Экономикалық әлеуметтану



Дата28.11.2023
өлшемі4,68 Mb.
#130726
Байланысты:
1070393.pptx

Экономикалық әлеуметтану

Экономикалық әлеуметтану-экономика саласы мен экономикалық қатынастардың әлеуметтік жағын зерттейтін ғылым. Экономикалық әлеуметтану дербес ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды. Өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адами факторлар да есептеледі. Экономикалық әлеуметтану экономиканы онда әрекет етуші топтардың белсенділігімен, олардың мүдделерімен,мінез-құлқымен және өзара әрекеттесуімен дамитын әлеуметтік процесс ретінде қарастырып, сипаттайды. Экономикалық әлеуметтанудың объектісі-қоғамның экономикалық саласы. Экономикалық әлеуметтанудың пәні: 1.Әлеуметтік құрылымның элементтері ретіндегі экономиканың әлеуметтік қатынастары, байланыстары мен құрылымы. 2. Қоғам мүшелерінің экономикалық әрекеттері мен экономикалық мінез-құлқы.

Экономика саласындағы әлеуметтанулық зерттеудің негізгі салалары: 1.Экономикалық институттардың эволюциясы. 2.Экономикалық және кәсіби стратификация мен мобильділік, экономикалық теңсіздік проблемалары. 3.Адамдардың әлеуметтік қатынастары мен экономикалық мінез-құлықтарының типтері. 4.Экономикалық сана мен ойлаудың элементтері. Мәселен, құндылықтар, стереотиптері, мінез-құлық модельдері. 5.Экономикалық ұйымдардың құрылымы. 6.Кәсіпкерлік пен бизнес формаларының әлеуметтануы. Әлеуметтік және мәдени факторлардың нақты бір қоғамның экономикасына әсер етуін зерттеу.

Экономикалық әлеуметтанудың міндеттері-экономикалық құбылыстар мен процестердің әлеуметтік интерпретациясы. Экономикалық әлеуметтанудың негізін қалаушылар: 1. Огюст Конт индустриалды қоғам теориясы мен өнеркәсіптің адам мен мәдениетке ықпал етуін зерттеуді дамытады. Өнеркәсіптің дамуы адамның өмір сүруін жақсартып қана қоймай, тұлғаны өзгертіп, әлеуметтік тәртіпті бұза да алады. 2.Карл Маркс жаттану терминін енгізді. Ондай адамдар өз табиғаты бойынша азат, қатынасқа және жасампаздыққа бейім деп санайды. Алайда, олар бұл қасиеттерден таптық қоғамда айырылады. 3.Герберт Спенсер назарын әлеуметтік даму мен әлеуметтік эволюциясы мәселелеріне аударды. 4. Фердинанд Теннис заманауи қоғам мен дәстүрлі қоғамды салыстырды. 5.Эмиль Дюркгейм шешуші рөлді жекеменшікке, бәсекеге, еркін кәсіпкерлікке емес, адамдардың ынтымақтастығы мен бірігуіне, әлеуметтік қатынастар мәдениетіне, әлеуметтік ұйымшылдыққа береді. 6. Макс Вебер дәстүрлі қоғамды капиталистік қоғамға қарсы қояды. Капитализм бұл-пайданың соңына ұдайы түсу мен еркін жұмыс күші нарығының тиімді ұйымдастырылуы.

Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары: 1.Жалпығылыми категориялар-құрылым,жүйе,қызмет, тұрақтылық, өзгергіштік, даму және т.б 2.Жалпы әлеуметтік категориялар-өзге әлеуметтік ғылымдардан алынған. Мәселен, экономикалық теориядан-нарық, өндіріс, тұтыну, бөлу, меншік, бәсеке, айырбас және т.б Философиядан-қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, заңдылықтар, мәдениет. Әлеуметтік психологиядан-ұжым, тұлға, мотивация, идентификация. Жалпы әлеуметтанудан-әлеуметтік қатынастар, топтар, ұйымдар, институттар, әлеуметтік құрылым және стратификация. 3.Арнайы категориялар-экономикалық әрекет, шаруашылық мотивация,экономикалық стратификация, экономикалық мүдделер, стереотиптер, келісімшарттық қатынастар.

Экономикалық жүйенің типтері: Дәстүрлі жүйе-барлық әрекеттер рулық дәстүрлерге сүйеніп, құндылықтар туыстық принциппен бөлінеді. Жоспарлы жүйе- әрекеттердің барлығы жоғарыда нұсқалып, құндылықтар жоспарлы түрде бөлінеді. Нарықтық жүйе-еркін бәсекеге, сұраныс пен ұсыныстарға негізделген жүйе. Аралас жүйе- нарық заңдарына сүйенетін, бірақ, мемлекеттік реттеуді қажет ететін жүйе. Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр-түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр-түрлі. Сондықтан, олар қоғамда әр-түрлі қызмет атқарады.

Экономикалық-әлеуметтік адамның моделі: Адам-тәуелсіз. Ол жеке қалаулары бойынша өз бетінше шешімдер қабылдай алады. Адам-менмен, эгоист. Ол тек өз мүддесін ойлап, өз пайдасын көбейтуге ұмтылады. Адам-рационалды. Ол қойған мақсатына ретімен жетеді,жету құралдарынесептеп алады. Адам-хабардар. Ол өз қажеттіліктерін және оларды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жолдарды да жақсы біледі, бәрінен хабары бар.

Назарыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет