Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан



Pdf көрінісі
Дата12.12.2022
өлшемі413,07 Kb.
#56580



Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ
ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп,
қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың
материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің
заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып
қалыптасқан түрі болды.


Рухани мәдениеті: Қазақ
халқының ғасырлар бойы
жасаған рухани мәдениетінің
маңызды бір саласы - қазақ
шежіресі екені анық. Қазақтың
байырғы салт-дәстүрі бойынша
әрбір қазақ азаматы өзінің жеті
атасын білуге тиісті еді. Мұны
балаларына үйрету әрбір
атаның, отбасы тәрбиесінің
негізі болды. 


Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін
қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және
жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп
“шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген.
Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835),
Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б.


Материалдық
мәдениеті:Қазақтардың XVІІІ-XІX
ғасырлардағы материалдық
мәдениетінің күйі қоғамның
экономикалық даму деңгейімен
анықталды. Оның даму барысына
көшпелі қазақтар
экономикасының дамуындағы
басты фактор ретінде көшпелі
мал шаруашылығы әсер етті. Бұл
жағынан алғанда егіншілік, сауда-
саттық, көрші халықтардың
ықпалының маңыздылығы да аз
болған жоқ.


Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім
шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі
қолөнерінің - тоқымашылықтың, киіз
басудың, ағаш, металл, тері, сүйек және
мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды.
Тоқымашылықпен және киіз басумен
көбіне әйелдер айналысты, олар негізінен
алғанда үйге керек-жарақтардың
тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты
заттарын: кілемдер, алашалар,
шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі
басқұрлар, бау-шулар, текеметтер,
сырмақтар, аяққаптар және т.б
дайындады.


Сонымен, қорыта айтқанда, 1867-1868 жж. әкімшілік реформасы
Ресейдің қазақ жеріндегі саяси-әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық
үстемдігін нығайту болса, ал қоныс аударушы орыс шаруаларын жаңа
елдерде өзінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыра отырып,
қазақтардың рухани және мәдени дамуына ықпал жасау арқылы
оларды орыстандыру, шоқындыру негізінде империяның тұтастығын
күшейтуді көздеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет