Кіріспе
Вирустық гепатиттер - жалпы клиникалық синдромдармен сипатталатын аурулар тобы -
күрделі глобалді проблема. СНГ жыл сайын гепатит А 1 млн астам адам аурады.
Ал гепатит В
жұқтыратын санын айту қиын, 50 млн астам адамнан кем емес. ВОЗ мәліметтері бойынша
дүние жүзінде гепатит В вирусын тасымалдаушылар саны 1 млрд. астам адам. Гепатит А
адамның жұқпалы аурулар арасында экономикалық қатер келтіруде алдынғы орында келеді.
Алғаш рет инфекциялық гепатитті басқа да бауыр аурулар арасынан бөлек нозология
екенін дәлелдеген орыс дәрігері С.П.Боткин, 1888 жылы. Сондықтан ауруды көп жылдар бойы
Боткин ауруы деп атап келген. Инфекциялық гепатит фекальды-оральды жолмен
жұқтырылады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сары қызбаға (желтая
лихорадка) қарсы егкендер арасында жаппай адамдардың сарғаю байқалғандықтан, гепатиттің
екі түрін ажыратқан. Біріншісін инфекциялық гепатит, ал парентералық манипуляцияда
таралған гепатитті - сарысулық гепатит деп атады. Бірақ екі түрі де инфекциялық гепатитке
жатады. 1947 жылы Мак-Каллум инфекциялық гепатитті - гепатит А,
ал сарысулық гепатитті -
гепатит В аталуын ұсынды. 1973 жылы БДСҰ (ВОЗ) осындай ауру аталуын заңдандырды.
1974 жылы гепатит А және В емес вирусы анықталған, ал 1977 жылы дельта гепатит
вирусы табылды.