Салтанатты іс шараның ашылу салтанаты



Дата16.08.2023
өлшемі26,44 Kb.
#105353
Байланысты:
zhuzden-zhuyrk-mynnan-tulpar


«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және спортшылар арасында достық қарым – қатынасты нығайту. Оқушылардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын нығайту.

  1. Салтанатты іс – шараның ашылу салтанаты

Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, ұстаздар, жанкүйерлер. Бүгінгі өткізілгелі отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жарысына қош келдіңіздер.
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз – дей келе қатысушы командаларды шақырамыз.
Спорт алаңына

  1. «ТҰЛПАР» тобы

  2. «СҰҢҚАР» тобы

  3. «ҚЫРАН» тобы ортаға шақырамыз.

Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныс болайық.
Ұйымдастыру кезеңі:
Саптағы жаттығулар бас , қол, бел, аяқ жаттығулары
Эстафеталық ойындар тізбегі бойынша таныстырып өтейін.

  1. Таныстыру (топтың аты, ұраны, төсбелгі, реферат)

  2. Кім жылдам? (Себетке доп тастау)

  3. Кім мықты? (Скалкалка жарысы)

  4. Кім күшті? (доптарды құлатпай алып жүру)

  5. Кім епті? (кенгурумен секіру)

  6. Мен күшті! (арқан тартыс)

  7. Мергендер сайысы

  8. Қапшықпен секіру

  9. Жалаушалармен жарыс

  10. «Жалғастыр» ойыны

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» жолдауында біздің болашақ балаларымыз салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатты біз бүгін «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық жарысын ұйымдастырып отырмыз. Олай болса кезеңдерге көшелік.
1 – тур «Таныстыру» кезеңі

  1. «ТҰЛПАР» тобы

Сәлемдесу: Асау тұлпар желдей ескен арыңды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

  1. «СҰҢҚАР» тобы

Сәлемдесу: Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па?
Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз

  1. «ҚЫРАН» тобы

Сәлемдесу: Қырандай жүректі, қайраттымыз,
Жігерімде білімді айбаттымыз
Ұраны: Қыран қалықтап самғайды,
Қыранның қанаты талмайды.
2 – тур Спорт біздің досымыз,
Күш қайрат сыналған.
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған, - деп Кім жылдам? (Себетке доп тастау) ойынына кезек береміз.
3 - тур Жүйрік болса кім
Күлімдейді күн,
Жарыста жүгір, алға ұш, - деп келесі турымыз Кім мықты? (Скалкалка жарысы)
4 – тур Жүгір, жүгір желмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып,
Нұрға сылан, Болып қыран,
Өс Ұлан – деп келесі кезек Кім күшті? (доптарды құлатпай қасықпен алып жүру)
5 – тур Гүлдер сыбырлар,
Күн нұрын күт.
Таза ауа жұт,
Бойыңа құт – деп келесі кезекті Кім епті? (кенгурумен секіру) ойынына береміз.
6 – тур Күш атасын танымас ,- деп Мен күшті! (арқан тартыс) ойынына кезек береміз.
7 – тур Келесі кезектегі ойынымыз «Мергендер» сайысы
8 – тур Келесі кезектегі ойын «Қапшықпен» секіру
9 – тур «Жалаушалармен жарыс» ойыны
10 – тур «Жалғастыр» ойыны допты бастан асырып беру, оны аяқтың арасымен домалату.
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз. Әділқазылардың бағасы, марапаттау, қорытынды сөзі.
Бүгін міне оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш – жігер, намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық, жарысымыз.
Құрметті сайысқа қатысушы балалар жүлделеріңіз құтты болсын. Тәуелсіздік тұғыры мықты болсын. Сайысқа қатысып ат салысқандарыңыз үшін көптен – көп рахмет.



Бекі бастауыш мектеп ММ



Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар


Эстафеталық сайыс
Орындаған: Г. М. Қайшыбаева


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет