Қазақ киносының қалыптасуы мен дамуы. Кеңестік қазақ кинорежиссерлері мен киноәртістері

Дата22.04.2023
өлшемі1,53 Mb.
#85753

Қазақ киносының қалыптасуы мен дамуы. Кеңестік қазақ кинорежиссерлері мен киноәртістері

  • Орындаған: Балғабай Толқын

Кеңес үкіметі дəуірінің кезеңі өтіп, жаңа қоғам орнаған тұста кино өнері саласында да жаңа нарықпен қосарлана келген көп жаңалықтың бірі — жеке шығармашылық кинобірлестіктердің құрыла бастауы. Бұл — ұлттық киноөндірісіміздің сапасы мен сандық деңгейіне тікелей əсер етті.

Ұлттық киноның жаңа толқыны:

1990 жж. тұсын ұлттық киномыздың əлемдік деңгейге көтерілген аса бір нəтижелі кезеңі ретінде жоғары бағалауға болады. Бұл жылдары «Жаңа толқын» режиссерларының фильмдерінің көпшілігі əлемдік деңгейдегі дəрежелі халықаралық кинофорумдар мен фестивальдарға қатыса бастады. Токио, Сан-Франциско, Турин, Стамбул, Париж, Бонн, София, Пекин, Вена, Брюссель, Будапешт, Карловы Вары, Москва жəне тағы басқа да бірқатар қалаларда қазақ киносының күндері өтті.

Киноиндустрияның дамуы:

1990 жж. тұсында жеке киностудиялардың саны шамамен 30-ға жетті. Бұл киностудиялар мен кинобірлестіктердің экономикалық мүмкіндіктері əзірге тек шағын бюджеттік авторлық фильмдер өндірісі төңірегінде ғана еді, сол себептен де осы жылдары экранға көптеп шығып жатқан фильмдердің біразы аз да болса мемлекет тарапынан да қосымша каржыландырылып отырды. Мемлекеттік қаражат жəне жеке киностудиялар бірлестігі нəтижесінде 1990 ж. 14 көркем туынды экранға шықты (12 фильм жеке киностудиялар үлесінде, ал 2 фильм мемлекет тарапынан қаржыландырылды). 1991 ж. көлемінде экранға 18 көркемсуретті фильм шыққан болса, оның тең жартысы жеке киностудиялардың үлесінде.

1991–1997 жж. тəуелсіздіктің алғашқы жылдары отандық кинематография үшін маңызды жылдар болды. Бұл ең алдымен посткеңестік комплекстер мен посттоталитарлық синдромдарды құрту кезеңі болды

1991–1997 жж. тəуелсіздіктің алғашқы жылдары отандық кинематография үшін маңызды жылдар болды. Бұл ең алдымен посткеңестік комплекстер мен посттоталитарлық синдромдарды құрту кезеңі болды

Бұл кезеңнің картиналарында кеңестік биліктің орнауы туралы шындық айтылған. Көп жылдар бойы ресми кеңестік идеология айтылмаған, ұжымдастыру кезеңіндегі, Ұлы Отан соғысы, сталиндік репрессия жылдарындағы барлық фактілер осы кезеңнің ең жақсы деген тақырыптарында көрініс тапқан.

Қазақ киноәртісі:

Өмірзақов Елубай 1899 жылы 31 қаңтарда Қостанай облысы, Таран ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1938 жылдан киноға түседі. Б.Майлин мен Ғ. Мүсіреповтың пьесасы бойынша түсірілген алғашқы “Амангелді” қазақ көркем фильмінде Амангелді Имановтың рөлін сомдады. Мәскеудегі Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысушы (1936-1958 ж.ж.).

Қазақ киноәртісі

Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.Шара Жиенқұлова театрда ғана емес, өз таңбасын кинода да қалдырған. 1938 жылы «Амангелді» фильмінде Балым рөлін сомдады. Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде қазақтың мың бұрылған бишісі өзін-өзі сомдады.

Бүгінгі таңда қазақ киносы аймақта көшбасшы. Тəуелсіздіктен кейінгі жылдарда киноны мемлекет қаржыландырды. Қазақстанда «Көшпенділер» атты үлкен жоба жасалынды. Мемлекеттік киностудия «Қазақфильммен» қатар, жеке меншік продюсерлік орталықтар жұмыс жасауда жəне онда ауқымды киноөнімдер («Тюльпан», «Рэкетир», «Айнур», «Монгол», «Ближний бой» т.б.) шығарылуда

Назарыңыз үшін рақмет!

Назарыңыз үшін рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет