Оптикалық аспаптар оптикалық аспаптар



Дата11.05.2023
өлшемі0,95 Mb.
#91877

ОПТИКАЛЫҚ
АСПАПТАР
Оптикалық аспаптар
Оптикалық аспаптар- жарықтың шағылу, сыну т.б. заңдары негізінде жарық сәулелерін түрлендіріп, нәрселердің кескіндерін үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсететін құрғыларды айтады.
Лупа- нәрсені үлкейтіп көрсетуге арналған қос дөңес линза. Лупалардың фокус қашықтығы 1-10см аралығында жатады. Егер фокус қашықтығы 10см болса, лупаның үлкейтуі 3,5 еседей болады.
Лупа
Камера-обскура
Камера-обскура (лат. «camera obscura» - «қараңғы бөлме») - нәрсенің оптикалық кескінін алуға мүмкіндік беретін қарапайым құрал. Ол бір қабырғасы тесік, ал оған қарсы қабырғасында экран орнатылған жарық өткізбейтін жәшік болып табылады. Жарық шоғы диаметрі 0,5-5 мм болатын тесіктен өтіп, экранда нәрсенің төңкерілген кескінін береді.
МИКРОСКОП
Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді.
Телескоп
Телескоп - сыңардүрбі (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоп гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы телескоп болып бөлінеді.Телескоптар пайдалану ретіне қарай: астрофизикалық (жұлдыздарды, планеталарды, тұмандықтарды зерттейтін) телескоп, Күн телескопы, астрометрикалық телескоп, серіктік фотокамералар (Жердің жасанды серіктерін бақылайтын), сондай-ақ метеорларды бақылайтын метеор патрульдері мен кометаларды бақылайтын телескоп, т.б. болып бөлінеді.
Фотоаппарат
Фотокамераныӊ жұмыс істеу принципы адамныӊ көзініӊ көру қызыметініӊ механизміне ұқсас. Фотоаппарат - бұл проекциялық аппарат тәрізді нәрселердің нақты, кішірейтілген кескіндерін экранда (фотопленкада) алуға көмектесетін аспаптарға жатады. Ол жарық өткізбейтін жабық камерадан тұрады. Фотоаппараттың негізгі бөлігі - линзалар жүйесінен тұратын объектив. Объективтің көмегімен жарықталынған нәрселер фотопленкаға немесе жарықты сезгіш қабаты бар фотопластинкаға проекцияналды. Жарық проекциясына арналған нәрсе әрқашан аппараттан тыс орналасады: d>2F.
Проекторлар
Проекторлар - шынайы шағын жазық кескіндерді экранда үлкейтіп көрсетуге арналған оптикалық аспаптар. Олар бірнеше түрге бөлінеді.
Диаскоптық аппараттар жарық өткізетін материалдарға салынған кескіндерді үлкен экранда проекциялайды.
Кинопроектр - мөлдір кинотаспаларға жазылған дыбыс пен қозғалыстағы кескіндерді диаскоптық әдіспен үлкен экранға түсіріп көрсететін құрылғы.
Эпидиаскоптық аппараттар - өтетін сәулелерді пайдаланып, мөлдір заттарға салынған кескіндерді де, шағылған сәулелерді пайдаланып мөлдір емес заттарға салынған кескіндерді де үлкен экранға проекциялайтын әмбебап құрылғы.
Лазерлік проекторлар нәрселердің көлемдік кескіндерін де көрсетіп бере алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет