Малдың шығу тегі - малдың пайда болуы жөніңдегі зоотехнияның бір саласы. Малдың шығу тегі жөніңдегі ғылым қолда өсірілетін малдың зоологиялық жіктеуде алатын орны, қолға үйрету кезінде пайда болған өзгерістері және олардың дамып жетілуі, қолға үйретілген алғашқы мекені мен уақыты, оның таралуы, белгілі бір мал түлігінің нақтылы жабайы тегін анықтау мәселелерін шешеді. Қазіргі уақыта қолда өсіретін малдың барлық түрлерінің арғы тегі жабайы хайуанаттар болғаны белгілі болды. Оларды қолға үйрету — күрделі де ұзақ үрдіс. Жабайы және үй малдарының дене құрылысын салыстыру, будандастыру, палентологиялық және археологиялықзерттеу деректері негізінде үй малының барлық түрлерінің арғы тегі толық анықталған. Мысалы, мүйізді ірі қарамалдың арғы тегі - жабайы тур, қойдың арғы тегі – арқар мен муфлон, жылқының арғы тегі - тарпан мен құлан, тауықтың арғы тегі - банкив тауығы, үйрек тұқымдарынікі - барқырауық жабайы үйрек, үй қазыныкі - жабайы сұр қаз екені көрсетілген. Малдың шығу тегін және пайда болу жолын зерттеу арқылы, олардың үйретілген жүздеген ғасырлар бойында пайда болған пайдалы өзгерістердің сырын ашып, қазіргі кездегі малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жетілдірудің нақтылы тәсілдерін білуге мүмкіншілік туғызады. Мал тұқымдары туралы түсінік.Үй хайуанаттарының белгілі бір түрі, яғни әр түлік мал тұқымдарының бөлінеді.Мал тұқымы жабайы түрлерде кездеспейді.Мал тұқымы зоологиялық емес, зоотехникалық ұғым.Мал тұқымы алғаш ХІІ ғасырда малдың жекелеген жақсы тобы шығарылып, оларды басқа мал тобын жақсартуға пайдалануға байланысты қалыптаса бастаған.
Мал тұқымдары туралы ғылымдардың берген анықтамасы көп.Бірақ олардың әрқайсысы мал тұқымы ұғымының мәнін толық қамти алмайды.Бірі оның бірлігіне,тұрақтылығына мән берілсе,екіншісі ұсақтығына,үшіншісіне біртектілігіне т.б. мән береді.Көптеген анықтамаларды негізге ала отырып, мал тұқымы деп белгілі бір әлеуметтік-әкономикалық жағдайда адам еңбегі нәтижесінде қалыптасқан, шығу тегі мен тарихы ортақ, тіршілік ортасында талғамы бір,ұқсас, дене құрылысы мен өнімділік ерекшеліктері бірдей және бұл қасиеттерін ұрпағына толық бере алатын, түліктің бір үлкен тобын айтамыз.
Сонымен мал тұқымын адам өзінің белгілі бір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін көп жылғы еңбегі арқылы шығарылады. Мал тұқымының басты қасиеттері: шыққан тегінің бірлігі, белгілі бір табиғи және технологиялық жағдайда өніп-өсуге бейімділігі, тұқымын өздеріне тән, шаруашылыққа айқын белгілі болған тиімді қасиеттерінің беріктігі мен белгілерінің өзгергіштігі және қажетті мөлшерде сандық құрамының болуы. Мал тұқымының бұл қасиеттері бір-бірімен өте тығыз байланысты, бір-біріне себепші, бірін-бірі толықтырып отырады, жалпы мал тұқымының қалыптасып, талапқа сай дамып отыруының басты шарттары.
Анықталған тұқымға қажетті малдың саны оның құрылымына, бейімділіне, өсімталдығына байланысты.Д.А.Ксиловскийдің есептеуінше тұқымның сандық құрамында кем дегенде 4500 аналық,150 аталық бас болуы қажет. Қазіргі уақытта тұқымының сандық құрамы әр түлік бойынша,жаңа мал тұқымын бекіткен нұсқауда көрсетілген.Тұқым мал шаруашылықты негізгі өндіріс құралды.Мол өнімін молайту қажетті талабына сай интенсивті мал шаруашылығын ұйыдастырудың алғы шарттарының бірі-жоғары өнімді мал тұқымын өсіру. Сондықтан шаруашылықта селекция жұмысын ұйымдастыру қажетті және тиімді мал тұқымын талдап алудан басталады, мұның өзі мал шаруашылығын рентабельді жүргізудің алғы шарты болып саналады.