көрсетілетін  қызметті  берушінің  анықтама  қызметтері,  сондай-ақ  мемлекеттік 

қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

16.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мәселесі  бойынша  анықтама  қызметінің  байланыс  теле-

фондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай 

байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Ж.БӨХӨН,

қорғаншылық, қамқоршылық органының маманы.

Өрт қауіпсіздігін сақтау  айлығын өткізу туралы

Қазақстан  Республикасы  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы» 

Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына  сәйкес және Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 

47-бабына  сәйкес  тұрғын  үйлерде  өрт  қауіпсіздігін  күшейту,  өртті  болдырмау,  сонымен  қатар  оның  салдарының  алдын  алу 

мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандағы тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлық 2 (екі) кезеңмен 2015 жылдың 1 ақпанынан 

– 15 наурызға дейін және 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізілсін. 

2. «Аудандағы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлық өткізу» туралы Ереже бекітілсін (№ 1 қосымша).

3.  Аудан  аумағында  тұрғындарды  хабарландыру  үшін  қоғамдық  күштер  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарын,  қажетті 

қызметтер өкілдерін тарта отырып, арнайы комиссия құрылсын (№ 2 қосымша). 

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Разбековке жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді

     

  Аудан әкімі                                                                               Е. Қошанбеков 

Аудан әкімдігінің  2015 ж. «___» ____    № ___  қаулысына № 1 қосымша

«Аудандағы тұрғын үй секторында, өрт қауіпсіздігін сақтау  жөніндегі айлық өткізу» туралы

Ережесі


1.Өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлық өткізудің мақсаты

Сарқан ауданының тұрғын секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлық өткізудің (әрі қарай –Айлық) негізгі мақсаты 

азаматтардың меншігін, жеке мүліктерін және өмірін өрттен қорғау болып табылады. Айлық өрт кезіндегі келер залалды шектеу, 

сондай-ақ қоғамды тарта отырып өрт апатының алдын-алу, ролін күшейту және ұйымдастыру-техникалық шараларды пайдалану 

есебінен,  тұрғын  үй  сеторындағы  өрт  қауіпсіздігін  сақтауды  күшейтуге  бағытталған  бақылау,  алдын-алу  шараларын  нәтижесін 

арттыру мақсатында өткізіледі.

2. «Айлықты» ұйымдастыру және өткізу. Өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлық өткізу және ұйымдастыру үшін аудандық 

комиссия құрылады. Комиссия мүшелігіне тұрғын үй секторындағы «Айлықты» ұйымдастыру мен насихаттау жұмыстарын жүзеге 

асырушы, өрт қауіпсіздігін сақтады қамтамасыз ететін ұйымдастырушы қызметкерлер тағайындалады. Комиссия құрамына ма-

мандар,  инженерлер,  техниктер,  үйлердегі  жауапты  және  пәтер  иелері  кооперативінің  (ПИК)  қызметкерлері  кіреді.  Комиссия 

тұрғын үйлердің, құрылыстардың және олардың аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын әзірлейді, «Айлықтың» 

қорытындысын шығарады.  Комиссия мүшелері атқарған жұмыстары туралы ақпаратты 2015 жылдың 15 наурыз мен 15 қазанға 

дейін, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жеңімпаздарды анықтау және оларды көтермелеу үшін «Айлықтың» қорытындысын 

шығаруға аудандық комиссияға береді.

3. Өрт қауіпсіздігін сақтауды жөніндегі талаптар «Айлық» төмендегі талаптарға сайкес өткізіледі: Тұрғын үй секторларында өрт 

қауіпсіздігі сақтау ережелерін, Мемлекеттік өрт бақылау қызметі берген қадағалау «Нұсқауын», байқаушы комиссияның ұсынысын 

орындау; Тұрғын үй ғимараттарын өрт сөндіргіштерімен және басқа да өртті сөндіруге арналған құрал жабдықтармен қамтамасыз 

ету; Тұрғын үй секторларының қарамағындағы алғашқы өрт сөндіру құралдарын, өрт гидранттарын, автоматтандырылған өрттен 

қорғау құралдарын техникалық дайындықта ұстау; Тұрғын үй секторларында өрттің алдын алу шараларын жүргізу, жөндеу мен 

қалпына келтіру, дәнекерлеу және басқа да отқа байланысты жұмыстарды жүргізу барысында өрт қауіпсіздігі тәртібін қатаң сақтау; 

Өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі іс-шаралар туралы нұсқамалар беру және ұйымдастыру, пәтер иелерімен және пәтер жалдау-

шылармен әңгіме жүргізу, тұрғын үйлерді өрттен қауіпсіздендіру туралы жадуалмен (памятка) және нұсқаулармен қамтамасыз ету; 

Тұрғындарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтау ережелеріне үйрету; Бекітілген тұрғын үй секторларында өрттерді болдырмау; 

Пәтер иелерімен және пәтер жалдаушылардың арасында өрт қауіпсіздігін күшейту жөнінде кездесулер, жиналыстар өткізу; Өрт 

қауіпсіздігін сақтау ережелерін насихаттау барысында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс ұйымдастыру.

4. Өртке қарсы сақтықты бағалау тәсілі. Тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу жұмыстарында жоғарыда көрсеткіштерге 

қол жеткізген пәтер иелерінің кооперативтері, ұйымдар, азаматтар «Айлықтың» жеңімпазы болып саналады. Тұрғын үйлерде өрт 

қауіпсіздігін сақтау жағдайы төмендегі сипаттағы белгілер арқылы бағаланады: Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері талаптарының 

орындалуы; Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру – алдын алу шараларының өрындалу көлемі; Пәтер иелері мен пәтер 

жалдаушылар арасында өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін насихаттау жұмыстарының нәтижелері; Әңгімелер және нұсқамалар 

жүргізу арқылы азаматтарға өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін үйрету.

Бағалау балдық жүйе бойынша жүргізіледі: 1. Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерінің уақытында орындалуын қамтамасыз етуші 

пәтер иелерінің кооперативі – 30 балл алады. Өрт қауіпсіздігін сақтау ережесінің орындалмаған әр тармағынан – 2 балл алы-

нып тасталады. 2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ұйымдастырылған шаралардың орындалу көлемі, төмендегі 

көрсетілген тармақтардың орындалуына байланысты қойылатын балдардың қорытындысымен бағаланады.

№ 

ШАРАЛАРДЫҢ АТАЛУЫ  БЕРІЛЕТІН БАЛДЫҢ СОМАСЫ



1.Тұрғын үйлерді нұсқаумен, жадуалдармен, өрт қауіпсіздігін сақтау белгілерімен толық қамтамасыз ету. + 5

2.Тұрғын үйлер шатырының астын, жертөлесін, техникалық қабаттарды, тамбурларды, саты алаңдарын өрт қауіпсіздігін сақтауға 

бағытталған  нұсқаулар  мен  ережелердің  талаптарына  сәйкес  ұстау.  Көшіру  кезінде  жолдарды  жол  сілтемелермен,  электр 

жарықтарымен қамтамасыз ету. + 5

3.Тұрғын үйлерге бекітілген өрт гидранттарын дұрыстап (оңдап) және көрсеткіштерді орнату. + 5

4.Пәтер иелері кооперативіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау бұрышымен жабдықталған, пәтер иелері мен пәтер жалдаушылар арасын-

да, олардың қолдарын қойғыза отырып, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы нұсқау беру. + 5

5.Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тарту. + 5

6.Өрт апатын болдырмау  жол берілген әрбір өртке. 

+ 10 - 2


7.Өрт кезінде адам өлімін болдырмау   - әрбір адам өліміне. 

+ 10  2


Сарқан ауданының ТЖБ бастығы ӨҚҚ майоры                                                               Д. АЗАМАТОВ.

В  центре  обслуживания  населения  Сар-

канского  района  производится  прием  доку-

ментов по государственной услуге  «Выдача  

лицензии на осуществление деятельности по 

хранению,  оптовой  и  розничной  реализации 

алкогольной продукции».

Вместе  с  тем  необходимо  отметить,  что 

с  2015  года    Законом  вводится  ежегодный 

лицензионный  сбор  для  лиц  осуществляю-

щих  оптовую  и  розничную  реализацию  ал-

когольной  продукции.  При  этом  для  лиц 

осуществляющих  розничную  реализацию 

алкогольной продукции сумма ежегодного ли-

цензионного сбора установлена, с дифферен-

циацией в зависимости от административно-

территориальной  единицы,  так  для  города 

Саркан  и  поселков  района  –  70  МРП,  для 

сельских населенных пунктов -30 МРП.

Следует  отметить,  что  согласно  пункту 

3  статьи  472  Налогового  Кодекса  лица,  по-

лучившие  лицензию  на  осуществление  дея-

тельности по хранению, оптовой и розничной 

реализации  алкогольной  продукции,  упла-

чивают  сумму  сбора  ежегодно  до  20  января 

текущего года, за исключением первого года 

осуществления  деятельности  в  соответству-

ющей сфере.

При этом ежегодный лицензионный сбор 

уплачивается за каждый объект деятельности 

и не требует оформления новой лицензии.

За  несвоевременную  уплату  лицензион-

ного  сбора  предусмотрена  ответственность 

в соответствии Кодексом  Республики Казах-

стан об административных правонарушениях 

от 30 января 2001 года. По вопросам получе-

ния лицензии, а также  уплаты лицензионного 

сбора    необходимо  обращаться  в  Центр  об-

служивания  населения Сарканского района.

А.АХМАДИЕВА,

ведущий инспектор РГП ЦОН. 

Изменения по вопросам государственного регулирования 

производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции

Қазақстан 

Республикасы 

Үкіметінің 

2014  жылғы  11  наурыздағы  №  217  қаулысы 

«Мемлекеттік  базалық  зейнетақы  төлемдерін 

тағайындау»  мемлекеттік  қызметі  Халыққа 

қызмет  көрсету  орталығы  арқылы  көрсетіледі.

Көрсетілетін  қызметті  алушы  жеке  тұлғаға 

құқық  иеленуші  оның  өкілі  (сенімхат  бойын-

ша)  орталыққа  жүгінген  кезде  мемлекеттік 

қызмет  көрсету  үшін  қажетті  құжаттар  тізбесі: 

белгіленген  нысандағы  өтініш;    жеке  басын 

куәландыратын құжат;    тұрғылықты жері бой-

ынша  тіркелгенін  растайтын  құжат  (мекенжай 

анықтама); зейнетақылар және жәрдемақылар 

беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының 

не  түзеу  мекемесінің  қолма-қол  ақшаны 

бақылау  шотының  нөмірі  туралы  мәліметтер; 

қорғаншылық 

(қамқоршылық) 

белгіленген 

жағдайда 

қорғаншылық 

(қамқоршылық) 

белгіленгенін  растайтын  құжат;    өтінішті  және 

қажетті  құжаттарды  үшінші  адамдар  берген 

жағдайда – сенімхат.

Салыстырып  тексеру  үшін  құжаттардың 

түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады.

Мемлекеттік  қызметті  көрсету  мерзімі: 

көрсетілетін  қызметті  алушы    ХҚКО-ға 

құжаттардың  тапсырған  сәттен  бастап  –  10 

(он)  жұмыс  күні.  Көрсетілетін  қызметті  алу-

шы  жүгінген  күні  сол  жерде  құжаттардың 

топтамасын  тапсыру  үшін  күтудің  уақыты  15 

мин.  Қабылдану  уақыты  15  мин.  Мемлекеттік 

қызметті  көрсету  нысаны:  электрондық  және 

қағаз  түрінде.  Мемлекеттік  қызмет  тегін 

көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет