Аударманың түрлері
90
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ƏОЖ 81’373; 001.4
А. Есенқұлова
Мемлекеттік тілді дамыту институты, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: ak_muslima@mail.ru
Аударманың түрлері
Аңдатпа. Мақалада аударманың анықтамасы, аудару принциптері, аударма түрлерінің пайда бо-
луы, шетелдік аудармашы, ғалымдардың аударманы қандай түрлерге бөліп, жіктегені баяндалған.
Сонымен қатар аударма ғылымын зерттеуге өз үлестерін қосып жүрген қазақ ғалымдарының да
пікірлеріне шолу жасалған. Жəне де əр аударма түрлерінің өзіне тəн ерекшеліктері, ғалымдардың
берген анықтамалары жүйелі түрде қарастырылған. Аударма түрлерін анықтауда бірізділіктің жоқ
екендігін атап көрсеткен. Мақала ғылыми-көпшілік стильде жазылып, қалың оқырманға арналған.
Түйін сөздер: кемел құнды аударма, метафраз, трансмутация.
Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде
бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің
құралдарымен соған сəйкестікте
немесе толық
құндылықта беру процесі. «Аударма» сөзінің
астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін ауыз-
ша немесе жазбаша мəтінді, сөзді басқа тілде
қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге
аударма сөйлеу қызметінің бір түрі болғандық-
тан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта
құру болып табылады, нəтижесінде мазмұнның
өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды
жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен
ауыстырылады.
Аудару принципі мен аударманың дəлме-
дəлдігі туралы
ұғым заманалар озған сайын
өзгеріп отырады. Мысалы, орта ғасырларда
əріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін
келе жаңғыру дəуірінде, XVII-XVIII ғасырларда
«еркін» аударма етек алды. Одан соң əдебиет
əлемінде балама аударма пайда болды.
Алдымен, шетелдік аудармашы, ғалымдар-
дың аударманы қандай түрлерге бөліп, жікте-
геніне аз-кем тоқталып өтейік.
1680
жылы
ағылшын
аудармашысы
Дж. Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін
ұсы нады:
– Біріншіден, «метафраз» – түпнұсқаның дəл
жеткізілуі,
– екіншіден, «парафраз» – түпнұсқаның
түріне емес,
ерекшелігіне бағдарланып, еркін
жеткізілуі,
– үшіншіден, «имитация» (еліктеу) –
түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ағылшын
аударматануының теориялық жағын дамытуға
өз үлесін қосқан Т. Сэвори «Аударма өнері»
кітабында (Лондон, 1952) аударманың мынадай
4 түрін көрсетеді:
– Кемел құнды аударма – таза ақпаратты фра-
за хабарландырулардың аудармасы.
– Барабар аударма – мазмұны ғана маңызды,
баяндалуы
аса
маңызды
емес
сюжетті
шығармалардың аудармасы. Аударманың бұл
түрінде аудармашы мағынасы түсініксіз сөзді
немесе тұтас сөйлемдерді түсіріп тастайды да,
түпнұсқаны басқаша баяндайды.
– Аударманың үшінші түрінің аты жоқ. Бұл
– классикалық шығармалардың аудармасы. Онда
форманың да, мазмұнның да сақталуы маңызды.
– Аударманың төртінші типі «барабарға»
(2-ші типке) жақын.
Бұл ғылыми-техникалық
материалдардың аудармасы. Олардың пайда
болуы тəжірибелік қажеттіліктерден туады.
Тəржіменің бұл түрі аудармашыдан түпнұсқада
сөз болып отырған жайт туралы көп білуді қажет
етеді[1, 103-104-бб.].
А. Есенқұлова 91
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
Ағылшын аударматануындағы «Аударманың
лингвистикалық теориясы» еңбегінің (1965) ав-
торы Дж. Кэтфорд аударманы мынадай түрге
ажыратады:
– толық жəне ішінара аударма: Толық аудар-
мада түпнұсқадағы бүкіл мəтін аударылады, ал
ішінара аудармада түпнұсқа мəтінінің бір бөлігі
беріледі;
– жаппай жəне шектеулі аударма: Жаппай
аудармада түпнұсқа барлық тіл деңгейлерінде
аударылған кезде, қарапайым аудармаға ат беру
ұсынылса, ал шектеулі аударма дегеніміз қандай
да бір деңгейдегі фонологиялық, графологиялық,
грамматикалық жəне лексикалық деңгейдегі ау-
дарма дегенді білдіреді.
Америкалық лингвист Дж. Касагранде
өзінің «Аударманың мақсаттары» (1954) атты
мақаласында аударманы 4 түрге бөледі:
– Прагматикалық аударма. Мұнда хабарлама-
ны барынша дəл жеткізу көзделеді.
– Эстетикалық-поэтикалық аударма. Əдеби
немесе эстетикалық тұрпатты жеткізеді.
– Этнографиялық аударма – түпнұсқаның
мəдени контексін түсіндіреді.
– Лингвистикалық аударма. Бұл жерде түп-
нұсқа морфемаларының мағыналары көр сеті леді
[1, 113-б.].
ХХ ғасырдың 80-жылдарында аме рикалық
ғалым С. Басснетт-Макгайр «Аудар ма шылық
зерттеулер» атты кітабында аударманың үш
түрін көрсетеді:
– ойды басқа тілдік белгілер арқылы жеткізу
(бір тілдің ішінде);
– аударманың өзі (бір тілден басқа тілге);
– трансмутация (бір семиотикалық жүйеден
екіншісіне қайта құру).
Неміс ғалымы Отто Каде əрқайсысы
белгілі бір талаптарға сəйкес келетін əртүрлі
категориядағы аударма түрлерін ұсынды:
– «Өңделмеген».
Бұл жерде аударма тілінің
нормаларынан ауытқуға болады.
– «Жұмыс». Аударма тілінің нормаларын
толық сақтайды. Бірақ ақпараттардың орнын
толтыру үшін түсіндірулерді қолдану мүмкін.
– «Басылымға дайын». Түпнұсқаның барлық
мазмұнын береді жəне қабылдаушыға қажетті
əсер ете алады.
Израильдік ғалым Гидеон Тури «Аударма тео-
риясын іздеу» (1980) кітабында аудармашылық
қатынастардың негізгі 4 түрі барын айтады:
формалды қатынастың 2 түрі (этикалық): 1) бас-
тапқы тіл мен аударма тілінің арасындағы (тілдік
түр), 2) бастапқы мəтін мен аударма мəтінінің
мəтіндік құралдары (мəтіндік түр); сондай-ақ
функционалды қатынастың 2 түрі (эмикалық):
1) бастапқы тіл мен аударма тілінің тілдік
құралдарының функциялары арасындағы (тілдік
түр), 2) бастапқы мəтін мен аударма мəтін функ-
циялары арасындағы (мəтіндік түр) [1, 133-б.].
Аударма
теориясының көрнекті маманы
Л.С. Бархударов мəтінде аударма тілдің қай
деңгейінде жүзеге асады деген сұраққа төмендегі
пікірімен жауап берген:
1) фонема (графема) деңгейіндегі аударма;
2) морфема деңгейіндегі аударма;
3) сөз деңгейіндегі аударма;
4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма;
5) сөйлем деңгейіндегі аударма;
6) мəтін деңгейіндегі аударма [2, 176-184 бб.].
Бұл пікірге былайша кеңірек түсінік береміз:
фонема деңгейіндегі аудармаға аударатын тілдегі
бірліктерді аударылатын тілдің фонетикалық
заңдылықтарына сай икемдеу болса, аудара-
тын тілдегі бірліктерге аударылатын тілдің
морфологиялық қосымшаларын жалғау; ал
қалған деңгейлердегі аударма түрлері
аударма
процесімен айналыспайтындарға да түсінікті
деп ойлаймыз [3, 9-10 бб.].
Сонымен қатар Л.С. Бархударов құрылым-
дық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп
көрсетеді:
1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазба-
ша мəтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауыз-
ша мəтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе
ілеспе аударма);
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша
мəтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша
мəтіннің жазбаша аудармасы [2, 47-48-б.].
В.Н. Комиссаров «Слово о переводе» ең-
бегінде аударманы жанрлық-стилистикалық
түрлеріне қарай былай бөледі: 1) көркем аудар-
ма; 2) ақпараттық аударма; 3) ғылыми аударма;
4)
ресми аударма; 5)публицистикалық аударма;
6) жарнамалық аударма [4, 94-108-б.].
М.О. Əуезов 1955 жылы жазылған «Көркем
аударманың кейбір теориялық мəселелері» атты
мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді.
Бірінші – сөзбе-сөздік, əріпқойлыққа негіздел-