«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»



Дата10.03.2023
өлшемі22,71 Kb.
#72912

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



  1. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің идеясына сай қатарды белгілеңіз.

А) өзіндік ойымен бөлісу
В) әдемі сөздерді көп қолдану
С) айшықты сөздермен өлең жазу
Д) өлең арқылы үлгі-өнеге көрсету [1]



  1. ...Сөзін оқы және ойла,

Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл – гүл... қарамен берілген сөздер троптың қай түріне жатады? [1]
А) теңеу В) метафора С) синекдоха Д) метонимия

  1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде қандай мәселе көтерілді? [1]

А) кедейлік мәселесі
В) мал табу мәселесі
С) тәлім-тәрбие мәселесі
Д) адамгершілік мәселесі

  1. «Естігенді есте сақтау жолдары» Абайдың қай қара сөзінде айтылады? [1]

А) 1 В) 17 С) 31 Д) 29

  1. Абайдың «Жетінші қара сөзіндегі» білсем екен демекке тән қатарды белгілеңіз. [1]

А) дүниені тану
В) оқумен айналысу
С) музыкаға құмарту
Д) айналаны қызықтау



  1. Абайдың «бес асыл ісіне» сіз тағы не қосар едіңіз? Ойыңызды 5-6 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз.

[2]


  1. «Отыз бірінші қара сөзінде» айтылған «ой кеселді нәрселерден қашық болу» дегенді қалай түсінесіз? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз. [2]




  1. Абайдың «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген ойына өз көзқарасыңызды 4-5 сөйлеммен жазыңыз. [2]




  1. Абайдың қара сөздерінен қандай үлгі алдыңыз? Ойыңызды қорытындылап 5-6 сөйлеммен жазыңыз. [2]




  1. «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз» дегенді қалай түсінесіз? Түсінгеніңізді 3-4 сөйлеммен жазыңыз. [2]




  1. Төменде берілген тақырып бойынша эссе жазыңыз. Сөз саны - 100-120 [5]



Абайдың жастарды оқу-білімге шақыруы қазіргі заманда өзекті ме? Ақынның шығармаларын талдай отырып, «Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқығаннан кейінгі менің ойларым» тақырыбында отбасылық құндылықтар тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет