«авангард» поэтикалық жобасы бағдарлама атауы: «авангард» бағдарлама редакторы



Дата10.05.2023
өлшемі20,1 Kb.
#91717

«АВАНГАРД» поэтикалық жобасы


БАҒДАРЛАМА АТАУЫ:«АВАНГАРД»
БАҒДАРЛАМА РЕДАКТОРЫ: Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
БАҒДАРЛАМА ЖАНРЫ:СТУДИЯЛЫҚ
БАҒДАРЛАМА БАҒЫТЫ:ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТІЛІ: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
БАҒДАРЛАМА ҰЗАҚТЫҒЫ:30 МИНУТ
ЭФИР УАҚЫТЫ:АПТАСЫНА 1 РЕТ
АУДИТОРИЯ: 12+
БАҒДАРЛАМА САНЫ:ШЕКТЕУСІЗ
БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:ӘДЕБИЕТТАНУШЫЛАР, ЖАЗУШЫЛАР, АҚЫНДАР
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ: Әскери салада «авангард» сөзі «алдыңғы шеп» деген мағынаны білдіреді. Мәдениет саласында да «авангард» сөзі өткен ғасырдан бастап қолданылып келеді. Ал бұл хабарда біз қазақ әдебиетінің авангардттары болатын ақындар туралы баяндаймыз. Кейіпкерлеріміз бірде жас ақындар, бірде елге белгілі, мықты ақындар болуы мүмкін. Бағдарламаның басты миссиясы: кез келген қалам иесінің, автордың шығармашылығына үңілу, оның жан дүниесін ақтарып, шығармашылық әлеміне терең бойлау, көрерменге жалпы өлең жазатын адамның болмысын, табиғатын ашып беру. Поэзияның мәртебесін биіктету. Поэзиямен өнердің басқа да салаларын үндестіру.


Бағдарламаның құрылымы:

  • Бағдарламада басты фокус өлеңге беріледі.

  • Ең әуелі негізгі кейіпкер студияға шықпас бұрын ол туралы ақпарат беріліп, өлеңі, шығармашылығы туралы айтылған пікірлер баяндалады.

  • Бірақ автордың есімі «Бұл ақпардың бәрі ақын Нұрболат Жолдасбек хақында...» деп соңында айтылуы тиіс. Соңына дейін интрига сақталуы керек.

  • Содан кейіпкер ақын студияға шығады. Белгілі автор өзінің өлеңін оқиды.

  • Фонда саксофон немесе пианино болуы тиіс. Яғни студияда тірі әуен ойнап тұру керек. Кәсіби музыканттарды шақырған жөн.

  • Өлең оқылып болған соң орындалған шығармаға пікір айта алады деген сарапшылар қонаққа шақырылып, ол кісілерден дәл осы өлеңге байланысты пікір сұралады.

  • Кемінде 2 сарапшы болуы тиіс.

  • Егер кейіпкердің өз өлеңдеріне қатысты қызық оқиғасы болатын болса, сол жайды студияда театрландырылған көрініспен қойып, немесе сюжет арқылы беруге болады.

  • Ақын сол жайға байланысты өлеңін оқиды.

  • Кейіпкер бағдарлама барысында үш сұраққа жауап беруі тиіс: 1. Қазақ әдебиетіне не бергісі келеді?

2. Әдебиеттегі миссиясы қандай?
3. Оның ұғымындағы мінсіз шығарма қандай болуы тиіс?

  • Бұл сұрақтарды кейіпкерге бағдарламаның әр минуттарында бөлек-бөлек қоюға болады. Немесе қорытынды бөлімде қоюға болады.

  • Студияға портрет бағытында сурет салатын суретші келуі керек.

  • Ол бағдарлама басталған сәттен өз жұмысына кірісуі керек. Яғни бас кейіпкердің портретін салады.

  • Жалпы осы бағдарламаға қатысатын 2-3 үш суретшіміз болғаны абзал. Кезек-кезек шығуларына болады.

  • Суретші бағдарлама соңында салған суретін кейіпкерге ұсынады.

  • Хабар соңында сарапшылар кейіпкердің жалпы шығармашылығынан қандай әсер алғандарын және бір ауыз жылы лебізін айтуы тиіс.

  • Студия кейіпкердің характері мен шығармашылығындағы негізгі идеяға, негізгі тақырыпқа сай безендірілуі тиіс.



P.S: Егер елге белгілі Ерлан Жүніс, Бақыт Беделхан сынды ақындарды шақыратын болсақ оларға сарапшы болмайды. Тек жас күндерінде сын-пікір айтқан, шығармаларын талдаған азаматтар болса шақыруға болады. Немесе оларды ностальгияға бөлеу үшін жас күнінде бірге жүрген, өздері ұмытқан достарын, сыныптастарын шақыруға болады. Кейіпкердің ешкім естімеген оқиғаларын айтып берсе құба-құп.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет