1. Дене шынықтыру және оқыту-жаттығуларының физиологиялық негіздері, әдістері. Ертедегі гректер: «Егер сұлу болғың келсе- жүгір, егер сау болғың келсе-жүгір, егер күшті болғың келсе- жүгір,»



Дата06.01.2022
өлшемі16.15 Kb.
#15510

1. Дене шынықтыру және оқыту-жаттығуларының физиологиялық негіздері, әдістері. Ертедегі гректер: «Егер сұлу болғың келсе- жүгір, егер сау болғың келсе-жүгір, егер күшті болғың келсе- жүгір,»-деген екен. Дене қимылы организмнің тіршілігін қозғалтып, жандандырып отырады. Тыныс алу жақсарады, қан айналысы жеделдейді, бұлшық еттің қозғалысынан лимфа ағысы жылдамдап, денеде жиналып қалған улы зиянды заттар сыртқа шығарылады. Академик В.В.Париннің айтқанындай, дене қимылы зат алмасуын тездетеді, тірек-қимыл жүйесінің, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметін арттырады, ал бұл дененің қуат көзін ашады, жүйке жүйкесінің қызметін қалыптастырады.

Аз қозғалып қызмет ететін, әсіресе жасы ұлғайған адамдардың қанында эритроциттер төмен болады, ал май ұлпасының мөлшері жоғарылайды. Бұлшық еттердің массасы азаяды, ал сүйектері опырылғыш келеді.

Қара жұмыстағы адамдардың, спортпен шұғылданатын кісілердің эритроциттерінің мөлшері қажетті деңгейде болады, оттегінің жетіспеуінде төзімді болып, тыныс алу және бұлшық ет жүйелері бір қалыпта қызметін атқарады.

Ұдайы денесін шынықтырып жүрген адамдардың ауруға төзімді болатыны байқалған. Мысалы, Луи Пастер миына қан құйылып ауырғанымен, денешынықтырудың нәтижесінде тағы да 30 жыл өмір сүріп, қызметінің белсенділігін төмендетпей, ғылымға көптеген жаңалықтар енгізген. Н.А.Морозов 25 жыл Шлиссельбург түрмесінде туберкулез, цинга, ревматизм ауруларына шалдықса да, 93 жыл өмір сүрген, өйткені денешынықтырудың нәтижесінде оның организмнің төзімділігі өте жоғары болған.

Денешынықтыру жаттығуларының әсерінен бұлшық еттердің қан айналысы күшейеді де, клеткаларының оттегімен, амин қышқылдарымен, т.б. қоректік заттармен қамтамасыздануы жақсарады. Жаттығу кезінде еттің 1 мм көлемінде 2500 қан капиллярлары ашылып, қанның қозғалысын жеделдетеді. И.М.Сеченов осындай әсердің ми клеткаларында да болатынын болжаған, ол болжамды ғалымдар кейіннен іс жүзінде дәлелдеді.

Денешынықтыру жаттығулары ішкі мүшелерге де, ішектегі лимфаның түзілуіне де әсер етіп, лимфаның қозғалысын жылдамдатады. Соның нәтижесінде ішек-бауыр лимфасы арқылы зат алмасуының соңғы қажетсіз қалдықтары организмнен сыртқа мезгілінде шығып отырады.



Дене жаттығуларының нақтылы негіздері:

  • әркім өзін денесін шынықтыруға дайындап, оған сену;

  • дене шынықтыру үзілді-кесілді болмай, үнемі дағдылы әдетке айналуы;

  • жаттығуларды бірден көп және күшті қимыл түрінде емес, біртіндеп жеңілден ауырға қарай жүктеме беру;

  • жаттығу жүктемесі адамның жасына, жыныс ерекшелігіне, денсаулық дәрежесіне және жеке басының ерекшелігіне сәйкес болуы;

  • сауықтыру дене жаттығуларына ауа, күн, су, температура т.с.с. табиғи факторларды пайдалану;

  • белсенділік, жақсы көңіл-күй сауықтырудың нәтижесін арттырады.

  • 2. Дене жаттығуларының бағыттылығы, жан-жақты үйлесімді дене дамуы. Жүктемеге туатын реакциялар, дене жаттығуын жасқа сай өткізу.

  • Дене жаттығуы кезіндегі организмде белгілі бір реакциялар байқалады: жүректің массасы мен аумағының көбеюі, қанның систолалық мөлшерінің артуы, жүректің соғуы ырғағының жылдамдауы, өкпенің тіршілік сыйымдылығының ұлғаюы, дене жұмысының артуы. Бұлар жаттығу деңгейіне байланысты.

  • Жаттығу нәтижесінде организмнің ауруға төзімділігі артады, иммундық жүйесінің белсенділігі жоғарылайды, қан өндіру артады, қандағы холестериннің мөлшері азаяды.

  • Жаттығу адамның жасына сәйкес болуы тиіс. И.П.Павлов адамның тіршілік қабілеті 35 жасқа дейін дамиды, 60 жасқа дейін қалыптасады, одан әрі қарай төмендейді,- деген. Осы заңдылықты жаттығу шараларын жасағанда естен шығармау керек.

  • Жас организмде жүйке жүйесі серпімді келеді, мидың сергектігі жоғары болады. Жас ұлғайған сайын, 50 жастан кейін де жоғары деңгейде сақталады.

  • Денені жаттықтыру бұлшық еттердің қызметін күшейтеді, буынның қимыл-қозғалысын жақсартады, жүрек пен өкпенің қызметтерін арттырады. Демек денені жаттықтыру жасқа да, кәріге де пайдалы, әсіресе мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға өте қажет Бейімделу механизмі және дене белсенділігі. Сауықтыру мақсатымен жасалған жаттығулар кезінде организмде өте күрделі жағымды үрдістер байқалады. Жаттығуға әзірленген сәтте ми қыртысының маңдай аймағында бетаритм биотоктары өрістеп, жүйке импульстері ортаңғы мидың торлы құрылымы арқылы өңделіп беріледі. Олар соматикалық, вегетативтік, эндокриндік және иммундық жүйелерді іске қосады. Ал бұлар өз тарапынан тірек-қимыл, тыныс алу, жүрек-қан тамырларына және басқа жүйелерге әсер етіп, зат алмасуын үдетеді, сол кезде туған метаболизм өзгерістерін жайғастырып, организмнің ішкі тұрақтылығын – гомеостазды қалпына келтіреді. Осындай күрделі үрдістердің нәтижесінде организмнің төзімділігі артып, нығаяды.

  • Дене белсенділігі және иммунитет. Дене белсенділігінің жақсы көрсеткіші- иммундық жүйе қызметі. Жаттығудың алғашқы кезінде иммундық жүйенің Т-лимфоциттері мен нейтрофилдерінің белсенділігі төмендейді, ал G-иммундық глобулиннің мөлшері көбейеді. Кейін лейкоциттер саны көбейіп, Т-лимфоциттер белсенділігі жоғарылап, А-,М- иммундық глобулиндердің мөлшері көбейе түседі. Нейтрофилдер көбейеді, Т-клеткасының белсенділігі артады. В-клеткалар мен А,G,М иммундық комплекс жоғары деңгейде болады. Осылардың нәтижесінде организмнің бейімделу белсенділігі артады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет