Қазақ әліпбиі



Дата24.11.2023
өлшемі17,29 Kb.
#125650

хмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырды. Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар берді.
Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі.
Қазіргі таңда қазақ тілі үш жүйеде жазылады:

  • Кирил жазуында Қазақстанда және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында жазады. Қазақша ресурстардың көпшілігі кириллицада жазылғанның себебі — Кеңес одағында латын жаңәліпті ауыстырған кириллица 1940 жылдан бастап қолданыста болған.

  • Араб жазуы — ресми түрде Қытайдың батысында орналасқан, Шыңжаң ауданындағы, Іле Қазақ автономиялық облысындағы қазақтармен қолданылады. Одан басқа, онымен АуғанстанИран мен Пәкістандағы XX ғасырдағы кеңестік репрессиядан қашқан қазақ диаспорасы пайдаланады.

  • Латын жазуы. 2017 жылы қазақ тілінің жазуын латынға ауыстыруға жоспарланып, одан бері қазақ тілінің жаңа латын әліпби нұсқалары жарияланған. Қазіргі таңда, латын жазуының практикалық қолданысы жоқ. Ресми нұсқаларынан тыс QazaqGrammar мен QazAqparat өз латын әліпбилерін қолданып, 1928—1940 жылдар арасында Жаңәліп, яғни түркі тілдерге арналған ортақ латын әліпби қолданыста болған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет