1.«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың әкесін табыңыз.
A) Байбөрі Ә) Сарыбай Б) Ерназар
2. Керқұла кімнің тұлпары.
A) Ер Төстік Ә) Сарыбай Б) Кендебай
3.Кендебай және қойшы бала қай ертегінің кейіпкерлері.
A) «Ұшқыш кілем» Ә) «Ер Төстік» Б) «Керқұла аттыКендебай»
4.Мына үзінді қай ертегіден алынғанын дәлелде.
Ата-анасына қосылып , қойшы бала қуанады. Ұлы думан үлкен той істейді.
А) «Керқұла атты Кендебай» Ә) Ер Төстік Б) «Ұшқыш кілем»
5. Мақалдың жалғасын белгілеңіз.
Ер бір рет өледі, …
A) Қорқақ мың рет өледі. Ә) Ерді намыс өлтірер. Б) Ер атағын ел сақтар.
6.Қобыланды батырдың әкесінің аты кім?
А) Тоқтарбай Ә)Сарыбай Б) Киікбай
7. Қобыланды батырдың Анасының аты кім?
А) Аналық Ә) Құртқа Б) Қарлыға
8. Тоқтарбайдың тоқсан құлының басшысы болған кім?
А) Естеміс Ә) Қорасан Б) Қараман
9. Батырдың темірден тоқылған киімі қалай аталады ?
А) Сауыт Ә) Дулыға Б) Саптама
10. Қобыланды батыр жырындағы тұлпар қалай аталады?
А) Тайбурыл Ә) Керқұла ат Б) Құлагер
11. Қобыланды мен Қараман батыр қай қалаға жорыққа аттанады?
А) Қазан Ә) Тараз Б) Сырдария
12. Аңыз әңгіменің басты ерекшелігі не?
A) Аңыз тек бір нұсқалы болады. Ә) Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.
Б) Аңыз шындыққа жақын тұрады.
13. «Қайғы» сөзі қосылып аңызға айналып кеткен кім ?
А) Алдар көсе Ә) Асан Б) Жиренше
14. Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызының авторы кім ?
А) Ыбырай Алтынсарин Ә) Асан Сәбитұлы Б) Дулат Бабатайұлы
15. Түйенің бағалы тұқымы қалай аталады ?
А) Шідер Ә) Желмая Б) Бөктер
16.Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген ақын
А) Асан Ә) Дулат, Б)Ыбырай
17. Жетімдіктің белінен,
Асып өтер ме екенсің ?-деген өлең жолы кімге арнаған
А) Ахмет Ә) Ақтан Б) Ыбырай
18. «Қырық мысал» жинағының авторы кім?
A) Ыбырай Алтынсарин Ә) Абай Құнанбаев Б) Ахмет Байтұрсынов
19. Ыбырай Алтынсарин тұңғыш мектепті қай жылы ашты?
A) 1866 Ә) 1864 Б) 1860
20. «Қазақ хрестоматиясы » оқулығының авторы кім ?
А) Абай Ә) Дулат Б) Ыбырай
21. Қыпшақ Сейітқұл әңгімесіндегі қайтсем де байытам, халық қатарына қосам деген кедейлер саны қанша ?
А) 20 Ә) 30 Б) 40
22. Сейітқұл көп жерлерді кезіп жүріп,ақырында қандай өзен-судың бойына тоқтады?
А) Түркістан Ә) Қабырға Б) Қоқан
23. Сейітқұлдың ағасы қандай іспен айналысып күн көреді.
А) Жұмыс істеп Ә) Егін егіп Б) Ұрлық
24.Халықты егін егуге үйреткен, еңбекке баулыған кім?
А) Сейітқұлдың ағасы Ә) Сейітқұл Б) Ыбырай
25. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің авторы кім?
A) Абай Құнанбаев Ә) Ілияс Жансүгіров Б) Ыбырай Алтынсарин
26. .Ы.Алтынсарин қай жерде дүниеге келді?
A) Торғай Ә) Көкшетау Б) Қостанай
27. Ы.Алтынсарин әкесі қайтыс болғаннан кейін кімнің тәрбиесінде өседі?
A) Ауыл молдасында Ә) Қыпшақ Сейітқұл Б) Балқожа би
28. Абай «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр,мылқау, танымас тірі жанды…»- деп нені суреттеп тұр?
A) қатыгез адам Ә) кәрі құда Б) қыс бейнесі
29. Төмендегі үзінді А Құнанбаевтің қай өлеңінен алынған?
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуін ,өмірін алдында…
A)«Сабырсыз,арсыз,еріншек» Ә) «Ғылым таппай мақтан ба» Б) «Қартайдық, қайғы ойладық»
30. А. Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» әңгімесінен қандай қорытынды шығарды?
A) Басы иілген бидайдың ішінде дәні болады. Ә) Бидай дән берген қожасына бас иеді
Б) Адамның кеудесін көтергені.
31.Атымтай Жомарт әңгімесінде өзі бай болса да қандай кәсіппен айналысқан?
А) Отын кесіп, шөп тасып Ә) Егін егіп Б) Гүл суарып
32. « Күн сайын өз бейнетіммен тапқан ақшаға нан сатып алып жесем, сол бойыма тамақ болып тарайды»- деген үзінді қай әңгімеден алынған?
А) Қыпшақ Сейітқұл Ә) Атымтай Жомарт Б) Дүние қалай етсең табылады
33.Француз жұртының теңгесі қалай аталады?
А) Франк Ә) Доллар Б) Теңге
34. «Егіннің бастары» әңгімесінің авторы кім?
А) Ыбырай Алтынсарин Ә) Ахмет Байтұрсынұлы Б) Бердібек Соқпақбаев
35. «Ұлыс оң болсын!» деген бата –тілектің түрін табыңыз.
A) Жол батасы Ә) Теріс бата Б) Наурыз батасы
36.. «Өгіз бен бақа» мысал-өлеңін аударған кім?
A) Ілияс Жансүгіров Ә) Ахмет Байтұрсынов Б) Ыбырай Алтынсарин
37. «Балықшы мен балық» мысал өлеңін А.Байтұрсынұлы орыстың қай жазушысынан аударды?
А) Пушкиннен Ә) Лермонтовтан Б) Крыловтан
38. Үзіндіні керекті сөзбен толықтыр
Түйе сүйеді баласын «…» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
A) «қозым» Ә) «құлыным» Б) «боташым»
39. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.
A) «Түлкі мен бөдене» Ә) «Күн астындағы Күнікей қыз» Б) «Қырық өтірік»
40. Адам қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз.
A) Жар – жар. ә) Жоқтау. Б) Сыңсу.
41. Түйе атасын табыңыз.
А) Ойсылқара Ә) Шопан ата Б) Зеңгі баба
42. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?
А) «Қожаберген» Ә) «Менің де атым Қожа» Б) «Балалық шаққа саяхат»
43. «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?
А) Сұлтан Ә) Анасы Б) Майқанова
44. «Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?
А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі Ә) Тәртібінің педкеңесте қаралуы
Б) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы
45. Қожаның шын аты кім?
А) Қожабай Ә)Қожаберген Б)Қожатай
46. Қожаға әжесі қойған ат қандай?
А) Тампыш неме Ә) Қара көже Б) Сары Қожа
47.- Біз лагерьге баратын болдық.
-Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдығ-деген кімнің сөзі?
А) Жантас Ә) Сұлтан Б) Қарт адам .
48.-Лаула! Лаула, жігер оты! Самға, қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да- ертеңгі болашағым-деген кімнің сөзі?
А) Сұлтан Ә) Қожа Б) Жантас.
49.Қожаны не үшін жиналысқа салды?
А) Тәртіп бұзғаны үшін Ә) Сабақтан қалғаны үшін Б) Жауапсыздық танытқан.
50. «Менің атым Қожа» повесі қай жылы жазылды?
А) 1957ж Ә) 1953 Б) 1967