«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары І нұсқа Бөлім: Дананың сөзі – ақылдың көзі Шығармалар: Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі26,64 Kb.
#117283
  1   2

«Келісілді» «Бекітемін»
Кафедра жетекшісі Оқу ісі меңгерушісі
С.С.Аманжолова______ М.Н.Алсай___


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Бөлім: Дананың сөзі – ақылдың көзі
Шығармалар: Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»
Қорқыттың нақыл сөздері,
Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»,
Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет»,
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»
1-БӨЛІМ
1. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырда» Бамсыға ат қойып, бата беретін кейіпкер
А) Баяндүр хан
В) Қорқыт ата
С) Байбөрі бек
D) Байбіжан бек
[1]

2. Ахмет Йассауидың «Даналық кітабындағы» хақиқаттың мәнін анықтаңыз.


А) Мұсылмандық жолы
В) Құдайға құлшылық ету
С) Хақ шындық,сопылық ілім
D) Ғылым-білім
[1]

3. А.Йассауи сақтандырған 5 нәрсенің бірі –


А) Тәкаппар болма
В) Мал табуға асықпа
С) Ұмытшақ болма
D) Дүние-мүлікті сатпа
[1]

4 Ақтамберді толғауынан алынған нақыл сөз


А) Бірлігінен айырылма,
Бірлікте бар қасиет…
В) Жақсы да келер бұл көпке
Жаман да келер бұл көпке...
С) Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа…
Д) Ақылсыз достыдан,
Ақылды дұспан артық-ты...
[1]

5. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылға Ақтамберді жыраудың «Балаларға


өсиетіндегі» қай жолдар сәйкес келеді?
А) Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп әркім тегінді.
В) Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
С) Әркім өзі талпынбақ,
Басына бітер бағы үшін.
D) Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірген әреке.
[1]
2-БӨЛІМ
6. Қорқыт атаның «Өлімді тоқтатса, тек өнер ғана тоқтатар» деп шешім қабылдауының себебі неде? Пікіріңізді білдіріп, қорытынды ой жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[3]

7. Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауындағы» мына жолдарды оқып, автордың ойын анықтаңыз. Автор туралы пікіріңізді білдіріңіз.


Атаның ұлы жақсыға
Малынды бер де басың қос,
Бір күні болар керегі.
Бостаны бар-ды теректің,
Болаты бар-ды беректің,
Тұсыңдағы болған нартың қорлама,
Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,
Табылмас-ты керекте...
Жауға кисең - берен ки,
Егеулеген болат өте алмас.
Есендікте малыңды бер де батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе,
Дұспанның қолы жете алмас!
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе -
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге...

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[3]
8. Кеуде бір жерді жол қылсам,
Шөлең бір жерді көл қылсам,
Құрап жанды көп жиып,
Өз алдына ел қылсам!..
Тентегін түзеп байқа деп,
Ішінен биді сайлатсам,
Құлым бір ұлдай киінсе,
Көркемін көрген сүйінсе...
Пышақтан малым кетпесе,
Қазаным оттан түспесе,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе!..
Төскейде кеңес топтанып,
Жақсылар үйде баптанып,
Нокерлер жүрсе сап түзеп,
Қос-қосымен шаттанып,
– деген жолдардағы Ақтамберді жыраудың бейнесін талдаңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[4]
3-БӨЛІМ
9. «А. Йассауидің «Даналық кітабының» тәрбиелік мәні неде?» тақырыбында ақынның хикметтерінің көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет