Сабақтардың есебі «Қазақ тілінде сөйлейік»



Дата02.06.2022
өлшемі1,14 Mb.
#36192
түріСабақ

№110 мектеп-гимназияның 2021-2022оқу жылындағы үйірме, факультатив сабақтардың есебі


«Қазақ тілінде сөйлейік» атты бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік тіл қазақ тілін оқушыларға жете меңгерту, сөздік қорын дамыту, сауатты жазу, білімді ұрпақ қалыптасуына бағыт беру.
Міндеті:
-Ана тіліне деген қызығушылығын арттыру
-Оқушылардың сөздік қорын дамыту
-Орындалатын жұмысқа деген қызығушылығын арттыру
-Сауаттылығын арттыру
-Ойлау қабілетін қалыптастыру
-Қызықты грамматиканы оқытудың мазмұны мен әдістері бағдарлама талаптарына сай оқушылардың тиянақты білім алуына мүкіндік беруге тиіс.

№110 мектеп-гимназияның 2021-2022 оқу жылында өзге тілде оқытылатын бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілінде сөйлейік» атты вариативті бағдарлама қазақ тілін дамыту жұмыстары оқушыларды еркін сөйлеуге, өз ойын жазбаша, ауызша жеткізуге үйретуге бейімделіп отыр. «Қазақ тілінде сөйлейік» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, қазақша сөйлеуге дағдыланады.Осы бағдарламадан оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы тілдік дағдыларын шыңдай түседі,сауатты жазады.Бұл факультатив 4-сыныптарда аптасына 1-рет сабақтан тыс уақытта өтеді. Жыл бойына 34 сағатқа жоспар жасалды. Мақсаты өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілінде сөйлеуіне, қазақша дұрыс сауатты жазуына аса мән беру. Балаларға жас ерекшелігіне қарай,бағдарламаға сай тапсырмаларды орындатамын.Балалар топпен, жеке,сынып болып берілген тапсырмаларды орындайды. Кейде тапсырмаларды ойын арқылы да орындайды.Ойнау арқылы әр оқушының қабілетін анықтауға болады. Балалар тез дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға машықтанады. Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуға




Әріптер әлемінде тақырыбына көптеген жаттығулар жасалды. Әріптердің дұрыс айтылуы, жазу сауаттылығына арналған тапсырмалар орындалды.


Әріптер әлемінде
«Қ» әрпінен келетін, басталатын сөздерді айту. «Ә» әрпінен басталатын сөздер
1. Ұлдың аты 1. Қыздың аты
2. Қаланың аты 2. Терезеге не салады
3. Сан 3. Оқушының алғашқы оқулығы
4. Төл 4. Үй құсы
«Ө» әрпінен басталатын сөздер «Ғ» әрпінен басталатын сөздер
1.Оқушының құралы 1. Ұлдың аты
2. Жеміс 2. Ғарышкерлер қайда ұшады
3. Ұлт өкілі 3. Здание сөзінің қазақша аудармасы
4. Жәндік 4. Қыздың аты
2-тақырып: Жемістер
Піседі – поспевает Жинаймыз – собираем
Пайдалы – полезны Жұмсақ – мягкий Қатты – твердый
Төрт түлігім-тірлігім




Жабайы жануарлар
Жалғасын тап
—кі, -кі, -кі секеңдейді …….. ешкі
-ыр,-ыр,-ыр ырылдайды ……..қасқыр
-сық, -сық, -сық пырылдайды…….мысық
-кі, -кі, -кі бұлаңдайды …….. түлкі
-ян, -ян, -ян жүгіріп жүр ……қоян
— ю, -ю, -ю қорбаңдайды …… аю
Дыбыстың құпия сырлары


Дыбыс деген не?

Буындар вагоны



Адасқан буындарды тауып, сөздер құрастыру:
Ға, тық, ба, кар, қы, ұ, қа, тан, дос, лет, шақ,тор, сұл, та, пыш, рыш
Сөздің де сыры бар
– Дыбыс деген не?
– Дыбысты естиміз, айтамыз. – Әріп деген не?
– Айтамыз, оқимыз, көреміз, жазамыз. – Буын неден құралады?
– Буын дыбыстан құралады. – Сөз неден құралады? – Сөз буыннан құралады.
– Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?
– Жемістер мен көкөністер дәрумендерге бай, ол адам ағзасына пайдалы, адамға күш-қуат береді.
– Жемістерді қалай жейміз?
– Жемістерді жуып жейміз.
«У» дыбысының ғажайып сырлары



Сандар сыр айтады

Сөздерге жалғау жалғап көрдің бе?

Қарама - қарсы мағыналы сөздер

Оқушылармен жұмыс істеу барысында оқушының қабілетіне қарай сабақта тапсырмаларды орындаудағы ерекшелігі мен алғырлығы,ізденімпаздылығын бақылап отырдым. Сабақ барысында оқушылар сабаққа белсене, топпен жұмысты жасай отырып, үйірмеге деген қызығушылықтары артты. Жалпы оқушылардың грамматикалық талдау дағдысын дамыту , сауатты ,әрі көркем жазуға баулу.Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашу және оны дамыту.Үйірме жұмыстарының бағдарламалары негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне байланысты болады.Үйірменің ерекшелігі –балалардың грамматикамен дұрыс жұмыс жасауына ықпал ету. Бірігіп жұмыс жасау, ереже жаттау, берілген грамматика бойынша мысалдар жазу және оларды ажырата білу. Үйірмеде көбіне тапсырмалар ойын арқылы болады. Ойнау арқылы әр оқушының жеке қабілетін тез анықтауға болады. Ол үшін ойындарға грамматикалық тапсырмаларды көбірек қолдануға көңіл бөлу керек. Бұл әдіс оқушылардың грамматикамен еркін жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
«Қазақ тілінде сөйлесейік» үйірмесінен күтілетін нәтиже: Оқушылардың фонетикалық талдаумен еркін жұмыс істей алады. Үйірме жұмыстары арқылы өзін-өзі еркін ұстаулары жүзеге асып, жеке тұлғалық қасиеттері көрінеді. Және қызығушылықтары мен бейімділіктері нақтыланады. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп , олардың ойлау , шығармашылық қабілеттерін арттыруға ,жазу дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді.

Мұғалім: Байдулдаева Мерей Еркінқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет