Қазақ және орыс тілдеріндегі көптік және септік жалғаулары



Дата28.03.2022
өлшемі41,5 Kb.
#29085
Байланысты:
лекция 3



Қазақ және орыс тілдеріндегі көптік және септік жалғаулары

Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар. Қазақ тілінде зат есім сөздер өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады.

Орыс тілінде де лексика-семантикалық сипаттарына байланысты сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсуіне орай көптік, септік жалғауларын, тек категориясы жалғауларын қабылдайды.

Зат  есімдердің  жекеше,  көпше   түрлері

Екі тілде де зат есімдерге жекеше, көпше форма тән. Қазақ тілінде заттың біреу емес, көп екенін білдіру үшін, яғни көпше форманы көрсету үшін стандартты көптік жалғаулары (-лар-лер, -дар-дер, -тар-тер) қолданылады. Ал орыс тіліндегі қосымшалар біркелкі емес, яғни бір грамматикалық мағына әр түрлі грамматикалық формамен берілуі мүмкін. 



Септік    категориясы (Категория   падежа) 

Септік жалғамалы тілдер тобында да,  қопармалы тілдер тобында да маңызы зор грамматикалық категория болып табылады.

Қазақ тілінде 7 септік, орыс тілінде 6 септік бар. Қазак тілінде Жатыс, табыс септіктерінен басқа септіктердің бәрі септеулік шылаулармен қатар қолданылады. Ал орыс тілінде Атау септігінен басқа септіктердің барлығы септеулік шылаулармен бірге қолданылады

 Жай септеуде де, тәуелді септеуде де атау септігінің өзіне тән арнаулы косымшасы жоқ. Атау тұлғадағы сөз кім?, кімдер?, не?, нелер? деген сұрақтарға жауап береді де, жекеше, көпше және тәуелді түрде де қолданыла береді. Орыс тілінде Атау септік (Именительный падеж) негізгі тұлға ретінде қаралады да, кто?, что? деген сұрақтарға жауап береді. Тек (род) категориясына байланысты

Қазақ тілінде Ілік септік тәуелдеулі есім сөзбен байланысты болады: оқушымның қаламы, қаланың тұрғыны т.б.

Орыс тіліндегі Ілік септік есім сөзбен де, етістіктермен де байланысты болады. Мысалы: Мы не видели этого парня. Он выпил немножко молока.



Қазақ тілінде барыс септіктегі сөз етістікпен байланысып, іс-қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді.

Орыс тілінде Барыс септіктегі сөздер негізінен етістіктермен, ал кейде зат есімдермен де байланысады. Мысалы: Они в этом году оказали большую помощь родителям. Подойти к другу .

Қазақ тілінде Табыс септігіндегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш қызметін аткарады.

Орыс тілінде де Табыс септіктегі сөз тікелей етістікпен байланысып, сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Он написал сочинение. Они ведут переговоры.

Қазақ тілінде Шығыс септігі қимыл-әрекеттің шыққан орнын, мезгілін, мөлшерін тағы басқа әр түрлі мағыналарды білдіреді.



Қазақ тілінде Көмектес септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, бірлесу, ортақтасу сияқты қатынастарды және баска да түрлі мағыналарды білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет