Терминмен жұмыс. Көркем әдебиеттегі психологизм



бет1/4
Дата29.03.2023
өлшемі70,05 Kb.
#77208
  1   2   3   4
Байланысты:
aza-debieti-9-n ajtly-bjterek-pojemasy-mgilik-el-mgilik-mrat-didaktikaly-material-smagulova-r a


Терминмен жұмыс.
Көркем әдебиеттегі психологизм- көркем шығармада адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беру.
Қазақ әдебиетіндегі тырнақалды психологиялық роман – Ж. Аймауытовтың «Ақбілегі». «Ақбілектен» психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипатты – шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясының кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына талдау тәуелділігін бажайлауға болады.
Адамның жан дүниесін бейнелеу, психологизм, әрине, бір ғана жанрдың, психологиялық романның шеңберімен шектелмейді.
Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты – бүгінгі таңдағы әдебиеттану мен сында өте жиі сөз бола бастаған күрделі теориялық тәжірбиелік мәні мол мәселе. Әдебиеттің негізі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету – суреткердің негізгі міндеттерінің бірі.
Психологизм әр түрлі шамада эпос, драма, лирикаға бірдей тән. Ол әдеби материалдың мазмұнын құрай отырып, мазмұнды ашатын формалық шешімдерді де тауып береді.
Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Бұл ретте осы құбылыстың ішкі салалары есебінде даралау мен жинақтау, ұлттық, жалпыхалықтық, дерек пен қиялдап қосу, автор бейнесі, шығарманың заттық құрылымы іспетті түрлі мәселелердің өзара ықпал, әсері мен табиғи синтезін атау керек.
Олай болса, психологизм дегеніміз – шығарма кейіпкерінің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, жан дүниесінің «ішкі дауылы», сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. Бірақ әдеби психологизмнің бір ерекшелігі сонда, тіпті автор мен кейіпкердің ой-толғаныстары мен ой ағымдары, сана қақтығыстары қайшылыққа толы, қарама-қарсы көзқараста болса да, шығармадағы жүйелілік қайтсе де сақталады, бір жүйеден ауытқымайды.
“Ең біріншіден, психологизмнің бейнелеу тәсіліне /прием/ психологиялық талдау /психологический анализ/ мен өз-өзін талдау /самоанализ/ жатады. Психологиялық талдауда бейтарап /үшінші жақтан/ баяндаушы әңгімелесе, өзін-өзі талдауда көбіне бірінші жақтан баяндалады. Десек те, психологизмнің ең алдыңғы қатарда тұратын тәсілі – ішкі монолог. Жалпы шынайы көркем туындыға тән өмірлік шындықты көркемдік тұрғыдан нанымдылықпен бейнелеп, тануда, шығарманың эстетикалық әлемін айқындауда әдеби психологизмнің атқарар ролі зор”







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет