Теңге-тәуелсіздік символы! 6-сынып 15 қараша – «Ұлттық валюта күні»



бет1/4
Дата28.11.2023
өлшемі5,52 Mb.
#130694
  1   2   3   4

Теңге-тәуелсіздік символы!
6-сынып
15 қараша – «Ұлттық валюта күні»
Мақсаты: Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиет-тері жайлы мағлұмат беру, теңге-нің ел экономикасындағы алатын орнын анықтау.
Теңге
Доллар
Евро
Топқа бөлу

Әлемнің тынысы байлықтың белгісі Ол не? - ....

  • Ақша, теңге

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі” туралы Конститутциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.

  • 1991 жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болу қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.

Ерте заманда ақша рөлін мал, аң терісі, Қытайда- шай, тұз атқарған. Қазақстанда тоқты немесе саулық қой атқарған. Ақшаның пайда болуы тауар өңдірісінің дамуына және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюының нәтижесінде ақша рөлі түрлі металлдарға ауыса бастады. Өйткені металл әсіресе, алтын, күміс ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Қазақ елі Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан, ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған Тараз, Отырар қалаларында қола, мыс теңгелер соғылған. Бұл ақшалар ел экономикасында ерекше міндет атқарған.
  • 1993 жылы 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық валюта енгізу туралы” жарлық шығарды. Ұлттық валютаны “теңге”, ал оның жүзден бір бөлігін “тиын” деп атауды ұсынды.
  • Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжалеловтар еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихы даму аспектілерін зерттеуден бастаған.

Теңгенің әлемдік биржада 2006 жылдан бастап төбесінде сызығы бар Т әрпімен белгіленіп келеді. Ұлттық банк жариялаған үлкен байқаудың қорытындысы бойынша осы символ үздік деп танылып, оны ойлап шығарушылар миллион теңге сыйақы алды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет