Ауыл шаруашылығының маңызы



бет1/5
Дата17.04.2023
өлшемі44,1 Kb.
#83559
  1   2   3   4   5

Ауыл шаруашылығының маңызы. Ауыл шаруашылығы — халық шаруашылының ең ежелгi және табиғат жағдайларына тiкелей тәуеллi саласы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы — неғұрлым кең тараған сала. Шындығында, дүние жүзiнде ауыл шаруашылғынң түрлi салаларымен айналыспайтын бiрде-бiр ел жоқ. Ауыл шаруашылғының барлық жерге таралуы оның алуан әр түрлiлiгiне байланысты.Ғалымдар, шамамен, оның 50-ге жуық түрiн көрсетедi. 2001 жылғы мәлiмет бойьшша дүние жүзiнде бұл салада, шамамен, 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етедi, олар ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткiшi 2,6 млрд адамға жетедi. Еңбекке жарамды әр адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесiне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жiктеледi.
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiндер саны ‚тікелей айырма жасайды. Мысалы, 2000 жылдың басында Батыс Еуропа елдерiнде бұл көрсеткіш — 8% АҚШ-та — 3%, Канадада 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары.
Ауыл шаруашылық географиясы климаттық әлеуметтiк және өндiрiстiк факторлары әсерiнен ұзақ тарихи уақыт аралығында калыптасъш, дамып отырады.Соңғы уакытка дейiн ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тiкелей тәуелдi болып келдi. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсiмдiктердiң өсуiне мүмкiндiк туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиытығы; жылдық жауын-шашынның мөлшерi мен түсу мерзiмi топырактың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында қарашiрiгi мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулы топырақ және тұнба жыныстардан түзiлген өзен аңғарлары бойындағы топырактар жатады.Казiргi кезде құрылымы мен техникалық озық жетiстiктерi ауыл шаруашылығында кеңiнен қолданылып отырған елдерде климаттық жағдайда тәуелдiлiк әлдекайда темендейдi. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзiн толық қамтамасыз етiп, тiптi оның экспортқа шығара бастады.
Аграрлы қатынастар. Дүние жүзiнiң кез келген елiнің ауыл шаруашылығы өзара бiр-бiрiмен тығыз байланысты екi саладан — өсiмдiк және мал шаруашылығынан құралады.Олардың арасалмағы әр елдiң әлеуметтiк экономикалық жагдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштерiне және табиғат жағдайларының ерекшелiгiне сәйкес өзгерiп отырады.Экономикалық деңгейi жоғары елдерде ғылым жетiстiктерi мен агротехникалык шаралар кеңiлен колданылуының нәтижесiнде мал шаруашылығы өнімдерiнiң үлесi жоғары.Мұндай жағдай кейбiр жекелеген дамуыншы елдерде де байқалуда,бiрак оның басты себебi климаттың қолайсыз әсерiнен өсiмдiк шаруашылығының өркен жаюына мүмкiндiктiң болмауы.Бұл көрiнiс Таяу Шығыстың кейбiр елдерiне тән.өсiмдiк және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнiмдерiн өңдейтiн өнеркәсiп салаларымен де байланысты.Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптiк кешен аркылы жүзеге асады. Мұндай кешелер құрылымы мен қуатына алуан түрлi болып келедi және дамыган елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белес алып келедi.
Бүгiнгi таңда жерге иелiк етудiң бiрнеше түрi қатар кездеседi. Олар, мемлекеттiк меншiк және кооперативтiк меншік. Ең көп таралған жерге жеке меншік иелiгі олар дүние тауарлық ауыл шаруашық өнiмдерiнiң басым бөiгiн өндiредi.
Жоғары дамыған елдердiң көпшiлiгінде жер қорының бiраз бөлiгi iрi иеленушiлердiң фермерлердiң қолында шоғырланған. Оларға берiлген орташа1, жер мөлшерi — 40—50 га. Бiраз жердiң басты қожасы — мемлекет. Мысалы АҚШ-та жер қорының 1/4-1 мемлекет мешiгiнде.Дамушы елдерде аграрлы қатынастар түрлiше сипатты болып келедi.Азия мен Африканың барлық елдерiнде жергiлiктi және сырттан әкелiлген күрделi қаржыға негiздері капиталистiк шаруашылықтармен қатар феодалистік,тiптi ру-тайпалас қатарына әлi сақталып қалған шаруашылықтар да көптеп кездеседi. Ал Латын Амеркикасы елдерiнде жер қорының көпшiлiгiн помещиктiк шаруашылық негiзiн құрайтын iрi жер иелiктерi — латифукакуиялар мемлекетік дегейлеріл,оларға берiлген орташа жер мелшерi — 2—З мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыста Еуропа елдерiнің меншiктi жаңа түрлерi енгiзiлуде.Жер қорынын бiраз бөлігі фермерлерi кооперативтер мен жалгерлерге ұзақ мерзiмде берiлiп, олар өз қалаулар бойынша жиі кажеттерiне жаратады.Бiрақ мемлекет таратылған жердi пайдалану Мен күтiп-баптау шараларының тұрақты бақылау жүргiзiлiп отырады.Сонымен қатар жердi жеке меншiкке беру мәселелерi де басты назарда тур.Қазақстан жер мезгiліне қатысты осы бағыттағы ұстауда.
Даму бағыттары. Ауыл шаруашылығын өзiнiң дамуы мен өркендеу сипатына қарай 3 топқа ажыратылады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет