Мағжан Жұмабаев атындағыit мектеп-лицейінде “Кітап жарыс ” атты кітап оқу «Қар қызы» повесі бойынша өткізілетін іс-шара Жоспары: 1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Оқуға құштар мектеп»



бет1/4
Дата10.05.2023
өлшемі27,23 Kb.
#91429
  1   2   3   4

Мағжан Жұмабаев атындағыIT мектеп-лицейінде “Кітап жарыс ” атты кітап оқу «Қар қызы» повесі бойынша өткізілетін іс-шара
Жоспары:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесі бойынша өткізілгелі жатқан іс-шарамызға қош келіпсіздер!
2-жүргізуші: Кітап оқу – адам жанын тыныштандыратын, саған зор рухани шабыт сыйлайтын ерекше іс. Біз бүгін 9-сыныптардың арасында оқылған кітапты жан-жақты зерттеп, бір-бірімізбен ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз.
1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын көңіл күйімізді көтеріп, психологиялық ахуал қалыптастырып алсақ. Сайысқа қатысушылар бір-бірлеп келіңіздер.
2-жүргізуші: Көңіл күйімізді көтеріп, сайысымыздың бастамасын жақсы істермен бастадық деп ойлаймын. Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
1-жүргізуші: 1.Көркем шығармадан алынған үзіндіні немесе өз қалауы бойынша белгілі бір оқиғаның суретін салу, қорғау. 10 ұпай
2. «Қара жәшік» - көркем шығармадағы заттың сипаттамасы беріледі. Сіздер сипатталған заттың атауын табуларыңыз керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай
3. Көркем шығармадан дәйек сөздер немесе кейіпкерлер сөзінен үзінді беріледі, қай кейіпкердің сөзі, неге байланысты айтылды, қай шығармадан алынғандығы туралы жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай
4. «Таймлайн» ойыны бойынша карточкалар қойылады, карточкаларда көркем шығарманың мазмұнына қарай оқиғалар араластырылып беріледі, команда оқиғаларды ретімен қоюы керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай
5. «Кейс» әдісі бойынша басқа шығарма бойынша шығарманың кейіпкерлері, негізгі оқиғалары туралы айтылады, бірақ оқиға қалай аяқталатындығы туралы айтылмайды, командалар өз нұсқаларын айтуы керек. Ең соңында көркем шығарманың аяқталуын жүргізуші оқиды. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1-жүргізуші: Ендігі кезекте сіздер өз топтарыңызды таныстырып өтсеңіздер. …………………………………… тобы, …………………………………………. Тобы
2-жүргізуші: Оралхан мектепте оқып жүрген кезінен-ақ өзінің журналист, жазушы болғысы келетінін айтады екен. Мектеп бітіру кешінде жиылған ата-аналар мен мұғалімдер алдында: – «Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырды. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан әсте кем емес. Бірақ оны жырға қосып, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ десек қателеспейміз. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. ,-дейді.
1-жүргізуші: Иә, асқақ арман, үкілі үміт өшпеді. Алла ақ тілекті, ақ ниетті қабыл алды. Өр Алтайдың өр де өжет ұлы мақсатына жетті. Қаламгер атанды. Қатардағы емес, әрине. Киелі Алтайдың тамаша табиғатын көркем тілмен кестелеген бірегей суреткер көркемөнер көкжиегін кеңейтті, қазақ прозасын көкке көтерді. Сөйтіп Оралхан өзгелерден озып туып, озық тұрды. Осылайша, Ару Алтай мен Оралхан есімі қазақ әдебиетінде қатар астасып қала берді. Тарих сахнасы мұны ешқашан жоққа шығара алмайды.
2-жүргізуші: Олай болса, сайысымыздың ең алғашқы кезеңін бастаймыз. Сіздерге оқиғаны салуға қажетті заттар берілді. Сіздер бастай беріңіздер. Сайысқа қатысушылар суреттерін аяқтап болғанша Оралхан Бөкей туралы видеороликті тамашалайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет