Ауызша сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер, оның жазба тілден қандай айырмашылыгы бар?



Дата18.12.2022
өлшемі23,23 Kb.
#57868

1.Ауызша сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер, оның жазба тілден қандай айырмашылыгы бар?
2. Ауызша сөйлеу мәдениетіне дыбыс тілінің қандай қатынасы бар, оны қалай түсіндірер едіңдер? Орфоэпиялық дағдының ауызекі тілге әсері қандай, мысалдармен дәлелдеңдер.
3. «Сөйлеу қызметін қалыптастыруды» қалыпқа келтіру үшін қандай жагдайлар керек, оны әдеби нормага қалай жеткіземіз? Әдеби тіл дегеніміз не?
4. Ақпарат құралдары: радио, теледидар тілдерінің дыбыстық ерекшелігі, ортага бейімделуі, көпшілік қауымды өздеріне тарта білетін қасиеттері неге байланысты? Оны қандай ғылыммен тікелей байланыстыруга болады?
5. Әдеби тіл нормасы бай болса да оның сезімге, ой-санага әсер етпеуін қалай түсінеміз? Дауыс ырғағы, интонация, мимика, дикция сияқты ұгымдардың, ерекшеліктердің ауызша сөйлеу мәдениетіне қатысы бар ма, мысалдармен дәлелдеңдер.
6. Ритмикалық топ деген не, ауызша сөйлеу мәдениетіне оның әсері туралы айт, шешендік сөздерден, поэзиялық шыгармалардан мысалдар келтіріп айтып көріңдер. Сөз бен сөз аралыгында кездесетін «элизия», «протеза», «редукция» құбылысына әдеби шыгармалардан мысалдар келтір, мәнеріне, дыбыстың ерекшелігіне көңіл бөл.


  1. Ауызекі тіл , ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар.[1] Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби сөздержаргондардиалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі — әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.). Экспрессия және ықшамдылық үшін ауызекі тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше синтаксистік бірліктер (сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға көбірек сүйенеді. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында (сахнадан немесе радио мен теледидардан көркем шығармадан үзіндінің оқылуы, публицистикалық материалдың ауызша берілуі) кездеседі.

  2. Қазақ тілінде сөздер қалай жазылса, солай оқыла бермейді. Көп ретте оларды қалыптасқап орфоэпиялық жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. Бүгінгі әдеби тілдің айтылу нормасы сахна өнерінде, мектептерде, біреумен біреу ауызекі сөйлеген сөзде, күнделікті радио мен хабарларында, сонымен қатар көпшілікке оқылатын лекцияларда айқын байқалады. Сөздің қалай жазылуы мен қалай айтылуы бір-біріне ықпал етіп отырады. Сөйлеу тілінін өзіндік ерекшелігі болады. Сөзді сөйлегенде сөйлеу тілінің қалыптасқан жүйесіне салып айтпаса, тыңдаушыға онша әсер етпейді. Мәселен, "өлім аузынан қалды" дегенді - "өлүм аузынан ғалды" деп, "өгіз аяң" дегенді - "өгүз аяң", "өзен бойы" дегенді - "өзен бойу", "өкіл күйеу" дегенді - "өкүл гүйөу", "өкпесі өшу" дегенді "өкпөсі өшүу", "өкінбеу" дегенді - "өкүмбеу" деп айтпаса, сәйлеу тілінің қалыпты нормасы бұзылар еді. Сол сияқты, "көз жұму", "көз көрген", "көз сүйек", "көз тию", "көз тою", "көз шүқу", "ак жүрек", "ак изен", "ала көңіл" тәрізді тұрақты тіркестерді "көж жүму", "көз гөргөн", "көс сүйек", "көз тійу", "көз тойұу", "көш шүқұу", "ағ жүрөк", "ағ ійзен", "ала гөңүл" дегенде ғана құлаққа жағымды тиеді.

  3. Әдеби тіл - ауызша және жазбаша қызмет ететін жалпыға бірдей міндетті, дәстүрлі нормасы мен стильдік тармақтары бар жалпыхалықтық тілдің екшелеген, өңделген түрі. Қазақ әдеби тілі - халық тілінің стильдік тармақтары сараланған жоғары формасы. Қазақ әдеби тіліне етенелігі жоқ аффрикат ч, дж дыбыстары - Шығыс Түркістан қазақтары тіліне тән ерекшелік. Әдеби тіл - көркем әдебиеттің, ғылымның, білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының, ресми, іскерлік қатынастардың тілі, сол тілде сөйлейтін халықтың ұлттық қатынас құралы. 

  4.  Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз- түрлi хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, видио, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтары — спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерi қосылып отыр.

  5. Дауыс ырғағы, интонация, мимика, дикция сияқты ұгымдардың, ерекшеліктердің ауызша сөйлеу мәдениетіне қатысы бар. Мысалға, сен адамның айтқанын оның ол фразаны айту ырғағы, интонациясына қарап қабылдайсың.Оған бір мысал: «Сен үй жұмысын әлі істемегенсің бе?» деген фразаны анамыз жынданып тұрып, дауы көтеріп айтса, онда оның саған ұрысқалы тұрғанын түсініп коясың. Ал егер, бұл фразаны аяныш даусымен, жылы тонмен айтып тұрса, оның саған көмектескісі келгенін байқайсың.

  6. Элизия (лат. elіsіo – ығыстыру) – көрші буындар арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысы түсіп қалуы. Мысалы: қарала (қара ала)‚ алалмады (ала алмады)‚ айталмады (айта алмады)‚ жоғаріл (жоғары іл)‚ жақсөнер (жақсы өнер)‚ жақсөлең (жақсы өлең)‚ жыйырмалты (жиырма алты)‚ екайғыр (екі айғыр)‚ мынадам (мына адам)‚ алешкі (ала ешкі). Мұны контактілі элизия дейміз. Ал осы уақытқа дейін редукция түрінде танып келген орны (орын-ы)‚ ерні (еріні)‚ мұрны (мұрыны)‚ қарны (қарыны) сияқты құбылысты контактісіз элизия дейміз. Өйткені дауыстылар арасында дауыссыз бар.

Протеза (грек‚ prothesіs – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыс қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Қазақтың төл сөздері й‚ у‚ р‚ л үнділерінен басталмайтыны белгілі. Тілімізге енген кірме сөздер осы дыбыстардан басталуы әбден мүмкін. Оларды бастықтырып өзіндік ету (игеру) үшін алдарынан дауыстылардың бірін қойып айту керек болады.
Редукция (лат. redіktіo – қайта оралу‚ кейін ысыру) – бұл да дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі дауыстының көмескіленуі. Редукцияға ұшырайтын да қысаң дауыстылар. Қазақ тілі тұрғысынан редукцияны қысаң дауыстылардың қайсыбір дыбыстық қоршауда әлсіреп‚ көмескі айтылуы деп түсіну керек. Орфоэпиялық сөздіктерде ондай жағдайда дауыстылар түсіріліп (шартты белгімен) жазылады: дәр'гер‚ қат'нас‚ тәж'рибе‚ аң'зақ‚ ад'раңдау‚ бад'рақ‚ ед'реңдеу‚ и'рім‚ қас'рет‚ жұд'рық‚ көб'рек‚ жұм'лу‚ көк'рек‚ түк'рік‚ мәк'рүк‚ құд'рет т.б. А.Байтұрсынұлы оларды алғаш түсіріп жазғаны белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет