Тақырыбы: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық



бет1/3
Дата15.03.2023
өлшемі44,78 Kb.
#74691
  1   2   3


«Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жаратылыстану институты»


БОӨЖ 2
Эссе


Тақырыбы: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық
күресі

Тексерген: Тілебалды Ж.Қ.


Дайындаған: 6В05101-Биология
105-группа
Қуандық Айғаным

Алматы 2023



Жоспар



  1. Кіріспе

  2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің пайда болуы

  3. Көтерілістің негізгі себептері

  4. Көтеріліске қатысушы зиялылар өкілдері

  5. Жетісудағы көтеріліс

  6. Торғайдағы көтеріліс

  7. Салдары

  8. Қорытынды



Кіріспе
Халқымыздың Тəуелсіздікке жету жолы оңай болған жоқ. Тамыры терең тарихтың өзі бұған куə. Араға сан ғасыр салып қазіргі қазақ елі бабалар аманатын жүзеге асырып, ғасырлар тоғысында көк байрағын көкке көтеріп, азаттығын əйгіледі. Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы ұлан-ғайыр далаға иелік еткен қазақ егемен ел ретінде жаңа азат дəуірдің төрінен көріну үшін қаншама қырғын мен қаралы нəубетке ұшырады?! Алаштың Ұлы даласына көз алартқан империяшылдардың жымысқы пиғылы мен қантөгісі көп солақай саясатының кесірінен ұлтымыз талай қиындық көрді. Тарихшы ғалымдардың келтірген деректеріне сүйенсек, өткен ғасырдың бастапқы кезеңінің өзінде қазақ даласында «қызыл террор» деген атқа ие болған қуғын-сүргін мен ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ миллиондап қырылып, мал-мүлкінен айырылды.Осы жылдар аралығында тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашылып, ұлттық құндылықтарымыз қайта жандана бастады. Ғасырлар бойы бұл жолда қисапсыз тер мен қан төгіп, қол бастаған есіл ерлеріміз бен жаужүрек батырларымыздың ерен ерлігі тарихымызда алтын əріптермен жазылды. Тарих тамырына бойласақ, тəуелсіздікке жету жолында қазақ халқының бірнеше жүздеген көтерілістері болған екен.
Өткенімізді түгендемей, болашаққа бағдар жасай алмаймыз. Бүгінгі азаттықтың ақ таңына жеткендегі жолымыздың айшығын айқындап, жоғымызды түгендеп, бары- мызды тағы бір мəрте саралауды көздеген мұндай игі шаралардың негізгі мақсаты – тағдырлы тарихымызда таңбаланып қалған қазақ халқының ұлт-азаттық күрестерінің рөлі мен маңызына баға беру жəне оның тек тарихын ғана айтып қоймай, саяси астарына үңілу, тəуелсіз ұрпақтың ұлттық санасын жаңғырту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет