Авансцена негізгі шымылдық алдындағы сахна кеңістігі



Дата16.05.2023
өлшемі22,84 Kb.
#93685

Авансцена – негізгі шымылдық алдындағы сахна кеңістігі.
Аксессуар – қосымша бұйым: киім бөлігі, бутафория немесе реквизит.
Актер – спектакльдерде роль орындаушы.
Ансамбль – бір топ орындаушыдан құрылған көркем шығармашылық ұжым.
Антракт – спектакль актлерінің, концерт бөлімдерінің арасындағы үзіліс.
Антраша – қос аяқты ауада бірнеше рет айқастыру арқылы орындалатын балеттегі секіру түрі.
Арлекин – 1)сахнаның жоғарғы бөлігіне бекітілген қатпарлы мата.
2) дель арте комедиясының кейіпкері.
Атемпо – алғашқы жылдамдыққа оралу (тездету немесе баяулатудан кейін).
Аэробика – музыканың сүйемелденуімен орындалатын ырғақты музыка.
Әрекетті би - балет мазмұнымен табиғи байланыста астасып жатқан күрделі музыкалық би үлгісі.
Балет спектакліндегі бір немесе бірнеше бишінің орындауындағы би кіріспесі.
Балет – мазмұны хореографиялық образдар арқылы ашатын музыкалық театр өнерінің синтиздік түрі.
Балетмейстер – балеттер мен билердің, хореографиялық қойылымдардың авторы және іске асырушы.
Балетоман – балет өнерін сүюші.
Балетте жеке әйелдер варияциясын бишінің аяқтың ұшымен өте шеберлікпен орындауы.
Балеро – кастаньет немесе тамбуринмен биленетін испан биі.
Батман – (ұру, соғу) классикалық би қимылдарының тобы.
Би – дене қимылдары, кейіптері арқылы көркем образ жасайтын өнер түрі.
Би теориясы – би мәдениетінің заңдылыққа сүйене отырып дамуын оқытатын ғылым.
Би жазуы – биді қағазға түсірудің шартты белгілері.
Би мектебі, би сабағы.
Би костюмы – хореографиялық көркем образ ашуда үлкен роль атқаратын спектакль компоненті.
Болаган - сайқы мазағы, мазақ күлдіргіші.
Бір актілі балет – дивертисмент.
Вальс – жәй шапшандықтан тез шапшандыққа дейінорындалатын ¾ өлшемдегі халық биі.
Вариация – музыкалық, хореографиялық әуеннің немесе ырғақтың өзгеруі.
Визави – бидегі орындаушылардың қарама-қарсы тұрған жағдайы.
Гавот – ширақ ырғақта орындалатын француздың ежелгі халық биі.
Галоп – ассиметриялық секіре биленетін жұптық бал биі.классикалық балеттегі көп бөлімді би үлгісі –классикалық би ережесіне лайық орындалатын жеке қимылдар классикалық би кепілі.
Грим – сақал мұрт, шаш және арнайы бояу арқыл актердың бет пішінін өзгерту.
Гротеск – қарама-қайшы, комедиялық негізде хореографиялық қойылымды орындау.
Декорация – спектакльді көркемдеудің бір түрі Дель арте комедиясының кейіпкері.
Дивертисмент – спектакль мазмұны кірмейтін билер.
Дирижер – оркестрді басқарушы.
Жанр – тарихи қалыптасқан тұрақты көркем шығарма түрі.
Жатық башпай - қос табанның қалпы, өкшені көтеруі, дененің салмағын алға ауыстырады (төмен, орташа, биік түрлері болады)
Идея – көркем шығарманың негізгі ойы.
Кадриль – белгілі жұп санымен биленетін би.
Карнавал – салтанатты ойын-сауықпен, билеп ашық аспап астында өтетін халықтық мереке.
Классикалық би – тарихи қалыптасқан берік жүйесі хореографиялық өнердің мәнерлі құралы ретінде.
Классикалық мұра – көркемдік деңгейі жоғары бүгінгі күнге дейін жеткен хореографиялық шығарма.
Кейіп – бидегі бастың, дененің, аяқ-қолдың белгілі бір жағдайы.
Контрданс – ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда пайда болған ағылшын билері.
Кордебалет – балет спектакліндегі көпшілік сахналар мен билерді орындаушы ұжым
Концертмейстер – пианист-сүйемелдеуші.
Котильон – ХҮІІІ ғасырда Францияда пайда болғанибалдық би. ХІХ ғасырдың ортасында вальс, мазурка, полька билерін біріктірген.
Кулиса – сахна декорациясының тегіс түрі, сахнаның екі жағынан жұптасып параллель түрінде орналасады.
Кульминация – бір заттың даму шыңы.
Куранта – ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда кең тараған Италияның сарай биі.
Қалып – бидің негізгі аяқ және қол жағдайы.
Қылымсу - қылмындау, қылықтану.
Либретто – сценарий. Негізгі оқиғаны баяндап, кейіпкерлердің айтар ойы мен характерлерін береді.
Людвик ХІҮ кезінде сарай биі болған Францияның ежелгі халық биі.
Мазмұны – хореографиялық шығарманың мәні мағынасы.
Мазурка – ХІХ ғасырда пайда болған ¾ музыкалық өлшемде екпінді жүретін жұптық поляк халық биі.
Мареска – сахналық музыкалық би ойындары.
Мәдениет – қоғамның даму деңгейін білдіретін адамзат қолынан шыққан материалдық, рухани дүниенің жиынтығы.
Мизансцена – спектакль барысында актердың сахна кеңістігінде орналасуы.
Миньон – ХІХ аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған ¾ музыкалық өлшемде жүретін, вальс биіне жақын орыс жұптық биі.
Модерн биі – қазіргі заман хореография өнерінің бағыты.
Музыка - әрекетті үн арқылы көркем образды ашатын өнер.
Музыкалық ішекті аспапта саусақтың ұштарымен ойнап дыбыс шығару.
Мюзикл – вокальдық, драмалық және хореографиялық өнердегі мәнерлі музыкалы-сахналық жанр.
Мюзикл – музыкалы сахналық шығарма.
Мюзик-холл – цирк, балет, музыка өнерлерін біріктіретін жеңіл жанрдағы эстрада театрының түрі.
Ноктюрн – лирикалық шағын музыкалық пьеса.
Нота – 1) белгілі біліктілігін, ұзақтықтағы үнді музыкалық шығармадағы жазуға арналған графикалық белгі:
2) ноты – музыкалық шығарманың мәтінін жазу.
Орган – үрмелі – клавишті музыкалық аспап. Үн шығару жағынан симфониялық оркестрге пара-пар.
Орнамент – ою.
Октет – (латын сегіз) сегіз орындаушы арнап жазылған музыкалық шығарма.
Оркестр - әр түрлі аспапта ойнайтын музыканттардан құралған үлкен ұжым (симфониялық шекті аспаптар, үрмелі аспаптар, ұлт аспаптар оркестрлері болады)
Орындау техникасы – орындау шеберлігінің әдіс, дағды жиынтығы.
Павана – баяу салтанаты ХҮІ ғасыр биі.
Падеграс - әсем қимылдардан құралған белгілі композицияда биленетін баяу жұптық би.
Падепатинер – қимылдарын көрсететін орыс жұптық бал биі.
Падеспаль – байсалды орындалатын орыс жұптық бал биі.
Па-де-де – классикалық балетте екі орындаушы билейтін би
Па-де-труа – классикалық балетте үш орындаушы билейтін би.
Па-де-катер - классикалық балеттегі төрт орындаушының биі.
Пластика – 1) өнер түрлерінде көркем образ жасауда адам денесінің айқын мәнерлілігі.
2) хореографияда би мәнерімен характеріне сәйкес келетін дене қимылы.
Полька – ХІХ ғасырдың басындағы чех халқының жұптық биі.
Партер – 1) көрермен залының орны. /Театрдағы көрермен залындағы орын/.
2)хореографиядағы жаттығу бөлігі. /Хореографиядағы машықтанатын жаттығулар бөлігі/
Партитура – музыкалық шығармада бірнеше дауысқа жазылған ноталар (хорға, оркестрге, ансамбльге арналған).
Партнер – спортта, т.б. ойын-сауықтарда қатысушы серіктес және сахнада бірге билейтін серіктес.
Пастораль – ХҮІ-ХҮІІ ғ. Батыс европа театрының қарапайым бақташылар өмірін суреттейтін кішігірім қойылымы.
Пауза – музыкалық шығармадағы дыбыс үзілісі.
Пафос – шабыт сезім шаттығы.
Пианиссимо - өте баяу, бәсең.
Поза – дене тұрысы, кейіпі.
Позиция – хореографиядағы белгіленген, нақтыланған аяқ, қол қалпы.
Премьера – қойылымның алғашқы көрсетілімі.
Рампа – жарық беретін театрлық аппаратура, сахнаның алдыңғы жағында еденінде орнатылады. Сахнаға алдынан және төменнен жарық түсіру үшін арналған.
Рапсодия – ұлттық ән-би тақырыбындағы аспаптық музыкалық шығарма.
Реализм - әдебиет пен өнердегі бағыттар, алдына мақсаттар қойып ақиқатты толық бейнелеу.
Реверанс – 1) әйелдің толық тізесін бүгіп сәлем берудің ежелгі түрі;
2) құрмет көрсету, жағымпаздану.
Режиссер – қойылымдарды іске асыратын театр өнер адамы.
Реквизит – белгілі бір дәуірдің театр ойындарында кино түсіруде пайдаланылатын үй құрал-саймандары, киім- кешек.
Релаксация – қандай да, бір жүйенің тепе-теңдік қалпына қайта келуі.
Репертуар – эстрадалық концерттерде, театрларда орындалатын шығармалар жиынтығы.
Репетиция - жеке қойылымдарды орындау, спектакль акттерін, эпизод тағы басқаларды дайындау, қайталау.
Ритм, ырғақ – музыка негізін құрайтын дыбыстардың белгілі заңдылықпен алмасуы.
Ритмика – ырғақ жөніндегі ілім, ырғақты түсінуі.
Рок-н-ролл – экспрессиялылығымен ерекшеленетін америкада бастау алған импровизациялық түр алған би.
Сахналық би – кәсіби би өнерінің пайда болуына байланысты жаңа түр алған халық биі.
Соло – жеке биші орындауға арналған балет спектакліндегі варияция, концерттік номерлер.
Спектакль – театрландырылған қойылым.
Стаккато – музыкалық дыбыстың қысқа орындалуы.
Сүйемелдеу – жұптасып билеудегі ауада, еденде әртүрлі кейіпте, қалыптарда көтеру тәсілдері.
Сценарий – жоспар, пьесаның опера және балеттің сюжеттік схемасы.
Сюита – 1) аспаптық музыканың циклдік формадағы негізгі бір түрі;
2) бір тақырып аясында бірнеше биден құрылған хореографиялық композиция.
Сюжет – спектакльдердегі іс-әрекеттің, оқиға желісінің дамуы.
Танго – фламенко биіне жақын ежелгі испан биі. (ХХ ғасырда Оңтүстік Америкада – аргентина тангосы)
Танцмейстер – оқытушы, би ұжымдарында би қоюшы.
Тарантелла – шапшаң, қарқынды итальян халық биі.
Театр – театрландырылған қойылымдар көрсетілетін ғимарат.
Тема – (тақырып) мазмұнды баяндау, зерттеу, көркемдік мәселе тақырыптары.
Темп – шапшаңдық, даму қарқындылығы, хореографиялық және музыкалық шығармаларды орындау жылдамдығы.
Трагедия – кейіпкерлердің қайғылы қайшылықтарына негізделген драмалық шығарма.
Тренаж класс – орындаушының дайындығына арналған кешенді жаттығу.
Трико – балет артистері киімінің бөлігі.
Фестиваль - өнер түрлерінің жетістіктері бойынша өткізілетін көпшілік байқауы.
Финал – қойылымның соңғы көрінісі
Форма – белгілі бір заттың құрылымы (сабақ құру формасы).
Халық биі – халық өнерінің ежелгі түрі, ұжымдық жұмыстың нәтижесі, өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста әр халыққа тән стилін, манерасын білдіреді. Халық биі - халықтық салт-дәстүрінің. Мерекесінің бір бөлігі.
Характерлік би – халық биі негізіндегі сахналық бидің түрі.
Хореографиялық дәстүр – хореографиялық өнердің бұрыннан қалыптасқан көркемдік тілімен үлгісін, композициялық және эстетикалық принциптерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Хореографиялық мәтін – би құрамына енетін қимылдар мен кейіптердің үйлесімді жиынтығы.
Хореографиялық миниатюра – сахналық – би қойылымының кіші түрі.
Хореографиялық образ – бидегі сана-сезімді тұтастықпен білдіру.
Хореография режиссурасы - спектакль балетмейстер ойын іске асыратын өнер.
Хореографиялық сюита – бір мазмұндағы бірнеше биден құралған композиция.
Хореография училищесі – балет артистерін дайындайтын орта білім беретін оқу орны.
Чардаш – ХІХ ғасыр ортасында пайда болған венгр халық биі.
Шеберлік - хореографиялық шығарма орындаудың.
Шоу - өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін үлкен сахналық көрініс.
Эскиз – алғашқы нұсқа.
Этюд – орындаушының шеберлігін шыңдауға арналған ықшам шығарма.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет