Аурудың адам психикасына әсері.Аурудың психикаға соматогендік әсері.Аурудың психикаға психогендік әсері
Орындаған: Жұман Мерей Утегенова Жұлдызай Жалпы медицина 144-топ
Тексерген: Шыңғыс Болатұлы
2022 жыл
Астана медициналық университеті Коммуникативті дағдылар мен психология негіздері кафедрасы
Әр адамның психологиясы әр қилы болып келеді.Олар қоршаған ортадағы өзгерістерді,болып жатқан жағдайларды түрліше қабылдап түсінеді.Науқастың ауруға деген әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалауымен сипатталады.Осыған орай дерттің, «объективті» және «субъективті»ауырлығы жөнінде сөз қозғауға болады.
1
Науқас жағдайды аурудың субъективті ауырлығы арқылы, яғни науқас және оны қоршаған ортаның (отбасы,еңбек ұжымы) өзіне деген көзқарасы негізінде бағалайды.Оның негізінде ,дерттің диагнозының сарапталуы, болжамы мен оның ауырлық дәрежесін бағалауы жатыр.
2
Дерттің объективті ауырлығы, қандай да бір асқынудан кейінгі өлімнен,аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылмалы түрге ауысуы,сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден бір фактор болып табылады.
Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарасының қалыптасуына әсер етеді.Науқастың жынысына байланысты,әйел адамдар ер кісілерге ауырсыну сезімін,дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді.Ал ер адамдар эмоционалды ауырлықты нашар көтереді.Әсіресе,бұл бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар,травмотология бөлімшесінде айқын байқалады.