Қазақ тілінің шығу тарихы



Дата07.06.2023
өлшемі116,77 Kb.
#99368

Қазақ тілінің шығу тарихы
Қазақ тілі тарихы қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қ. т. б-нің тарихы шартты түрде:
а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең;
ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді.
Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің граммат. құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия» (1860–61) деген еңбегінде кездеседі. Бұл – қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская» (1875), П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикографиялық жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді.
Қ. т. б-нің салалары: Әліппе мен емле. 19 ғ-дың 2-жартысында Ы.Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында А.Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді.
Қазақ тілінің шығу тарихы туралы деректі фильм https://youtu.be/kFt3lxegGPs

Ахмет Байтұрсынұлының «төте жазуы»

Қазіргі латын әліпбиі

Қазіргі латын әліпбиі — 2017 жылдың 9 қазанында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жобасы ұсынылды. 2017 жылы қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілді. 2017 жылдың 26 қазанында бұл алфавит ресми түрде мақұлданды. 2018 жылғы 19 ақпанда осы қаулыға түзетулер енгізілді. 2017-2025 жылдары жаңа әліпбиге көшу жоспарлануда.


Әліпби 32 әріптен тұрады.
2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиін қазақ тілінің төл дыбыстары мен дыбысталуын сақтауға баса назар аударып, қайта қарауға шақырды.
2021 жылы қаңтарда әріптерін енгізе отырып, қазақ латын әліпбиінің қайта қаралған нұсқасы ұсынылды, Ä ä (Ə ə), Ö ö (Ө ө), Ü ü (Ү ү), Ğ ğ (Ғ ғ), Ū ū (Ұ ұ), Ŋ ŋ (Ң ң) және Ş ş (Ш ш). Бұл нұсқа 2023 жылдан бастап ресми түрде қолданысқа енеді.


Латынша қазақша конвертер | Қазақ мәтіндері кирилицадан латынға түрлендіру (qazlat.kz)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет