Аяулы алтын күЗ! Жүргізуші: Армысыздар, ардақты қонақтар! Бүгінгі «Аулы алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер! Жүргізуші



Дата05.12.2022
өлшемі17,26 Kb.
#54906

АЯУЛЫ АЛТЫН КҮЗ!
Жүргізуші:
Армысыздар, ардақты қонақтар! Бүгінгі «Аулы алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Табиғаттың қандай да бір мезгілін алып қарасаң, әрбір мезгілінде таңқаларлық өзіндік ғажайыптары мен сұлулықтары, адам тілі жеткізбес кереметтілігі бар екені даусыз. Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік адамзатты сиқырлап алатын тылсым кезеңдері әрқашан да адам баласын таңғалдырып келеді. Міне, сол мезгілдердің ішінде сап-сары алтындай болып, ағаштардың жапырағын, жер-ананың өзін керемет бір түске бояп, алтын күз де келіп жетті. Олай болса, «Аяулы алтын күз» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Бүгінгі кешке Мектеп алды даярлық,1,2,3,4 сыныптардан құралған үштікодақ, яғни сайысқа ата-ана,оқушы,сынып жетекшіден құралған топтар қатысады. Ал олай болса ортаға қатысушы топтарды шақырайық.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады, шарттары мынадай:

1-кезең-Таныстыру (топтың аты т.б)


2-кезең- Қолөнер (сахнада жасалады)
3-кезең- Өз өнерін көрсету
4-кезең- Жемістер жинаймыз (ойын)
5-кезең-Сән үлгісі
Жүргізуші:
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бекетова Манат Нұралықызы

  2. Әубәкирова Гүлмира


Жүргізуші:
Сайысқа топтардың нешінші ретпен шығатынын анықтау үшін әділқазылар алқасының алдындағы сандар жазылған парақты таңдауларыңыз сұралады.
Рет санымызды анықтап алсақ, құрметті қатысушылар сіздерді сахна сыртына құрмет-қошеметпен шығарып саламыз.
Жүргізуші:
Өнер қуып жұптарымыз өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген жұптар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, — дей келе, топтардың таныстыруына кезек береміз.

1. Бірінші болып ортаға ____________ шақырамыз, қарсы алыңыздар!
2. Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға ____________ шақырамыз!
3.Келесі кезекте тұрған ____________ сахна төріне шақырамыз!
4. Өздерін таныстыру үшін ортаға ____________ шақырамыз, қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,-дей келе «Қолөнер» сайысын бастаймыз! Әр жұп ортаға шығып қолөнерлерін жасайды.
Жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер аянбай жан салыпты.
Құрметті көрермендер, ендігі кезекте сайысқа қатысушы топтарымыздың дайындап келген өнерлерінің куәсі болайық.
Жүргізуші:
Сіздермен « Жемістер жинаймыз » ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты – себетте – жүзім жатыр, сол жүзімді қасықпен белгіленген ара қашықтықта орналасқан өз себеттеріңізге түсірмей апаруларыңыз керек. Әр көкөністі өз себеттеріңізге түсіруге жалғыз ғана мүмкіндік беріледі, әр көкөніс үшін 10 балл беріледі. Ойынның шарты түсінікті болса, бастайық! Көрермендер қошеметтеп отырыңыздар!
Жүргізуші:
Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.
Әр жұп дайындаған киімдерін киіп сән үлгісін көрсетеді.
Ал ендеше ортаға топтарды шақырамыз


Жүргізуші:
Көңілімізді бір серпілтіп алу үшін ортаға 1-сынып оқушысы Аманжол Айшабибі мен анасы Балмбетова Индираны шақырамыз.
Жүргізуші: Ендігі сөз кезегі әділ қазылар алқасында.
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізеді мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.


Құрметті көрермен, осымен күз мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет