Аудиторлық қорытынды — аудитордың тапсырыскерге беретін ресми құжаты, онда бухгалтерлік, салық және өзге есептің заң актілері талабына сәйкес келетіндігі туралы деректер, ақпараттар келтіріледі. Аудиторлық қорытынды: шартсыз (ескертпесіз жасалған қорытынды); шартты (ескертпемен жасалған қорытынды); жағымсыз қорытынды; қорытынды жасаудан бас тарту сипатында болуы мүмкін.
Аудиторлар және аудиторлық фирмалар жүргізген аудит нәтижесінде есеп жасап, оны келісім бойынша тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде өткізілуі керек. Аудитормен келісімнің орындалуы Қазақстандық 5 стандарт бойынша қаржы есебін тексерудің аудиторлық қорытындысы және сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің аудиторлық қорытындысымен анықталады.
Аудит есебінің формасы мен мазмұны келесідей принциптерге негізделеді:
Аудит есебінің формасы мен мазмұны келесідей принциптерге негізделеді:
есепте аудит мақсаты, көлемі, масштабы көрсетіліп, аудиторлық процедуралардың шекарасы мен мәселесі туралы хабарлау керек;
егер аудит есебі басылымға ұсынылса, оған қоса негіз болатын қаржы құжаттары да жариялануы керек;
есеп беру үшін пайдаланушыға қолдануға жоғары тиімділік беру үшін белгілі уақытты ұсынуы қажет.
Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәліметтер қаржылық есепте жіберілген қателіктердің болуы мүмкіндігін аудиторлық тәуекелдің қандай мөлшерде зиянды екендігін қарастырады. Одан кейін аудит технологиясының барысы көрсетіледі: 1. Тест арқылы талдау жасау- қаржылық есептерге құжаттар арқылы дәлелдеу; 2. Бухгалтерлік есеп принциптері, оның қаржылық есеп жасаудағы тиімділігін нақты дәлелді түрде көрсету; 3. жалпы қаржылық есепке баға беру. Аудиторлық есептің қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысы көрсетіледі. Оның мақсаты- субъектінің қаржылық есеп берушілігінің дұрыстығын, оның заңдарға, нормативтік құжаттарға, бухгалтерлік және аудиторлық стандарттардың талаптарына сәйкестілігін көрсету.
Халықаралық аудит стандарттары бойынша терминдер глоссарилерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қортынды жалпы қаржылық қортынды есеп бойынша жазбаша нысанда нақты білдірілген ой-пікірлерден тұрады.
Халықаралық аудит стандарттары бойынша терминдер глоссарилерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қортынды жалпы қаржылық қортынды есеп бойынша жазбаша нысанда нақты білдірілген ой-пікірлерден тұрады.
Жалпы аудиторлық қортынды аудитор мен қаржылық қортынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар арасындағы негізгі коммуникациялық канал болып табылады.