Қазақ халқының ежелгі кәсібі



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі2,75 Mb.
#787

 

 

 



 

 

“Қазақ халқының ежелгі кәсібі” 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек 

оның  ұлттық  болмысы,  кәсібі,  салт-

санасы,  әдет-ғұрпы  –  барша  қазаққа 

тән,  оның  ғажайып  мол  рухани 

қазынасы  да  бөліп  -  жаруға 

жатпайтын ортақ байлық. 

 

 

 



 

Н.Ә.Назарбаев 

 

 



Қазақстан егемен, тәуелсіз мемлекет болды. Көптеген адамдар 

қазір  мұны  тиісті  нәрсе  ретінде  қабылдауға  әзір,  бірақ 

қазақстандықтар  мұның  біздің  тарихымызда  қаншалықты  сирек  әрі 

қиындықпен болғанын ұмытпауға тиіс. Неше ондаған ғасырлар бойы 

көшпенділік  салтпен  өмір  сүрген  ата-бабаларымыз  табиғат  аясында, 

ен жайлау, кең қыстауда көшіп қонып жүріп, өздеріне оңтайлы өмір 

сүрудің сан түрлі тәсілдерін ойлап тапқан. Үздіксіз дамытып отырған. 

Қазақ  халқы  сол  далалық  дәстүрдің  негізінде  адамды  таңқалдырар 

алуан  сипаттағы  шеберлік  тәсілдерді  пайдалана  отырып,  өздеріне 

ғана тән кәсіптік энциклопедиясын қалыптастырған. 

Ежелде  алғашқы  қауымдық  құрылыс  қалыптасқан  шақта 

матриархат  үстемдік  жасағанымен  отбасы,  тайпа,  халық  үшін  ерлер 

жағы білек сыбана қызмет етті. Қашанда материалдық жағдай басты 

орынға  шығып  тұрғандықтан  жұмыс  қолының  көбею  қажеттілігі 

туды. Ал бұған дейін кәсіп атаулы ерлерге ғана тән болған-ды. Еңбек 

бөлінісінен  кейін  үй  қызметін  қатар  алып  кәсіпшілікке  әйелдер 

қауымы  да  араласты.  Кәсіп  түрінің  ер  мен  әйелге  тән  деп  бөлінуі 

сондықтан  болатын.  Ал  бүгінгі  таңда  гендерлік  саясаттың  ықпалы 

және  әйелдер  қауымының  әлеуметтік  рөлінің  қайтадан  артуына 

байланысты  қай  кәсіпті  алсаңыз  да  ердің  де,  нәзік  жандылардың  да 

«екі қолға бір күрек алып», іс қылып жүргенін байқайсыз. Қаншама 


жылдардың, ғасырлардың тізбегі «қайталама» өзгертулер әкелетінінің 

дәлелі бұл. Өйткені, әу баста осылай еді. 

Ертедегі адамдардың осыдан 1 миллион жыл ілгеріде Қазақстан 

жерінде  өмір  сүргенін  ғалымдар  айтады.  Ендеше,  жеріміздегі  ең 

ежелгі  кәсіп  түрі  болып  сол  замандардағы  тобыр  болып  жабайы 

аңдарды аулау, терімшілік, балықшылық жатады. Жабайы жануарлар 

қолға үйретіле бастады. Ал біз атакәсібіміз деп мал шаруашылығын 

айтамыз.  Кейбір  жаңашылдарымыз  жерініп  қалатын  бұл  кәсіп  түрі 

көшпенділер  өркениетінің  негізгі  табыс  көзі,  күнкөріс  тірегі  болды. 

Үй жануарларын «төрт түлік» деп атап, әрқайсысын қадірлеп, малдың 

пірі  болады  деген  түсінік  қалыптастырды.  Бірақ  бұған  буддизм  мен 

зороастиризм  діндері  ағымдарының  кейбір  пайымдарының  еш 

қатысы жоқ. Шопан ата, Ойсыл қара, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шекшек 

ата  деп  атады  әр  малдың  пірлерін.  Бұл  тұрғыда  халық  ауыз 

шығармашылығының  көптеген  мұралары  қалғанын  да  ескеру  абзал. 

Тіпті  ата-аналардың  баласын    «қоңыр  қозым»,  «қошақаным», 

«құлыным», «құлыншағым», «ботам»,  «ботақаным» деп еркелетуінің 

басқа  да  мәні  бар.  Астарын  түліктердің  сүйкімді  болатындығынан 

емес,  көшпелі  мәдениеттің  халықтың  сана-сезімі,  психологиясына 

сіңісіп кеткендігінен іздейік. 

Өр Алтай мен Еділдің аралығындағы қазақ даласының әр текті, 

яғни,  таулы,  қыратты,  шоқылы,  жазық,  орманды,  құмды,  шөлейтті 

болып  келуіне  байланысты  әр  аймақта  әртүрлі  түлік  түрі  табиғат 

ыңғайына  қарай  таралған.  Мәселен,  батыста,  әсіресе  Үстірт 

даласының  арғы-бергі  қолаттарында  түйе  малы  көп  кездессе,  жанға 

да,  малға  да  жайлы  оңтүстік  аймақта  кез  келген  мал  түрін  ауа 



райынан қорықпай өсірген. Ал қысы қытымыр, аязы шыңылтар Арқа, 

солтүстік және шығыс өңірлері негізінен жылқы мен қойды қаптатқан 

екен.  Екеуін  бірге  тебін  малы  деп  атағаны  бар.  Өйткені,  аязына 

төзгендей  болғанмен,  қалың  сере-сере  қар  түйе  мен  сиырға  жар 

бермейді. 

Біз қазақтың атакәсібінің төресі деп мал шаруалығын айтамыз. 

Егіншіліктің  те  ежелгі  кәсіп.  Өрісті,  өнімді.  Бірақ  аталмыш  саладан 

кейінгі  орында.  Өзге  де  ұсталық,  зергерлік,  аңшылық,  қолөнершілік 

және т.б. кәсіп түрлері де қазаққа жат емес. 

Геологиялық  жылсанаудың  ең  жаңа  заманы  голоцен 

басталғанда, б.д.д. 10 мың жыл бұрын, табиғатта ерекше орын алған 

апатты  кездегі  аз  іркілістен  кейін,  Қазақ  даласын  мекендеген  сақ 

тайпалары жылдам өркендеп өсті. Жерге көптеп түскен метеориттер 

сақ адамдарына тәңірге табыну сенімін қалыптастырды, отқа табыну 

мен отпен аластау да осы нанымның көріністері. 

Негізгі кәсібі аңшылық болған сақ тайпалары өзен бойлары мен 

көл  жағалауларын  мекендеп,  балық  аулаумен  шұғылданды. 

Сырдарияны жоғары қарай өрлеп, Әмудария алабын мекендеді. Суық 

басталғанда,  осыдан  шамамен  10  мың  жылдай  бұрын,  сақ  тайсақ 

тайпалары  Таяу  Шығыс  пен  Орта  Шығыстың  тіршілікке  қолайлы 

мекендеріне қоныс аударды. 

Мезолит заманында Таяу Шығысты қоныстарына айналдырған 

сақ  тайпалары  сан  жағынан  жылдам  көбейіп,  халықтың  тығыздығы 

артты. Аңшылық мүмкіндігі шектеулі өлке адамдардың ата кәсібімен 

күн  көрісін  қиындатып,  тіршіліктің  басқа  жақтарын  табуға 

итермеледі.  Тығырықтан  шығудың  бір  жолы  –  жабайы  өскен  дәнді 



дақылдарды  жинап,  тамаққа  пайдалану  еді,  неолитте  жабайы 

дақылдар  өнген  жерлерді  күтімге  алып,  құнарлы  топырақты,  әрі 

ылғалды  өзен  алаптарына  өздері  егін  өсіре  бастады.  Қораланып 

жайылған  аңдарды  да  қамқорлығына  алып,  біртіндеп  үй 

жануарларына  айналдырды.  Осылайша  өндірістік  шаруашылықты 

игерген отырықшыл өркениетті адамдар қалыптасты. 

Өндірістік  шаруашылықпен  айналысқан  отырықшы  адамдар 

мекендеген  өлкелердің  тұрғындарының  тығыздығы  өсе  түсті.  Егін 

шаруашылығы,  мал  шаруашылығы  және  басқа  да  кәсіптер 

адамдардың  арасында  айырбас  пен  сауда  қатынастарын  туындатты. 

Кәсіпкерлер еңбек құралдарын тастан және сүйектен жасады, қыштан 

ыдыстар  дайындады.  Терілерді  өңдеп,  жүннен  иірген  жіптен  мата 

тоқып, киімдер мен тұрмыстық заттар тіккен шеберлер шықты. 

Б.д.д.  4-мыңжылдықта  тарихта  шумерлер  аталған  кенгір 

тайпасының  адамдары  сыналап  жазуды  ойлап  тауып,  өркениетті 

заманның  алғашқы  беттерін  тасқа  шекіп  жазып,  мәңгілік 

ескерткіштер  қалдырды.  Олар  үлкен  қалалар  салып,  ғимараттар 

тұрғызды. 

Қазақ  даласының  сақ  тайпалары  ата  кәсібі  аңшылықпен,  кең 

өлкелерде  көшіп-қонып,  тұрып  жатты.  Тастан,  сүйектен  жасаған 

еңбек құралдарымен тері өңдеп, жүннен мата тоқыды, әр түрлі ыдыс-

аяқтар  жасады.  Неолит  заманында  жабайы  аңдарды  қолға  үйретіп, 

шаруашылықпен  айналысуды  меңгерді.  Қол  өнері  жылдам  дамып, 

асыл тастар мен алтыннан әшекей зергерлік бұйымдар жасау кәсібін 

игерді.  Мал  шаруашылығы  қол  күшін  қажет  ететін  кәсіпкерлік 

еркектерді  алға  шығарып,  қоғамда  патриархат  орнады.  Адамдар  су 



жағалауларына  жақын  үңгірлерді  мекендеумен  қатар,  жер  мен 

ағаштан  баспана  жасауды  үйренді.  Үңгір  қабырғаларына,  жартас 

беттеріне  аңдардың,  аңшылық  көріністерін  асқан  шеберлікпен 

бейнелеген  суретшілер  шықты.  Осы  суреттерден  қазір  жойылып 

кеткен,  бір  кездері  Қазақ  даласын  мекендеген,  тур,  бизон  сияқты 

аңдарды көреміз. 

Неолит  заманының  соңына  қарай,  энеолит  (мыс)  заманының 

басында  мыс  тумаларынан  еңбек  құралдарын,  қару  жасауды 

меңгерген  сақ  тайпалары  тарих  сахнасына  шықты.  Сақтардың 

адамзат мәдениетінің ең биік шыңы саналатын жазу өнері болған. Сақ 

жазушының бізге жеткен нұсқасы Есік қорғанынан табылған «Алтын 

адамның» бейітінен шыққан күміс тостағанда жазылған екен. 

Есік  қорғанынан  «Алтын  адам»  табылғанға  дейін  Қазақ 

даласын  мекендеген  адамдарда  айтарлықтай  мәдениет  болмаған, 

ұрпақтар  арасындағы  ақпарат  өте  қарапайым  жолмен,  тек  ауызша 

беріліп  келген  деген  ұғым  қалыптасқаны  белгілі.  «Алтын  адамның» 

қасынан табылған күміс тостағандағы жазу бұл ұғымның теріс екенін

халқымыздың  ежелден  төл  жазуы  болғанын  дәлелдеді.  Алдағы 

уақытта  сақ-қазақтардың  жазуы  шумерлер  (кенгірлер)  жазуымен 

қатар,  яғни  б.д.д.  4-3  мыңжылдықтарда  шыққанын  дәлелдейтін 

айғақтардың табылатынына сенімдіміз. 

Қазақ  даласы  мен  қазіргі  Орта  Азия  мемлекеттері  арқылы 

өткен, б.д.д. ІІ ғасырдың соңынан басталған Ұлы Жібек жолы Батыс 

пен Шығысты жалғастырғанын білеміз. Осы Ұлы жолмен жүрген жат 

елдіктер  бірін-бірі  түсіну  мақсатында  ежелгі  қазақ  тілінде  арнайы 

сөздік  жазылған.  Бұл  сөздік  заман  ағымында  сан  рет  көшіріліп 



жазылып  отырған.  Латын  тілінде  жазылған  «Кодекус  Куманикус» 

немесе  «Кумандар  кітабы»  атты  ортағасырлық  нұсқасы  бізге  жетті. 

Осы  кітап  –  сөздікті  б.д.д.  замандардан    бері  қарай  Ұлы  Жібек 

жолымен  сапарға  шыққан  саудагерлер,  елшілер,  жиһангездер 

өздерімен  міндетті  түрде  алып  жүріп,  қазақ  халқымен  түсінісетін 

құралға  айналған.  Көне  қазақ  тілі  Шығыстағы  қытайлар  үшін  де, 

Батыстағы  парсы,  араб,  грек-латын  және  санскрит  тілдерінде 

сөйлейтін  халықтар  үшін  де  білуге  міндетті  халықаралық  тіл 

саналған. 

Атыраудан  Алтайға  дейінгі,  ұлан  байтақ  жерді  алып  жатқан 

қазақ  ұлтының  өресі  биік,  өрісі  кең  кәсібі  мен  нәсібі,  өнері  мен 

мәдениеті болған. 

Ежелгі  мәдениет  орталығы  Отырар  орнын  қазу  барысында 

табылған  мүліктер,  қолөнер  кәсібінің  жұрнақтары  сынып,  бүлінген 

көзелер  және  бұйымдар  еліміздің  мәдениетін  жаңа  деректермен 

толықтырды. 

Ұлтымыз  өзінің  тұрмыс  тіршілігін,  өзін  қоршаған  ғажайып 

дүниені,  сұлулықты,  ерекше  әсемдікті,  өздерінің  табиғатпен  біте 

қайнасқан заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, бөлінбес бірлігін 

қол өнерде көрсете білген. 

Қазба  және  жазба  деректерге  қарағанда  Қазақстан  жерінде 

қолөнер  кәсібі  2,5  мың  жыл  бұрын,  әрбір  дәуірде  өзінің  өшпес  ізін 

қалдырып,  талай  тайпалар  мен  ұлыстардың  туындылары  арқылы 

қалыптасып,  мәдени  мұраға  айналған.  Сақ  заманындағы  мәдени 

мұралармен  материалдық  заттардың  қалдықтарынан  қазақ  ұлтының, 

ежелгі сақтардың мұрагері екендігі байқалады. 



Геродоттың    деректері  бойынша,  Қазақстан  жерін  мекендеген 

сақтардың  барлық  бұйымдары  әшекейленген.  Киімдері  өздеріне  тән 

үстерінде  шапандары,  көңнен  иленген  аяқ  киімдері,  үшкіл  бас 

киімдері болған екен. Сондай ақ Геродттың деректерінде сақтардың 

барлық  бұйымдары  алтын  мен  мыстан  жасалатындығы,  бас  киім, 

белдік әшекейлері, күмістен соғылғандығы, ат әбзелдерінің барлығы 

жезден  істеліп,  тек  жүген  -сулығы,  ауыздығы  алтынмен 

әшекейленгендігі айтылады. 

Сақтардың  мал  шаруашылығымен  айналысқанын  Алтайдағы 

Келес  даласынан  қазылып  алынған,  дүние-мүліктер  дәлелдейді. 

Ертедегі  ата-бабаларымыз  қоршаған  ортаның,  өсімдіктердің  жан-

жануарлар  дүниесінің  әсемдік  бейнелерін  нақыштап,  әлемнің  әрбір 

құбылысынан  әсемдікті  көре  білген.  Кең  дала  көгілдір  аспан, 

құйылып  тұрған  сәуле,  алау  реңді  гүлдер,  әртүрлі  тіршілік  иелері 

бізді  қоршаған  орта  сұлулықтың  ең  байырғы,  әрі  таусылмас  қайнар 

көзі  болып  табылады.  «Зергердің  алдын  көрмесе,  алтын  да  алтын 

болмайды»  деген  халық  мақалында  шеберліктің  жасампаз  күші 

туралы айтылса керек. 

Қолөнер кәсібінің тарихи түп-тамыры тым тереңде. Жерімізде 

өмір сүрген ежелгі тайпалар – сақтар, ғұндар, үйсіндер – біздің ата-

бабаларымыз. Олардан бізге жеткен мұралар – осы кәсіп жәдігерлері. 

Қолөнердің  көне  заманнан  келе  жатқандығына  Ұлытау 

жартасындағы,  Досыбай  тауындағы  бейнелер,  Қыркелді  өзені 

аңғарынан табылған күйдірілген көзелер дәлел бола алады. 

Тарихи деректерге жүгінсек, үйсін, қаңлы және ғұн тайпалары 

мен  тайпалық  бірлестіктері  Ұлы  Таң  империясымен  мәмілегерлік 



және  құдандалы  байланыс  орнатқан.  Елдер  арасындағы  қарым-

қатынастың  негізінде  Қытайдың  жібек,  мата  тоқымалары  батыс 

өңірге  ене  бастаған,  соның  нәтижесінде  көшпелілер  қолөнеріне, 

әсіресе  киім  түріне  өзгерістер  енген.  Олар  жүн-жібек  тоқымалардан 

тіккен  жеңді,  жағалы  немесе  жеңсіз  қаусырма  шапандарды, 

шалбарларды кие бастайды. 

Кәсіпқой  шеберлер  мен  ісмерлер  өз  өнерімен  асыл 

металдардың, теңіз түбіндегі маржандардың бар байлығын паш етіп, 

әйгілеген. Қолөнер туындыларын оймыштап, нақыштап, жарқырауық 

тас,  мөлдір  шынылардан  көзшелер  салып,  өрнектеген.  Оларда  сол 

заманның бедер-бейнесі қалыпталған. 

Ата-бабаларымыз  жүнді,  теріні,  сүйекті,  ағашты,  әр  түрлі 

тастарды,  бағалы  металдарды,  ыдыс-аяқты,  қару-жарақты  әсемдеу 

нақтылыққа жеткен.  Осынау  дала  мәдениеті,  деп  жазған  Л.Гумилев, 

көне дәстүр мен терең тамырлардан нәр алғанымен, бізге, отырықшы 

елдердің  мәдениетіне  қарағанда  құптарлық  дәрежеде  белгілі  емес, 

бұның  мәнісі  түркілердің,  басқа  көшпелі  тайпаларға  қарағанда 

дарындылығының  төмендігінде  емес,  олардың  материалдық 

мәдениетінің  қалдығы  «киіздің,  былғары  мен  ағаштың  тез 

бұзылатындығында»  болып  отыр.  Қазақ  қолөнерінің  XV-XVIII 

ғасырлардағы деректерінің ең бастапқысы тарихшы, ғалым Фазаллах 

Рузбиханның еңбектерінде  көрінеді.  Бұл  еңбекте  киіз  үй  және  оның 

құрал-жабдықтары, ер-тұрман әбзелдері, әшекейлері туралы деректер 

келтірілген.  Қолөнер  бағзы  заманнан  бері  тұтынып  келе  жатқан 

ұлттық  мүліктер  мен  бұйымдарға  нүкте,  таяқша,  бұрыш  салатын 


қарапайым  шаруадан  бастап  ағашқа,  теріге,  сүйекке  киізге,  жасау-

жабдықтарға бейнелейтін оқиғалы, яғни күрделі өрнектерге ұласады. 

Мұндай  өрнектермен  тұрмыста  қолданылатын  төсек-орын, 

киім-кешек,  ыдыс-аяқ,  ер-тұрман  және  басқадай  да  бұйымдар 

әшекейленген. Алтынмен аптап, күміспен күптеп айрықша өрнектер 

салынып жасалған заттар үстем таптың пайда бола бастауын, таптық 

өзгерістерді көрсетеді. 

Алтыннан  кереметтей  нәзік  өрнектер  салынып  істелген 

диадема,  аңшылықты  бейнелейтін  көріністер,  адам  бейнесі  мен 

мифтік  жанды  бейнелердің  өрімделген  күрделі  композициясының 

барлығы,  сол  кездің  өзінде-ақ  ата-бабамыздың  техникалық  және 

көркемдік жағынан биік деңгейге көтерілгенін дәлелдейді. Безендіру 

стилінің  айтулы  туындысы  саналатын  Жетісудағы  Қарғалы 

шатқалының олжасы – абыз әшекейі осының айғағы. 

Қол  кәсібінің  ел  қажетін  өтейтін  тамаша  үлгілері  өте  көп. 

Солардың  танылмай  жатқан  түрлері  баршылық.  Айталық,  текемет 

басып,  сырмақ  сыру,  тұскиіз  жасау,  бау,  басқұр,  алаша,  қоржын, 

аяққап,  алуан  түсті  кілем  тоқу  өнерлері  әлі  де  болса  анықтауды, 

саралауды қажет етеді. 

Қолөнер 


кәсібінің 

көптеген 

түрлері 

шаруашылық 

сұраныстарына  қатысты  шыққан.  Ата-бабамыз  көшпелі  өмір 

сүргендіктен  олардың  күнделікті  тұрмыс  заттары  жеңіл,  ықшам,  әрі 

өте  көркем  жасалған.  Киіз  үй  сүйегі,  жасау-жабдықтары,  ыдыстар, 

төсеніштер,  киімдер,  тағы  басқа  заттардың  барлығы  қолдан 

даярланып,  көркем  сәнделген.  Бұйымдарды,  тұрмыс  заттарын 

әшекейлеу  үшін  қол  еңбегі  өте  көп  жұмсалады.  Мысалы,  киіз  үй 



жабдықтары,  жасаулары,  алаша,  текемет,  тұскиіз,  сырмақ,  сандық, 

абдыра, кебеже, ат әбзелдері тек қана қол еңбегінің жемістері. 

ХVI-XVII  ғасырларда  қазақ  хандарының  қолөнерге  үлкен  мән 

бергендері,  тіптен  олардың  өздері  қандай  да  бір  қолөнер  түрімен 

шұғылданғаны 

жөнінде 


фольклор 

зерттеуші 

Ә.Диваевтың 

еңбектерінен кездестіруге болады. 

Қазақ  хандары  сән-салтанатын,  байлық  мұрасын  қолөнер 

туындыларымен  көрсете  білген,  тіптен  кейбір  хан  ордалары  арнайы 

зергерлер, тігіншілер, шеберлер ұстаған. 

Бұл  тұрғыда  атақты  Бөкей  Ордасында  шебер-ісмерлер  қызмет 

істеп,  Орданың  сән-салтанатын  асырғаны  туралы  А.Калонның 

еңбегінде  дерек  бар.  Қолөнер  туындылары  қазақ  ақсүйектерінің 

мәртебесін асырып, көңілін тасытатын өнер болған. 

Хан  сарайының  дәстүрлі  салтын  қазақ  ақсүйектерінің  кейінгі 

буындары  аға  сұлтан,    би-болыстар  да  сақтап  келген,  аға  сұлтандар 

Арынғазы  Ханқожин,  Шыңғыс  Уәлиханов,  Құнанбай  Өскенбаев, 

Ибрагим  Әділовтердің  қолөнер  қамқоршысы  болғаны  тарихтан 

белгілі. 

Қазақ  ұлтының  тұрмыс-тіршілігін  зерттеген  көптеген 

ғалымдардың  еңбектерінен  қолөнер  кәсібінің  тарихы  туралы  аса 

құнды  деректер  кездестіруге  болады.  Оған  мынандай  ғалымдардың 

еңбектерін  парақтасақ,  көз  жеткіземіз:  А.Янушкевич,  И.Ф.Русанов, 

Н.М.Ядринцев,  П.И.Лерх,  Д.Львович,  Э.Ю.Петри,  М.И.Манаев, 

А.И.Якоби, Г.Н.Потанин.  

 

 


Малшаруашылығы, оның ішінде  – қазақтың ата кәсібі 

Ана сүті мен жылқы сүті –    

біздің тарихымыздың басы 

Ғ.Қайырбеков 

Қазақ  халқының  тұрмыс  тіршілігі  жылқы  малымен  тығыз 

байланысты  болғандықтан,  осыған  сәйкес  киелі  ұғымдар  да  өте  көп 

кездеседі. «Ішсең сусын, жесең асың, мінсең көлік, кисең киім» деген 

теңеулер  осының  дәлелі  болып,  халқымыз  төрт  түлік  ішінен 

жылқының  қадірлілігін  арттыра  түседі.  Батырларымыз  бен 

хандарымызды жылқыларына қарап таныған.  

 

«Ас – адамның арқауы» деп даналық ой қалдырған бабаларымыз 



ғасырлар  бойы  табиғат  анамен  біте  қайнасып  ғұмыр  кешкен. 

Жаратылыстың берген несібесін теріп жеп, табиғатпен біте қайнасып 

ұрпақ  өрбіткен.  Ризығы  мол  Алла  тағаланың  жаратқан  пендесі 

көшпелі  өмір  керуенінде  ең  құнарлы  мың  жарымнан  астам 

тағамдарды азық еткен дейді зерттеуші ғалымдар. 

Ертелі кеш мал бағумен күн кешкен бабаларымыз оның терісін 

ұқсатып  киім  етсе,  мүйіз,  сүйек,  тұяғынан  түрлі  тұрмыстық  бұйым 

өндірді.  Еті  мен  сүтін  азық  етті.  Төрт  түліктің  қадір  қасиетін  терең 



ұққаны  сондай,  қыстың  үскірік  аязы  мен  жаздың  аптап  ыстығына 

қарамай мал басын көбейтті.  

Көне аңыздарға жүгінсек, жер бетінде ең алғаш болып жабайы 

жылқыны қолға үйреткен де біздің бабаларымыз екен. Жылдар бойы 

өздерін үстем ұстап келген батыс ғалымдары да мұны бүгінде ресми 

түрде  мойындап,  жарыса  жазу  үстінде.  Солардың  бірі  британ 

ғалымдары  жабайы  жылқыны  ең  алғаш  қазақтар  қолға  үйреткенін 

тайға  таңба  басқандай  етіп  дәлелдеп  шықты.  Демек,  Қамбар  ата 

түлігінің  жалын  жаужүрек  қазақ  халқы  бұдан  бес  жарым  мың  жыл 

бұрын ақ тартып мінген. 

 

 

Кілем тоқу – қажырлы еңбекті, ұшқыр ой-қиялды 



қажет етеді 

Салт-сананың негізі – елдің 

қолданған кәсібінде   

М.Дулатов 

Қолөнерді  кәсібім  мен  нәсібім  деп  білетін  қазақ  заман  өзгеріп, 

уақыт  тоқтаусыз  өтсе  де  сонау  сын  сағаттардан  қалған  қазақтың 

қазақтығын  айқындайтын  тілі,  ділі,  салт-дәстүрі,  кәсібі  етегімізді 

жиып, еңсемізді тіктегелі қайта жаңғыруда. 


 

Қазақтың ежелгі кәсібінің бірі - кілем тоқымасының тарихын сөз 

етер болсақ көп ғасырлық даму тарихы бар. 

Қола  дәуірінде  (б.з.д.  мыңжылдықтың  соңы)  Қазақстан 

территориясында  ою-өрнек  композициясының  негізгі  жүйелері 

қалыптасқан.  Мысалы:  желілік,  ритмдік  рапорттық  тор  және 

әмбебапты формулалармен байланысты аяқталған гүлдер. 

Этнографтардың  пайымдауынша,  қазіргі  түркі  халықтарының 

кілем үлгілерінде орталық ұқсастықтар бар. Солардың ішіндегі қазақ 

кілемдерінің  арғы  төркіні  байырғы  сақ,  ғұн,  қыпшақ  өнерінің 

мұралары  болып  саналады.  Оны  осы  кілемдердегі  әдет-ғұрып,  салт-

жора,  тіршілік,  кәсіп,  табиғат  көріністерінің  түрлі-түсті  бояулармен 

астастыра бейнелеуінен байқауға болады.  

Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдердің отаны ретінде 15-елдің 

бірі  –  Қазақстан.  Қазақтың  ғұлама  ғалымы  Әлкей  Марғұлан  да 

қазақтың түкті кілемінің өзі бірнеше түрге бөлінгенін айтады. Әсіресе 

орта ғасырлардан бері ақсүйектердің еншісі болып келген орда кілем, 

қалы  кілем,  масаты  кілем,  жібек  кілемдер  көздің  жауын  алатындай 

бір-бірінен өткен әдемі.  


Қазақстанда  түкті,  тақыр,  барақ  кілемдер  түрлері  кең  тараған. 

Әсіресе  оңтүстік  өңірінде  түкті  және  тақыр  кілем  түрлері  кеңінен 

қолданылады.  

Қолдан тоқылған кілемге пайдаланған негізгі шикізат түрі – жүн 

болғандықтан ертеден мал ұстаған ата-бабаларымыздың үй жабдығы 

ретінде  тұтыну  үшін  кәсіп  еткен.  Сапасы  мен  құндылығы  басқа  да 

жиһаздарымен салыстыратын болсақ тұтынуға да, төсеуге де төзімді, 

берік, оңайлықпен тозбайды. Сондай-ақ шаң-тозаңнан оңай тазартып 

алуға болатын қалың әрі жұмсақ төсеніштің төзімділігі соншалық көп 

жылдарға пайдалануға болады.  

 

Өнер  зерттеуші  Мұхамеджан  Әлімбаев:  «Кілемнің  жеті  қасиеті 



бар:  тоқысаң  –  өнер,  басы  бүтін  дүние,  жисаң  –  байлық,  берсең  – 

тәуір сыйлық, төсесең – мамық, жамылсаң – көрпең, сатсаң – малың, 

ілсең  –  сән-салтанатың!»,  -  дейді.  Шындығында,  кілем  тоқу  қанша 

қажырлы  еңбекті,  ұшқыр  ой-қиялды  қажет  етеді.  Қалтқысыз  өрнек 

түсіре білетін шеберлік, сарқылмас көз майын жұмсаудың арқасында 

осындай әсем дүниені өмірге әкелуге болады.  



Қазақ  халқының  өзімен  ежелден  бірге  жасап,  атадан  балаға 

өзінің өміршеңдігімен үзілмей жетіп, дамып отырған қасиетті кәсібі - 

тоқыма өнерінің баға жетпес айтулы туындылары кеше мен бүгіннің 

ертеңге қалдырар асыл мұрасы. 



 

Қазақ халқының ежелгі кәсібі тері илеу, былғары өңдеу 

Мал  терілерін илеп, бояп, ең беру ертеден келе жатқан ең жақсы 

дамыған және жетілген кәсіп. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су 

тартып езілмейді. Одан жасалған мүлік шегені берік ұстайды, тігісі де 

ыдырамайды  және  өзі  тұтынуға  төзімді,  әрі  әдемі.  Былғарының 

бірнеше  түрі  бар.  Олар:  көксауыр,  опайке,  былғары,  құрым  (хром), 

көзел, шегірен, сақтиян, ұлтан т.б. 

 

Көксауыр  –  жылқы  терісі  мен  серке  терілерінің  сауырынан 



(жондығынан)  жасалады.  Көбінесе  ол  көкпен,  кейде  қызыл,  сары, 

жасыл түстермен боялып, ең беті жалтырап тұрады.  

Саптама  –  бұл  қонышы  ұзын,  кең,  киіз  байпақпен,  шалбардың 

балағын іштен салып киетін аласа өкшелі етік. Оның ішкі табанына 



киіз  ұлтарақ  салып  және  байпақтың  ішінен  қалың  шұлғау  орайды, 

кейде киіз байпақтың ішінен шұлғаулы мәсікиеді.  

Шоңқайма  –  саптаманың  бір  түрі.  Оның  өкшесі  биігірек,  өкше 

сірісі  аласа,  тұмсығы  үшкір,  қонышы  тізеден  аспайды.  Кеңдігі 

саптаманың  кеңдігіндей.  Қонышы  екі  жақ  жанынан  жармаланып 

тігілген. Сондықтан оны кейде «жарма қоныш» деп те атайды.  

Мықшима  –  өкшесінің  түбі  жуан,  жер  басар  жағы  жіңішке, 

тұмсығы,  жоғары  қарай  қайқы  келген  биік  өкшелі  саптама  етік. 

Мықшиманы бұрын жас жігіттерге, ойын сауықшыл серілерге арнап 

тігетін. Оның қонышын, өкшелігін көксауырлап, тұмсығына қатырғы 

салады.  

 

Көк етік – көксауырдан оюлап тіккен жеңіл, үшкір тұмсық етік. 



Оны  көксауыр  етік  деп  те  атайды.  Көк  етіктің  қонышы,  ойындысы, 

күлшіні оюланып, кестеленіп жасалады.  

Кебіс  –  көбінесе  былғарының  сауырларынан  тігіліп,  қалыпқа 

қатырылады. Шажамайы мен ернеуі жақсы былғарымен астарланады. 

Сыны  бұзылмау  үшін  кебістің  ұлтарақшасы  мен  өкшеліктеріне  ең 


шымыр  ұлтандар  мен  тоздар  (қайыңның  қабығы)  салынып,  кепкен 

қайың шегемен шегеленіп, тарамыспен қайып тігіледі. 

Мәсі – мұны кей жерлерде іш байпақ, іш етік, былғары байпақ, 

көзел, сақтиян дейді. Өйткені мәсі құрымнан, шегіреннен, көзелден, 

жұмсақ былғарыдан тігіледі.  

Тарамыс. Етікшілер етікті, кебісті, мәсіні сондай-ақ былғарыдан 

жасалатын басқа да заттарды тарамыспен тігеді. Тарамыс  дегеніміз – 

ірі қараның жіліншік сіңірінен ширатылып алынған жіп. 



 

Зергерлік кәсібі 

Қазақ  халқының  зергерлік  өнері  ерте  замандағы  шеберлердің 

дәстүрлерін  жалғастыруда.  Ол  этнос  мәдениетін  құрайтын  маңызды 

бөліктердің бірі болып табылады. 

 

Шығыс  Қазақстандағы  археологиялық  олжалар  өткен  заман 



зергерлерінің    асқан  шеберліктерін  паш  етеді.    Мысалы,  Алматы 

облысы, Есік қаласында табылған қалыптау, ойма, батырма, көз салу 

техникасында орындалған әйгілі Шілікті бұйымдары (б.д.д. 7 – 6 ғ.ғ.), 

киім-кешегі  жануарлар  бейнеленген  алтын  жалпақ  қаңылтыр 

белгімен  сәндендірілген  (б.д.д.  6-5  ғ.ғ.)  ертедегі  жауынгер  («Алтын 


жауынгер»)  жерленген  бірегей  комплекс.    Өздерінен  кейін 

«хайуанаттар  стилінің»  (б.д.д.    ІҮ  ғ.)  тамаша  үлгілерін  қалдырған 

ертедегі берелдік шеберлер өз өнерлерімен таңқалдырады. Зевакино, 

Ақмер,  Құлажорға,  Славянка,  Юпитер,  Пчела  селоларының 

маңындағы  зираттардан    әдемі  ат  әбзелдері,  үзеңгі  және  белдік 

жиынтықтары табылған. 

 

Әшекейлердің  кейбір  түрлері,  мәселен,  қимасында  дөңгелек 



болып келетін білезіктер ұзақ хронологиялық кезең бойында көрініс 

табуда.  Оларға  ұқсас  білезіктер  қола,  ертедегі  темір  дәуірлеріндегі 

зираттардан, ХІІ ғасырдағы Отырар қазынасынан табылды. 

Қазақтардың  зергерлік  өнері  кәсіби  сипат  алды,  бұл  өндіріс 

ерекшелігімен  байланысты  болды.  Алтынмен  және  күміспен  жұмыс 

істейтін  шеберлерді«зергерлер»  деп  атаған,  «зер»  -  парсыша  алтын, 

алтын  әшекей  деген  сөзді  білдіргендіктен  де  «зергерлер»деп  атаған. 

Зергерлер  жеке  дара  жұмыс  істеген,  шеберліктерін  көбіне  өз 

ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырған. 


Зергер  жасайтын  бұйымдардың  түр-түрі  бай  болған:  бұған 

әйелдер  әшекейлері,  киімге  арналған  заттар,  дене  тазалығының 

жабдықтары, асқа байланысты құралдар, киіз үйдің ағаш бөлшектерін 

сәндендіруге  арналған  белгілер,  жиһаздар,  ағаш  және  былғары 

ыдыстар,  музыкалық  аспаптар,  қару-жарақтар,  ат  әбзелдері  енеді. 

Материал  ретінде  алтын,  күміс,  асыл  тастар,  інжу,  маржан,  түрлі-

түсті  шынылар    пайдаланылған.  Зергерлердің  басты  өнімдері 

қоғамның  барлық  жіктері  арасында  үлкен  сұранысқа  ие  болған 

әйелдердің  зергерлік  әшекейлері  болған,    бұдан  эстетикалық 

табиғатына  ғана  емес,  сонымен  бірге  салт-санаға,  дәстүрге,  барлық 

идеялық-діни  кешендерге  байланысты  бірқатар  функциялық  мән-

мағынасы  айқын танылған. 

Қазақ  зергерлік  өнерінің  ерекшелігі  шағын  түрінің  өзіндегі 

көрнектілігінде  және  мүсіндік  айқындылығында,  әшекейлерінің 

орналасу  симметриясы,  әшекейі  мен  негізінің  алмасуында.  Қазақ 

зергерлері  металдың  әдемілігіне  әрқашанда  білгірлікпен    көңіл 

аударып отырған. 

Кейбір  деректер  бойынша,    қазақ  зергерлері  ХІХ  ғасырдың 

басынын  бастап    металды,  күмісті,  алтынды  Орта  Азияның,  Шығыс 

Түркістанның  базарларынан  сатып    алатын  болған.  Сонымен  бірге, 

материалдарды  әсіресе  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан 

Қазақстанда  көптеп  келген  татар  көпестерінен  де    сатып  алып 

отырған. 

 

 

 


Киіз үй жиһаздары – ұлттың кәсібі мен нәсібі 

Қай  халықтың  болса  да  рухани  әлемі  оның  дәстүрлі  кәсібінде. 

Әр ұлттың өзіне тән кәсібінің қыры мен сыры болады. Кәсіби өнердің 

осынау  түрі  мыңдаған  жылдар  бұрын  қолға  алынғандығын  тарихи 

оқиғалар  дәлелдеп  көрсетуде.  Қазақ  кәсіби  өнерінің  әр  саласын 

бейнелеген  туындылар  дүниежүзілік  мәдениетпен  ұштасуға  ықпал 

жасады.  Оның  әр  алуан  бағыттарында  берік  жолын  тапқан 

шеберлердің тамаша тундылары шынайы ұлттық бояуға қанық.  

 

Халықтың  ұлттық  қолөнерінің  қара  шаңырағының  уығын 



көтеріп,  керегесін  кеңейтуге  үлес  қосқан  ұста,  шеберлеріміздің 

көркем  туындыларына  құрметпен  қарау  әр  азаматтың  парызы. 

Өйткені  олардың  қалдырған  әрбір  дүниелері  қазақ  үйінің  ішкі 

көрінісінің көркемдігі мен қажеттілігінің біртұтастығын құрайды.  

Ертеректе  шеберлер  ағаштан  жасалатын  үй  жиһаздары  мен 

ыдыс-аяқтардың  бөліктерін  көркемдеу  үшін  мал  сүйегін  кеңірек 

пайдаланған.  Үй  бұйымдарын  әсемдеуге  жылқы  мен  түйе  сүйектері 

ғана жараған. Оның өзінде, ең алдымен олардың жауырын сүйектері 



мен қабырғалары қолданылса, кейде әсемдеу үшін жіліктің ақ сүйегі 

іске асқан.   

 

Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы 



міндеттердіңең  бастысы  –  өзінің  ісін,  өнерін  жалғастыратын 

салауатты  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Жастарды  жан-жақты  қабілетті 

азамат  етіп  өсіруде,  халқымыздың  салт-дәстүрінде  тәрбиелеуде 

қолөнеріміздің қызметі аса зор. Қазақ елінің бағы да, бары да, құты 

мен  құдіреті  де  осында  жатыр  ғой.  Ұлттық  өнерімізді  сақтай  білу, 

ұрпақ  тағдырына  аялай  қарау,  қадірлеу,  қастерлеу  жас 

жеткіншектеріміздің өздеріне де байланысты.  

Халқымыз ғасырлар бойы өмірінің өткелдерінен өтіп қилы-қилы 

кезеңдерінде  бір  құлап,  бір  тұрумен  келе  жатса  да  кәсіпке,өнерге 

деген  құрметі  мен  тек  өзіне  ғана  тән  әдет-ғұрпын  сақтап  қалуға 

ұмтылып баққан.  

Барымызды бағалай білейік.  

 

 


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

Ақжігітова, Қ. 

 

Киіз басу өнері. Мәтін]:   [қазақтың киіз басу туралы] 



/Қ.Ақжігітова  //Түркістан .-2014.-№13.-4 б. 

 

Әбжанова,Н. 



 

Сырмақ сырып, киіз басу [Мәтін]:   [қазақтың сырмақ сырып, 

киіз басу туралы] /Н.Әбжанова  //Түркістан.-2014.- 31-наурыз. -7 б. 

 

Әбдіразақова,Б. 



 

Рухани құндылықтарды қалыптастыру ерекшіліктері[Мәтін]:   

[қазақтың ұлттық құндылықтары туралы] /Б.Әбдіразақова  //Дәстүр.-

2013.-


№4.-6-7 б. 

 

Байбатша, Ә. 



Қазақ  даласының  ежелгі  тарихы  [Мәтін]:[Қазақ  даласының 

тарихы туралы] /Ә.Байбатша.-Алматы:Санат, 1998.- 192 бет. 

 

Байбақов, К. 



Нұржанов, А. 

Ұлы  Жібек  жолы  және  ортағасырлық  Қазақстан  [Мәтін]:[Қазақ 

даласының  тарихы  туралы]  /К.  Байбақов,  А.Нұржанов.-Қазақстан,- 

1992. 


 

Бекешев,С. 

Қазақтың 

ою-өрнектері 

және 

олардың 


қолданылуы 

[Мәтін]:[Ежелден  қазақтың  үй  жиһаздарында  кең  таралған  ою-

өрнектерінің  келесі  бір  түрі-өсімдік  тектес  ою-өрнектер  туралы] 

/Бекешев С. //Қазақ тарихы.-2000.-№5.-44-45 б. 

 

Дәметұлы, Ұ. 



 

Қазақтың халқының тері бұйымдарын пайдалану дәстүрі  

[Мәтін]:   [Ежелгі қазақтың кәсібі былғары-тері илеу өнері туралы] 

/Ұ.Дәметұлы //Дәстүр.-2013.-№4.-28-29 б. 

 

Қарбалаева, Б. 



 

Ұлттық өнерді дәріптеген жас шебер  [Мәтін]:   [Сан ғасырлық 

тарихы бар керамикалық бұйымдар туралы] /Б.Қарбалаева //Дәстүр.-

2013.-


№4.-45 б. 

 

 



Қазақ шежіресі  [Мәтін]:   /Құрастырған Ж.Бейсенбайұлы/ .-

Атамұра-Қазақстан, 1994. 

 

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002, 717 б. 



 

 

Марғұлан, Ә. 



 

Ежелгі жыр, аңыздар  [Мәтін] /Ә.Марғұлан.- Жазушы, 1985. 

 

Мыңжан, Н. 



 

Қазақтың қысқаша тарихы  [Мәтін]: [Қазақтардың тарихы 

туралы]: /Н.Мыңжан //Жалын.-1994. 

 

Оразбаева,М. 



 

Ұлы халықтың ұлы өнері  [Мәтін]:   [Қазақ халықының 

қолөнерінен халық тұрмысында жиі қолданатыны өру, тігу, тоқу, 

мүсіндеу, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығы туралы] 

/М.Оразбаева //Түркістан.-2013.- 20 шілде.-5б. 

 

Төлендиева,А. 



 

Ер қаруы бес қаруы  [Мәтін]:   [қазақтың қару-жарағы туралы ] 

/А.Төлендиева //Түркістан.-2014.-№8. -4 бет. 

 

Хамитова,М. 



Қолөнер  шеберлері  Әлкей  жазбаларында    [Мәтін]:      [Әлкей 

Марғұланның  қазақтың  киіз  үйі,  зергерлік  бұйымдары  туралы] 

/М.Хамитова //Қазақ тарихы.-2005.-№6-68.-70 б. 

 

 



 

 

 



 

 

 



Document Outline

  • Қазақ халқының ежелгі кәсібі 1
  • Қазақ халқының ежелгі кәсібі 2
  • Қазақ халқының ежелгі кәсібі
  • Қазақ халқының ежелгі кәсібі 3
  • Қазақ халқының ежелгі кәсібі 4


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет