Шағымдары: сол қолының білезік аймағының ауырсынуы, қызаруы және ісінуі. Ауру анамнезі



Дата30.08.2023
өлшемі17,03 Kb.
#105700
Байланысты:
Әбдіғали 6


Әбдіғали Айзада 5-013 ЖМ


3 жасар бала дәрігердің қаралуында болды. Шағымдары: сол қолының білезік аймағының ауырсынуы, қызаруы және ісінуі.
Ауру анамнезі: бала далада серуендер жүргенде қолын ара шағып алған.
Өмір анамнезі: бала 1-жүктіліктен және 1-босанудан туылған. Анасында жүктілік пен босануы еш ауытқусыз өткен. Жасына сай екпелері жасалған.
Аллергоанамнез: ауыртпалықсыз. Тұқымқуалаушылық: әкесінде балға аллергиясы бар.
Қарау кезінде: баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы бозарған, сол жақ қолында ісіну, қызару, 5 см диаметр көлемінде уртикарлы бөртпе байқалады. Тыныс алу жиілігі минутына 20 рет. Мұрын арқылы дем алуы қиындамаған. Өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Жүрек үні анық, ырғақты. Ішінің пальпациясы ауырсынусыз, жұмсақ. Нәжіс пен зәр шығаруы бұзылмаған.


Тапсырмалар:

  1. Диагностикалық критерилерді атаңыз.

Сол қолының білезік аймағының ауырсынуы, қызаруы және ісінуі. Тері жамылғысы бозарған, сол жақ қолында ісіну, қызару, 5см диаметр көлемінде уртикарлы бөртпе байқалады.

  1. Диагнозын қойыңыз.

Инсектілік аллергия, жергілікті түрі.

  1. Тексеру жоспарын құрыңыз

анамнез жинау, везикальды тексеру, лабораторлық тексерулер, аллергопроба, ЖҚА және спецификалық иммуноглобулинге қан анализін алу.

  1. Осы науқас үшін негізгі емдеу принциптері қандай?

Жәндік (ара, маса, шіркейлер) шаққаннан кейін тілін суырып, орнына суық басып, қол, аяқта болса, одан жоғарырақ жерден жгут салынады. Қара немесе ашық түсті киім кимеу: оның бояуы ақ, жасыл немесе ақшыл—қоңыр болуы тиіс. Парфюмерлік бұйымдарды, иісі қатты шығатын сусабындарды, шашқа арналған спрейлерді, хош иістелген сабындарды, күннен қорғануға арналған кремдерді пайдаланбау. Аулада немесе бақшада ұзақ болудан сақтану. Бақта серуендеген немесе жұмыс істеген кезде үнемі шұлық, аяқ киім, ұзын шалбар, жеңі ұзын жиде киіп жүру қажет. Ешқашан жалаңаяқ жүрмеген дұрыс: кененің көптеген түрлері жерге ұя салады. Ауырғанға анальгетик, антигистаминді және кортикостероидты тағайындау.

  1. Осы ауруды қандай аллергендер шақырады?

Бұл ауруды жәндіктер шақырады. Атап айтсақ кене, ара, жарғақты, түкті аралар.

  1. Тоғыспалы тағамдық аллергендерін атаңыз

Тағамдық аллергендердің ішінде бал және дәрі-дәрмектерді атап айтқанда прополисті, жәндіктердің тіршілік әрекетінің өнімі ретінде қолданған кезде туындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет