«Ауғанның асуында от кешкендер» атты тәрбие сағатының сценарий І құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар, интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанның асуында от кешкендер»
«Ауғанның асуында от кешкендер» атты тәрбие сағатының С Ц Е Н А Р И Й І Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар, интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Ауған соғысы (27.12.1979-15.02.1989) КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген халықтық демократиялық үкіметті қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл қырғи қабақ соғыс кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демократиялық партия құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. «Халық» тобын Н.М.Тараки, Х.Амин ал «Парчам» тобын Б.Кармаль басқарды. Сөйтіп 1979 жылы 29 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылғы 15-ші ақпанға дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар, олардың 3000 дайы мүгедектер қатарында.
Құрметті қатысушылар, «Мен елімнің патриотымын» атты сұрақ жауап ойынын ойнауды ұсынамын:
1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
2. Қазақстан Республикасының конституциясы қашан қабылданды?
3. Қазақстанның қарулы күштері қай жылы құрылды?
4. Қазақстан Республикасының Рәміздер күні?
5. Депутат Ауған соғысының ардагері кім?
6. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі?
Керемет, белсенділік танытып отырғандарыңыз үшін рақмет. Келесі кезекті «Мақал-мәтелді жалғайық» рубрикасына берейік:
Батырға да жан керек
Батыр түсінде жау көреді, балықшы түсінде ау көреді.
Құрметті оқушылар ендігі кезекте халқымызға деген тілеген тілектерімізді қағаз бетіне жазып арнайы дайындалған ақ көгершін формасындағы хат жәшігіне салайық. Тамаша!
Бүгінгі тәрбие сағатымызға келіп қатысқан қонақтарымызға, оқушыларға алғысымыз шексіз. Келесі жүздескенше аман сау болайық.