«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4 - тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары 10-сынып. ЖМБ
Оқылатын шығармалар: Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы
Ж. Бөдеш «Жалғыз» поэмасы
Оқу мақсаттары:
10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен
үндестіру;
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау.
10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Драма жанрына сай ерекшеліктер
А) Әңгіме, роман, хикаят
В) Пьеса, поэма, батырлар жыры
С) Көрініс, акт, ремарка
Д)Эпос,новелла,жыр [1]
2. -Жолдастар! Жау шапқандай, түн ішінде неге бюро шақырды деп ренжімеңіздер. Ал жалпы, жау шапты десе де болғандай. Қай кейіпкердің сөзі
А) Сталин
В) Құрамысов
С) Жантоқов
Д) Голощекин [1]
3. «Авантюрист», «Оппортунист» сөздерінің мағынасы
А) Күмәнді адам, Өз әрекетіне қулықпен жететін адам
В) Ұлтшыл адам, Өз еліне қастандық жасайтын адам
С) Кекшіл адам, Билікке құмар адам
Д) Өтірікші жеке басының қамын ойлаушы, арандатушы адам [1]
4. ... Жалғыздықтың азабын Шәкәрімдей тартқан кім?
Жалғыз құдық түбінде жалғыз қурап жатқан кім? Көркемдегіш құралдарды анықта
А) Параллелизм, антитеза, синекдоха
В) Теңеу, риторикалық сұрау, аллитерация
С) метафора, эпитет, ассонанс
Д) кейіптеу, эпитет, аллитерация
[1]
5. Ж. Бөдешұлының «Жалғыз» поэмасындағы жыр жолдарын толықтырыңыз.
Жалғыз арқар
.........................
Достарыңызбен бөлісу: |