Орындаған: Шағырбай Назым Тексерген: Танабаев Ғалымжан
2021 -2022 оқу жылы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті
Қарастыратын тақырыптар: - Бас мүшесі ұйытқы болған фразеологизмдер
- Көз мүшесі ұйытқы болған фразеологизмдер
- Қол мүшесі ұйытқы болған фразеологизмдер
- Аяқ мүшесі ұйытқы болған фразеологизмдер
Лексикографтардың пікірінше, кез келген тілдің фразеологиялық қорының 30% соматикалық тіркестер құрайды. І. Кеңесбаев сөздігінде 630-дан аса соматикалық фраземалар тіркелген. Түркі тілдеріне ортақ фраземалық қордың басым көпшілігі соматикалық фраземалар болып табылады.
Дене мүшелері ұйытқы болған, фраземалар құрамындағы басқа компоненттерге «басшылық» етіп, ықпал жасап тұратын тілдік қорда сақталған кейбір соматикалық фраземалардың ішкі формасында күңгірттілік байқалады.
Бас мүшесі ұйытқы болған фразеологизмдер
Бас соматизмі VІІІ ғасырдағы көне түркі ескерткіштерінде, көне ұйғыр, қыпшақ және оғыз ескерткіштерінде, қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік – baš, хакас тілінде – pas, чуваш тілінде – pus кездеседі. Қазақ тілінде бастың түрін анықтайтын домалақ бас, сопақ бас, таз бас, қауын бас т.б. тіркестер бар. І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» 169 фразема берілген.
Қазақ тілінде бас соматизмі ұйытқы болған бас иді, бас иіп сәлемдесті, басын салбыратты, басын көтерді және т.б. фраземалар этикеттік форма ретінде тілде жиі қолданылады. Көз соматизмі көз тігу, көзін қадау, көзін аларту, көзін қысу, көз тастау, көзін адырайту және т.б. фраземаларына тірек болып әр түрлі ситуацияда қолданылады. Қазақ тілінде бас соматизмі ұйытқы болған бас иді, бас иіп сәлемдесті, басын салбыратты, басын көтерді және т.б. фраземалар этикеттік форма ретінде тілде жиі қолданылады. Көз соматизмі көз тігу, көзін қадау, көзін аларту, көзін қысу, көз тастау, көзін адырайту және т.б. фраземаларына тірек болып әр түрлі ситуацияда қолданылады.
БАС
айналу
байлады
бұзар
алу
аманда
Аман болу
ауырту
Көз мүшесі ұйытқы болған фразеологизмдер
Көз соматизмімен жасалған фраземалар саны басқа соматикалық тіркестермен салыстырғанда басымырақ екен. М. Ержановтың «Адамның сыртқы бейнесін сипаттайтын сөздердің лексика-семантикалық топтары» атты кандидаттық диссертациясында көздің 123 түрін сипаттайтын соматикалық тіркестерді көрсеткен: үлкен көз, бадырақ көз, алақан көз, шатынаған көз, аялы көз, шақша көз, жұмық көз, жыпсық көз, бота көз, қой көз, құралай көз, шаян көз, сығыр көз, қысық көз және т.б. І. Кеңесбаев сөздігінде көз соматизмімен жасалған 209 фразема берілген.
КӨЗ
айырмау
ашқызбау
тарту
аларту
жүгірту
бояушы
Қол мүшесі ұйытқы болған фразеологизмдер
Қазақ тіліндегі фраземалардың қалыптасуына сонымен қатар құлақ, ауыз, тіс, мұрын, аяқ, жүрек, бауыр, бүйрек, іш және т.б. анатомиялық атаулардың, дене мүшелердің қызметі айрықша. Олар сөзге арқау, ойға тірек болып, тілдің фразеологиялық бай қорын жасауда ерекше қызмет атқарады.
Паралингвистикалық амалдардың ішінде көп тарағаны – дене қимылдары. Соның ішінде херемалар (гр.hejr, hejros – қол) адамдардың қарымқатынас барысында жиі қолданылады: қол алысу, қол қусыру, қол соғу, қол жаю, қол сермеу, қол бұлғау, қол көтеру және т.б. фраземалар сөйлеу ситуациясы мен қатынас ерекшеліктеріне қарай қолданылады.
Қол алысу херемасы сәлемдесу, қоштасу, алғыс білдіру, құттықтау, танысу, достасу, шартқа отыру, келісімге келу, қолдау ситуацияларында кездеседі.
Қол алысу фраземасы негізінде қалыптасқан қолды кеудеге қою, қол бұлғау, қол көтеру, қол жаю және т.б. херемалар ізеттілік пен сыпайылық, ыстық ықылас пен жылы жүректің символы ретінде қолданылады. Қазақ халқының салт-дәстүрінде сақталған табалдырықты оң аяқпен аттап кіру, сыйға тартар нәрсені оң қолымен беру, оң қолымен ишарат білдіру т.б. ырымдар адамның кеудесіне оң қолын қоюы негізінде жүзеге асады.
Қол сілтеу «ренжу, өкпелеу», «не болсаң, ол бол» дегенде көңілі қалған, жәбірленген кісінің іс-әрекеті. Біреуге қол сілтесең – өзін жәбірлеу, сөгу деп те қабылдайды. Қол көтерді «ұрды, соқты» мағынасындағы фразема бар. Осы фраземамен ұштас келетін кинесикалық мағына: 1. сөзім бар, айтарым бар; 2. тоқта, жетер; 3. жеңілдім, бағындым.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: Пайдаланған әдебиеттер тізімі: - Р. А. Авакова. Фразеосемантика. Алматы, «Қазақ университеті», 2013.
- М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис). Алматы, 1971.
- Г. Смағұлова. Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда монография, «Елтаным», Алматы 2020.
Достарыңызбен бөлісу: |