Аурудың адам психикасына әсері. Аурудың психикаға соматогендік әсері. Аурудың психикаға психогендік әсері



бет1/3
Дата05.12.2022
өлшемі1,21 Mb.
#54859
  1   2   3
Байланысты:
БӨЖ Психология

Аурудың адам психикасына әсері.Аурудың психикаға соматогендік әсері.Аурудың психикаға психогендік әсері


Орындаған: Жұман Мерей Утегенова Жұлдызай Жалпы медицина 144-топ
Тексерген: Шыңғыс Болатұлы
2022 жыл
Астана медициналық университеті Коммуникативті дағдылар мен психология негіздері кафедрасы
  • Әр адамның психологиясы әр қилы болып келеді.Олар қоршаған ортадағы өзгерістерді,болып жатқан жағдайларды түрліше қабылдап түсінеді.Науқастың ауруға деген әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалауымен сипатталады.Осыған орай дерттің, «объективті» және «субъективті»ауырлығы жөнінде сөз қозғауға болады.

1
  • Науқас жағдайды аурудың субъективті ауырлығы арқылы, яғни науқас және оны қоршаған ортаның (отбасы,еңбек ұжымы) өзіне деген көзқарасы негізінде бағалайды.Оның негізінде ,дерттің диагнозының сарапталуы, болжамы мен оның ауырлық дәрежесін бағалауы жатыр.

2
  • Дерттің объективті ауырлығы, қандай да бір асқынудан кейінгі өлімнен,аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылмалы түрге ауысуы,сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден бір фактор болып табылады.

Шаблоны презентаций с сайта presentation-creation.ru

Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасына әсер ететін факторлар

  • Жекеше конституционалдық факторлар
  • Жынысы
  • Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарасының қалыптасуына әсер етеді.Науқастың жынысына байланысты,әйел адамдар ер кісілерге ауырсыну сезімін,дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді.Ал ер адамдар эмоционалды ауырлықты нашар көтереді.Әсіресе,бұл бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар,травмотология бөлімшесінде айқын байқалады.

3.Жас шамасы

Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына жас жамасы да ықпал етеді.Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет әлпетін өзгертетін дерттеуіне шыдауы, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады.Себебі жастар үшін түрдің сымбатты болуы,қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады.Сондықтан,медициналық тұрғыдан өмірге қауіп төндірмейтін,бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады.Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады.Бұл үлкен жастағы науқастың қоғамдық талаптар,тәуелсіздік секілді бағалы қасиеттер жүйесіне сырқаттың кері әсері тиген жағдайда ауыр психолгиялық реакция, көрініс береді.Егде жастағы науқастарға онкологиялық,созылмаыл соматикалық аурулар психология тұрғысынан айтарлықтай кері әсер жасайды.Ал, қарт адамдарға,өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт,инсульт,онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілеттілігінен емес, өлімге әкелу мүмкін екендігінен қорқыныш әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет