Қазақ диаспорасының тарихнамасы.
Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны «ақтабан шұбырынды» кезіндегі жаугершілік шапқыншылықтан басталады.1723 ж солтүстік – шығыстан баса көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік- батысқа қарай ауып, қазіргі орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру тайпалары ташкент маңында жасанды құрамалар түбінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Бүгінде құрамалар қазақ өзбек арасында қалған ирредент- маргиналдар болып саналады. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден ақ тұрып келген Қазақстардың әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен Еділ мен Жайықтың жағасынан кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып сарытабан сүргін болған көшпенді қазақ тайпалары солт батыстан оңтүстік шығысқа қарай жөңкіле көшкен. Отаршылдық тудырған үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Монғолияға қарай қазақ жұртының үркіншілігі, әсіресе азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардияшылар келгенде бір ығысса, қызыл әскер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған 1916-21 ұлт азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінін 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары 1930-1934 жж 1,9 млн қазақ шет жұртқа үдіре көшті. Ирандағы қазақт ар қәзіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солтү-де қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғынан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай ақ Қарақалпақстан. Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран мен Ауғанстанғада ауып барған. Қазақстан дүниежүзі қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қәзіргі жағдайда Қазақ диаспорасының ҚР мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда «халықтың көші қоны туралы заңы» 1999 қабылданып шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына тарихи Отанына көшіп келу үдірісін реттеу ісі қолға алынды.
Диаспоралардың қалыптасуы мен даму процестері Қазақстан тарих ғылымының күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл бір жағынан, отаршылдыққа дейінгі, отаршылдық және кеңестік кезеңдерді әртүрлі түсіндірумен, сондай-ақ тұтастай тарихи өткенді әр түрлі бағалаумен байланысты екен.
Достарыңызбен бөлісу: |